І. Кіріспе Қызылорда облысы, Қазалы ауданының климаты ІІ. Негізгі бөлім



бет3/3
Дата21.05.2020
өлшемі73,21 Kb.
#70273
1   2   3
Байланысты:
реферат
2018-19 жартыжылдық есеп кабинет 111, Лекция2.1 Интерактивті технологиялар каз2017, AByteofPythonRussian-2.01
Агротехникалық тәсіл. Күресудің агротехникалық тәсілі өсімдіктер мен зиянкестердің және сыртқы ортаның  өзара қарым-қатынастарына негізделген. Агротехникалық шаралардың әсерінен зиянкес организмнің өсіп-дамуы үшін қолайлы жағдай туады. 

Өсімдік қорғау тұрғысынан қарағанда агротехникалық шаралар ішінде өте маңызды рөл атқаратындарға ауыспалы егіс, топырақты өңдеу жүйесі, тыңайтқыштарды қолдану, арамшөптермен күресу егінді егу мен өнімді жинаудың тәсілі мен мерзімі жатады.  

Механикалық тәсіл. Күрестің механикалық тәсілі көп еңбек сіңіруді қажет етеді. Сондықтан қазіргі уақытта оны өсімдік шаруашылығының қарқынды салаларында, мысалы, жеміс шаруашылығында немесе күрес тәсілінің басқа түрлерін пайдалануға болмайтын жағдайда қолданады.  

Механикалық тәсілді пайдаланудың мына төмендегідей жолдары бар. Дақылды зиянкестер қорғау үшін әртекті механикалық бөгеттер жасалады.  



Физикалық тәсіл негізінен ауыл шаруашылық дақылдарының өнімдерін және олардан жасалған азық-түлік түрлерін зиянкестерден қорғау үшін қолданылады.  

Кейбір жағдайларда зиянкестермен зақымданған дәнді дезинфекциялау үшін оны электр тогының жоғарғы жиілігімен немесе басқа тәсілмен қыздырады.  



Өсімдік карантині- елдің өсімдік байлығына басқа мемлекеттен аса қауіпті карантинді зиянкестерден қорғауға бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесі, ал егер карантинді объектілер енген жағдайда оларды оқшаулап көзін жою. Карантинді объект деп ел террриториясында жоқ және аз таралған бірақ еніп кету қаупі бар өсімдіктерге және өсімдік өнімдеріне зиян келтіретін зиянкестерді айтады. 

Биологиялық күресу тәсілі. Зиянкестермен күресуде қолданылатын тірі организмдерге олардың табиғи жаулары, яғни зиянкестер мен кенелердің, нематодтар мен қарапайым жәндіктердің жыртқыш паразиттік тіршілік ететін түрлері мен ауру тудыратын бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар жатады.  

Мысалы, трипсілерге қарсы фитосейулюс маккензи кенесі қолданылады. Ол үшін бір өсімдікке шаққанда   15-60 кене жіберіледі. Бұл кене трипсілердің дернәсілдерімен  қоректенеді. 

            Химиялық  күрес шаралары. Бақша бітесінің экономикалық зияндылық шегі 5-10 % шоғырлар қоныстанғанда немесе жас өсімдіктерде 100-250 біте 1 өсімдікте табылса инсектицидтерді « Тізімге..» сәйкес клорид в.к. 2,0л/га ; нуприд 200к.с. 2,0 л/га; устад 10% э.к. 1,5-2,0 л/га; циракс  25% э.к. 0,64-0,8 л/га қолданады.  

