І-кл технологиялық дайындық



бет119/131
Дата24.10.2023
өлшемі4,29 Mb.
#188032
түріУчебники
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   131
Байланысты:
АӘжәнеТД 10кл 1-бөлім қаз

ТІрек сездер:


  • күйік;

  • қан кету;

  • жаралану;

  • алғашқы медициналық
    көмек.


Тері жабындарының, шырышты қабықтың,
кейде терең тін қабатынын, бұзылуымен,
ауырсынуымен, қан кетумен және жарақат
орнының үңіреюімен (ойық жарақат) сипат-
талатын зақымдану жаралану деп аталады.
Қан кету жаралану кезінде бұзылған қан
тамырларының саны мен сипатына байланыс-
ты болады. Неғұрлым қарқынды қан кету ірі
артериялық тамырлар зақымданғанда орын
алады.
Ойык жарақаттар көлемімен, терендігімен.
терінің созылғыш талшықтарының бүзы-
луымен анықталады. Жараның көгеру дәре-
жесі тіндердің сипатына да байланысты. Те-
рінің созылғыш талшықтарының бағытына
кері орналасқан жарақаттар олармен бағыттас
жарақаттардан көлемдігімен ерекшеленеді.
Тіндердің закымдану сипатына қарай


жарақаттар ок тиюден, кесуден, шаншудан, шабудан, соғылудан, мыжылудан, езілуден, тістеуден, т.б. болуы мүмкін.
Ок тию жарақаттары оқтан немесе жарықшақтан жаралану нәтижесінде пайда болады, сондай-ақ кірген және шыққан тесіктері бар өтпелі; оқ немесе жарықшақ тіндерде түрып қалатын бітеу; оқ немесе жарықшақ жанамалай сырып өтетін жарақат болуы мүмкін. Бейбіт уақытга аңшылық кезіндегі кездейсоқ атудың, қаруды абайсыз пайдаланудың, сирек жағдайда қылмыстық іс-әрекеттің нәтижесі болып табылатын бытыралық


180


‘Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Все учебники Казахстана на ОКЬЬУК.К^


жаралану жиі кездеседі. Жақын қашықтықтан жасалған бытыралық жаралану кезінде үлкен жырымдалған жарақат түзіледі.
Кесілген жаракаттар - өткір кескіш қарудың (пышақ, әйнек, металл жаңқасы) эсер етуінің нәтижесі. Бүл жарақаттардың шеті тегіс, аймағы шағын болады, бірақ қан көп кетеді.
Түйрелген немесе үшкір затпен шаншылған жарақаттар - шаншитын қарумен (найза, біз, ине және басқалар) жасалады. Тері мен шырышты қабықшаның зақымданған аймағы шағын болса да, олар айтарлықтай терең және ішкі органдардың зақымдануы, оларға жұқпаның ену мүмкіндігіне байланысты үлкен қауіп төндіреді. Кеудедегі өтпелі жаракаттар кезінде кеуде қуысының ішкі органдарының зақымдануы мүмкін, бүл жүрек кызметінің бүзылуына, ауыз және мұрын қуысы арқылы қан түкіруге және қан кетуге әкеледі. Іштегі өтпелі жарақаттар ішкі органдардьщ: бауыр, асқазан, ішектің. бүйректердің және басқаларының зақымдануымен және зақымдануынсыз; олардың іштен сыртқа шығуымен немесе шықпауымен сипатталуы мүмкін. Зардап шегушілердің өмірі үшін көкірек куысының ішкі органдары мен іштің бір мезгілде зақымдануы ерекше қауіпті болады.
Шабылған жарақаттар ауыр өткір заттармен (қылыш, балта, т.б.) жасалады. Олардың тереңдігі бірдей болмайды және жүмсақ тіндердің мыжылуымен, соғылуымен қатар жүреді.
Соғылған, мыжылған жарақаттар доғал заттардың эсер етуінің салдары болып табылады. Олар тегіс емес шеттерімен және елеулі көлемдегі қан сіңген және жансызданған тіндермен сипатталады. Мұндай зақымдану орындары жұқпалардың дамуы үшін қолайлы жағдай тудырады.
Тістеуден болған жарақаттарды көбінесе иттер, сирек жағдайларда жануарлар туындатады. Жаракаттар бүрыс формалы жануарлар сілекейімен ластанған болады. Бүл жаралар жүқпаның дамуымен күрделене түседі. Әсіресе, қүтырған жануарлар тістегеннен кейінгі жарақаттар қауіпті.
Жаракаттар сыртқы немесе ішкі болуы және өз кезегінде бас сүйек қуысына, кеуде қуысына, қүрсақка жетпейтін беткі не өтпелі сипатта болуы мүмкін. Әсіресе өтпелі жаракаттар ерекше қауіпті.
Алғашқыда барлык жарақаттар жүқпа туындатуға белсенді болады. Жараға микробтар жарақаттаушы затпен, топыракпен, киіммен, ауа- мен, сондай-ақ жараға кол тигізумен түседі. Бүл ретте жараға түскен микробтар іріңдеу туындатуы мүмкін. Жаралардың асқынуының алдын алу шарасы оған микроб түсуден сақтандыратын асептикалық таңғышты неғүрлым ертерек таңу болып табылады.
Жаралардың баска бір қауіпті асқынуы олардың сіреспе коздыр- ғышымен зақымдануынан туындайды. Сондықтан ластанумен катар жүретін барлык жаракаттануларда оның алдын алу максатымен


181


‘Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Все учебники Казахстана на ОКЬЬУК.К^


жараланған адамға сіреспеге қарсы тазартылған анатоксин немесе сіреспеге қарсы сарысу егеді.
Жаракаттардың көпшілігі зардап шегупіінің өмірі үшін қауіпті қан кетумен қатар жүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет