Есте сақта!
Қызметі жөнінен бағыныстылықтәртібіне байланыссыз мынадай әскери қызметшілер әскери атағы бойынша бастықтар болып табылады:
Армия генералдары - барлық әскери қызметкерлер үшін,
Генерал-полковниктер, адмиралдар - барлық аға және кіші офицерлер, сержанттар (старшиналар), солдаттар (матростар) үшін;
генерал-лейтенанттар, вице-адмиралдар, генерал-майорлар, контр-адмиралдар, полковниктер, I дәрежелі капитандар - барлық кіші офицерлер, сержанттар (старши- налар) солдаттар (матростар) үшін;
офицерлер - сержанттар (старшиналар), солдаттар (матростар) үшін;
сержанттар (старшиналар) - сол әскери бөлімдегі солдаттар мен матростар үшін.
Бір-біріне бағынбайтын әскери кызметшілер міндеттерін бірлесе орындаған кезде, олардың қызметтік өзара карым-қатынасын командир (бастық) айқындамаған болса, олардың лауазымы бойынша жоғары түрғаны, ал лауазымдары бірдей болған ретте әскери атағы бойынша аға шендісі бастық болып табылады.
Әскери кызметшілердің әскери әдептілігі мен мінез-құлқы
Әскери қызметшілер әрдайым жоғары мәдениеттің, қарапайымдылық пен үстамдылыктың үлгісі болуға, өзінін. қадір-қасиетін корғауға және басқалардың қадір-қасиетін қүрметтеуге тиіс. Олар өз мінез-құлқына карап, тек өздері туралы ғана емес, тұтас алғанда, Қарулы Күштердің ар-абыройы туралы пікір айтылатынын есте үстауы тиіс.
Есте сақта!
Әскери қызметшілердің арасындағы қарым-қатынас өзара сыйластық негізіңде құрылады.
Қызмет мәселелері бойынша олар бір-біріне «сіз» деп тіл қатуға тиіс. Өзара жеке тіл қатысу кезінде әскери атақ, әскерлердің түрі немесе кызметі көрсетілмей аталады.
Бастықтар мен аға шенділер қызмет бойынша бағыныстылар мен кіші шенділерге тіл қатқанда, оларды әскери атағы мен әскер түрі бойынша немесе атағы бойынша ғана айтады. Мысалы: «Қатардагы Омаров (Омарова)», «Қатардагы сарбаз», «Сержант Калиев (Қалиева)», «Сержант» т.б.
35
‘Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на ОКЬЬУК.К^
Бағыныстылар мен кіші шендегілер қызмет бабымен бастықтар мен аға шендіге тіл қатқан кезде оларды атағының соңына «мырза» деген сөзді қосып, әскери атағы бойынша атайды. Мысалы: «Бірінші сыныпты сержант мырза».
Әскери оқу орындарының әскери атақтары жоқ сержанттық құрамын, курсанттарын (тыңдаушыларын), сондай-ак оку-әскерп бөлімдерінің (бөлімшелерінің) курсанттарын, оларға тіл қатқан кезде тегін қосып, «курсант» деп немесе «курсант мырза» деп атау керек.
Бастықтар мен старшиналарға жүгіну
Өздеріне бастық немесе аға шенді тіл қатқан кезде, әскери қыз- метшілер, сырқаттарды қоспағанда, саптағыдай тіктеліп, өздерін таныс- тырады: лауазымын, әскери атағы мен тегін атайды. Қол алысқан кезде аға шендегісі қолын бірінші болып береді. Егер аға шенді қолғапсыз болса, кіші шенді қол алысу алдында оң қолынан қолғабын шешеді. Баскиімсіз әскери қызметшілер қол алысумен коса басын жеңіл иеді.
Әскери қызметшілер саптан тыс бір-біріне тек әскери атағы бойынша ғана емес, аты мен әкесінің аты бойынша да тіл қатыса алады. Жоғары шенді командир (бастык) жанында түрғанда жауынгерлер бір-бірімен тек рүқсат сүрау арқылы сөйлеседі. Мысалы: «Лейтенант мырза, қатардағы жауынгер Абдуллинмен сөйлесуге рүқсат етіңіз».
Әскери қызметшілер бейбіт тұрғындармен, әсіресе қарт адамдар, әйелдер және балалармен сөйлескенде мейлінше сыпайы болғаны аб- зал. Сондай-ақ ол табиғи және техногенді апаттар, өрт т.б. қайғылы оқиғалар кезінде бейбіт тұрғындарға көмек беруге міндетті.
Әскери атактарды бүрмалау, әдепсіз сөздерді, лақап және мазақ ат- тарды қолдану, дөрекі және жүрдім-бардым сөйлесу әскери ар-намыс пен әскери қызметшілердің қадір-қасиеті үғымына сай келмейді.
Бұйрық, оны беру және орындау тәртібі
Достарыңызбен бөлісу: |