Әскери қауіпсіздік - адам мен азаматтың.. қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің әскери күшті қолданумен немесе оны қолдану ниетімен және ішкі қатерлерден қорғалғандығының жай-күйі.
Қазақстан Республикасы Президентінің басшылығымен, үжымдық қауіпсіздікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағыт- талған шаралар жүйесі жүзеге асырылып, баска мемлекеттермен өзара тиімді бейбіт, достық және ынтымақтастық саясатын жүргізумен бірге үздік қызмет атқарып келе жатқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түріндегі өзінің қорғаныс жүйесін қүру мен оны жетілдіруді көздейді. Өзінің мақсаты мен мазмұны жағынан агрессияға тек Қарулы Күштер ғана қарсы түра а лады.
Қазіргі кезде Қарулы Күштердің күш-қуатын арттыруға бағытталған үлкен жүмыстар атқарылуда. Бүл ретте біздің еліміз өз қауіпсіздігі мүдделерін, ұжымдык қауіпсіздік туралы шарт үйымы (¥ҚШ¥) шеңберіндегі достас мемлекеттердің қорғаныстық мүдделерін, бірыңғай әскери стратегиялық кеңістікті сақтау және дамыту кажеттілігін басшылыққа алады.
Конституцияда көрсетілгендей, республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының түтастығын, қол сүғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.
Есте сақта!
«Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Заңда Қорғаныс мақсаттарында Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери міндеті, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңдарымен көзделген міндеттердің өзге детүрлерінің белгіленетіні көрсетілген.
Заңға сәйкес, барлық мемлекеттік үкімет органдары мен басқармалар кол астындағы барлық кәсіпорындардың, мекемелердің, үйымдардың, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мен азаматтардың Қазақстан Респуб- ликасының қорғанысы туралы заңдылықтарын орындауына жауап береді. Республика азаматтары өз мемлекетінің мүддесін сақтауға, оның қуатын нығайтуға, Отанды қорғау үшін өзін дайындауға және Қазақстан Республикасы заңдылықтарында қарастырылған қорғаныс мақсатындағы басқа да міндеттерді орындауға міндетті. Республпкадағы
7
‘Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на ОКЬЬУК.К^
әскери кызмет атқарудан бас тартқан азаматтар заң бойынша жауап- кершілікке тартылады. Осылайша, Қазақстан Республикасының корғанысы - бүл әскери қауіпсіздікті, егемендікті қарулы корғауды, аумақтық біртүтастық пен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік ше- гарасына қолсұғылмаушылықты қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асыратын саяси, әскери, экономикалық акпараттық, мемлекеттік іс- шаралар жүйесі.
Қазақстан Республикасының конституциялық қүрылымының негіздері Констптуцияда көрсетілгендей, Казақстанның демократиялық, құқықтық, зайырлы және біртүтас мемлекет болуынан көрінеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік біртұтастығының кепілі - КР Конституциясы. Казақстанның егемендігі оның бүкіл аумағына тараған және оның заңдары бүкіл республика үшін міндетті. Қазақстан Республикасы өз аумағының біртүтастығын, бөлінбеуін және оған кол сүғылмауын камтамасыз етеді. Өзінің бүл міндетін Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет ретінде Шегара қызметі және бүтіндей Қарулы Күштердің көмегімен жүзеге асыруға қүқылы.
Қазақстан Қарулы Күштері, олардың
құрамы мен тағайындалуы
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері, Әскери-теңіз күштері, сондай-ақ Үлттық қауіпсіздік Комитетінің Шегара кызметі мен Үлттык Үлан кіреді.