Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметпен
Ән маржанын шашайық-демекші
Тойларыныз құтты болсын аналар !
Ал сахна төріне өзінің асыл әжесіне «Асыл әжем» әнін Арайлым орындайды. Қабыл алыңыздар !
Елді жиып жер көктен
Тебірентіп тербеткен
Өлең жырды өрлеткен
әнші болғым келеді – дей отырып, Жанар әнін аналарыызға арнады.
Көйлек киген қына бел
Толған ою – орнекке
Білесін деп сұрайды ел
Өнерлерін көрмекке – дей отырып, қазақша би. «Ханшайым».
Орындайтын Айдана қызымыз.
Анам менің ақ анам
Гүлді маған батпаған
Жырды маған жаттаған
Жұрттың бәрі мақтаған
Ән: «Асыл анам»
Шалқып тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Үкілі қыздарды құтықтап
Әндетемін кәне мен – деп, сыныбымыздың жігіттері қыздарға сыйлықтарын ұсынады.
Бауырсақ маған жегізген
Жая десем, жая жеғізген
Шекер десем бал берген
Аяулы анам аман бол! – дегендей, аналарымыздың алақандары әрқашан бізге дем беріп отырады.
Кезекті «Аялы алақаны анамның» деген ойынға берсек.
Ойынның шарттары : балалардың көздерін байлап, аналарды табуға ұсынамыз. Тек қана алақанын ұстап әр бала өз анасын табуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |