Науқасты көтермемен басқыш арқылы көтергенде, бірінші жүрген адам көтермені қолын төмен түсіріп көтереді, ал екінші адам иығымен көтереді. Төмен - түскенде бірінші адам иығында, екіншісі қолын төмен түсірген қалпында, аяқ жағын көтереді. Қалі ауыр науқасқа күтім жасау барысында ауыртпашылық және жауапкершіліктің барлығы мейірбикеге жүктеледі. Олар науқасты керуетке орналастырады, каталкамен алып жүру, науқасты кресло-каталкамен, носикамен тасымалдау, ал тасымалдау құралдары болмаған жағдайда қолмен тасымалдайды. Науқасты тасымалдау барысында оның қаіпсіздігіне көңіл бөлу керек және тасымалдау белгілі бір тәртіппен, ұқыптылықпен жүргізіледі.
Науқасты тасымалдаудың ерекшеліктері аурудың түріне және оны жоюдың сипатына байланысты болады. Мысалы,миына қан кеткен науқастарды зембілге арқасымен жатқызып салып тасымалдайды.Ессіз жатқан науқасты тасымалдағанда,құсқан кездегі құсығы тыныс алу жолдарына түспес үшін оны жанымен жатқызады.Жүрек қан-тамырлар жетіспеушілігі бар науқастарды қатты ентігуіне байланысты жартылай отырғызып тасымалдайды.Жедел миокард инфаркты бар науқастарды абайлап еппен тасымалдау қажет т.с.с. Бұл жағдайлардың барлығын медбике ескеріп, науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет. III. Қорытынды Назарларыңызға рахмет!!!