§27. ТЕРРОРЛЫҚ ҚАУІП-ҚАТЕР КЕЗІНДЕГІ
ТҮРҒЫНДАРДЫҢ ҚАУШСІЗДІГІ
БүгІнгІ сабақта: терроризм және тер-
рорлық акттуралы ұғым-
дарыңды кеңейтесіңдер;
террорлық қауіптің
деңгейлерімен таныса-
сыңдар;
террорлық акт кезіндегі
сақтық шараларын үйре-
несіңдер.
ТІрек сездер:
терроризм;
террорлық акт;
террорлық қауіптің
деңгейі.
Соңғы жылдары қүқыктық органдардың
жүмыс бағытының бірі ішкі және халық-
аралық терроризм болып табылатын жаңа
кертартпа күшпен күреске айналды.
Терроризм латынның «іегга» деген сөзінен
шыққан, қорқыныш, зэресі ціиу деген
мағынаны береді.
Шын мәнінде, ол кез келген көрінісінде ал-
дымен қорқытуға, одан кейін өзінің кылмыс-
тык әрекетін жүзеге асыруға бағытталған.
«Терроризмге қарсы күрес туралы»
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы
13 шілдедегі Заңы республикадағы терро-
ризмге қарсы күрестің қүқықтық және
ұйымдастырушылық негіздерін, меншік
түрлеріне қарамастан мемлекеттік органдар
мен үйымдардың қызмет тәртібін, сондай-ақ
азаматтардың терроризмге қарсы күресті жүзеге асыруға байланысты құқықтарын, міндеттері мен кепілдіктерін белгілейді.
Терроризм -мемлекеттің қауіпсіздігін бүзу, мемлекеттік орган- дардың қабылдайтын шешімдеріне эсер ету және басқа да террористік мақсаттарға жету үшін жасалатын құқыққа қарсы, қылмыстык жа- заланатын жүмыс.
Терроризм актісі -терроризм мақсатына жету жолында адамдардың қаза болу қаупіне әкелетіндей өз бетінше кастандық, жарылыс жасау, өрт кою, елеулі зиян келтіру немесе қоғамға қауіпті зардаптар туын- дататын өзге де іс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту.
Террорлық актілер бойынша қауіп-қатер төнген
және террор болған кездегі адамзаттардың атқаратын әрекеттері Жарылыс қцрылгысына цқсас зат айқындалган кездегі іс-эрекеттер:
жақындамау, тиіспеу, орнынан қозғамау;
радиобайланыс қүралдарын пайдаланбау;
заттың табылған уақыты мен орнын тіркеу;
заттың табылғаны туралы қүқық қорғау орындарына, ТЖ орган- дарына дереу хабарлау;
мамандар келіп жеткенше күдікті затқа бақылау жүргізу және қауіпті аймақты күзетуді қамтамасыз ету;
жарылғыш құрылғыға үқсас заттың сыртқы түрін сипаттауға дайын болу;
170
‘Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на ОКЬЬУК.К^
- бұдан әрі құқық қорғау органдары өкілдерінің нұсқауы бойынша
әрекет ету;
қауіпті аймаққа жапсарлас аумакта орналасқан адамдарды эвакуа- циялауды үйымдастыруға көмектесу;
күдікті зат орналасқан жерді көрсету, оның анықталған уақыты мен мән-жайларын баяндау;
объект кызметкерін бөгде түлғалардан сақтауға қандай да бір бүйымдар мен заттар қабылдауға жол бермеу туралы нұсқама беру.
Телефон арқылы қоқан-лоқы жасалган кездегі іс-эрекеттер:
келіп түскен әрбір телефон қоңырауына ден қою;
телефон арқылы алынған ақпаратты ұйым басшысына және қүкық қорғау органдарына дереу хабарлауды қамтамасыз ету;
қажет болған кезде адамдарды эвакуация жоспарына сәйкес эва-
куациялау;
оперативті-тергеу тобының, кинологтар мен басқалардың бөгетсіз жүмыс істеуін қамтамасыз ету.