Кәдімгі өрмекші кенемен күресу шаралары. Ерте көктемде (наурыз, сәуір айларында) өрмекші кенені жою үшін егістердің айналасындағы арам шөптерді (1 шаршы метр жерге келетін кененің саны 20 данадан асқанда) нитрофеннің 65% пастасымен (40-75 кг/га+1000л су) бүрку қажет.Кенелерге карсы екінші, үшінші және одан кейінгі жою шаралары кезінде мынадай препараттарды қолдануға болады: аполло, 50% с.к. (0,4-0,6л/ға), актеллик, 50%к.э.(0,3-1,5л/га), Би-58, 40%к.э. (1,5-2,5л/га), вертимек, 1,8% к.э. (0,3л/га), данитол, 10% к.э. (1,0-1,5л/га), золон, 35% к.э. (2,0-3,0л/га), неорон,50% к.э.(1,5- 2,0л/га). Жұмсалатын жұмыстық сұйықтықтың мөлшері 600 л/га.Жабық жерлерде өнімді жинап алғаннан кейін өсімдіктерді және сонымен қатар жылыжайдың ағаштан жасалған бөліктерін 40% формалин ерітіндісімен (2,5 л/га) және инсектоакарицидтердің біреуінің қоспасымен бүрку шараларын жүргізу қажет. Инсектоакарицидтердің төмендегі біреуін пайдалануға болады: актеллик, 50% к.э. (1,0-1,5 л/га), кельтан, 18% к.э. (2,0-4,0 л/га). Бұдан соң жылыжайды өсімдік қалдықтарынан ұқыпты тазалап, жоғарыда көрсетілген коспа ерітіндісімен екінші рет бүрку керек. Бұл бүркуді күкіртті (1 текше метрге 50 г мөлшеріндей) жақкан кезде бөлінетін күкіртті газбен түтіндету тәсілімен алмастыруға болады.Өрмекші кененің алғашқы ошақтары пайда болған кезде фитосейлюсті жіберу (50 зиянкеске 1 жыртқыш есебінен) немесе битоксибацилиннің ерітіндісін (15-20 кг) бүрку. Ал кененің кобеюі II балдық дәрежеге жеткенде мына препараттардың бірімен өндейді: актеллик, 50% к.э. (0,3-1,5л/га), кельтан, 18% к.э. (2,0- 4,0л/га), омайт, 30% с.ү. (2,5-3,0 кг/га), омайт, 57% к.э. (1,5- 2,0л/га), коллоидтық күкірт немесе күкірттің 80% с.ү. (2-4 кг/га). 

Темекі трипсіне қарсы абалон, 1,8% к.э. 0,4 л/га; актеллик  500 к.э.1,0 л/га; алпак 10% м.в.с.к. 0,2 л/га; бестселлер 10% к.э. 0,1л/га; данитол 10 % к.э1,0-1,5 л/га; децис 2,5% к.э. 0,4л/га, т.б. препараттарды қолданамыз.  

Қауын шыбынына қарсы кардинал  к.э.0,5-0,7л/га; комбат 550, к.э.0,5-0,7л/га; кораген , к.с.0,5-0,7 л/га; нурелл Д, к.э.0,58-0,7 л/га ; принекс супер, к.э.0,7л/га  т.б. препараттарды қолданамыз.  

 

 

 



 

 

 



 

 


Қорытынды  

 

Дақылдардың зақымдану сипаты, оның салдарынан шығынның мөлшері тек қана өсімдіктің зиянкестік әрекетіне байланысты емес, сонымен қатар сорт ерекшелігіне, агротехника дәрежесіне, егіннің орналасу тәртібіне және тағы басқа шараларға сәйкес өсімдіктің зиянкеске төзімділігіне байланысты  болады.  



Ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянды жәндіктерден ойдағыдай қорғаудың негізгі шарты-оларды бір бірінен ажырата білу. Одан кейін олардың тіршілік әрекеттерін, яғни биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін жете білу қажет. Сонда ғана зиянкестерге қарсы күрес шараларын дер кезінде тиімді ұйымдастыруға  мүмкіндік туады.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Пайдаланылған әдебиеттер 



 

  1. Ә.Т.Тілменбаев, Г.Ә. Жармұхамедова “Энтомология” ,Қайнар 1994 ж 




  1. www.google.kz 




  1. Н. Ашықбаев, Б. Дүйсембеков, А. Ағыбаев, Р. Қарбозова “Өсімдік қорғау”

 

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет