І-кл технологиялық дайындық



бет14/131
Дата24.10.2023
өлшемі4,29 Mb.
#188032
түріУчебники
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   131
Байланысты:
АӘжәнеТД 10кл 1-бөлім қаз

Есте сақта!


Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заңы «терроризм» түсінігін «халықты үрейлендіру үшін жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану немесе өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау, түрлі қорқыту жолдарымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына эсер ету практикасы» деп қарастырады.
Бұл ретте терроризм түсінігі лат. Іеггог - үрей, қорқыныш мынадай маңызға ие болады:

Сонымен, терроризм дегеніміз - саяси қарсыластарды күш қолдану құралдарымен қорқытып-үркіту, қысым көрсету, басып-жаныштау саясаты.
Қазіргі кездегі террорлық катерлердің өсу себептері
Бүгінде террорлық актілер әртүрлі елдерде жасалады. Алдағы уақытта қандай да бір елде террорлық қатерлердің туындамайтынын растауға негіздемелер жоқ.


20


‘Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Все учебники Казахстана на ОКЬЬУК.К^


Мамандардың зерттеу нөтижелерін жене БАК мәліметтерін талдау бізге қазіргі уақытта террорлық қауіп-қатерлердің өсу себептерін түжырымдауға кейбір негіздемелер береді. Біздің көзқарасымыз бойын- ша, террорлық қауіп-катерлер туындауының негізгі себептері мыналар болып табылады:

  • біріншіден, бүл белгілі бір аймақтарда болып жатқан әскери-саяси процестер мен олардың ықпалы. Терроризм қауіп-қатерлерінің өсуінің себептерін қарастыра отырып, терроризм идеологияларының фактор- ларын есепке алмауға болмайды. Мысалы:

  • қоғамды «өзіміз» және «бөтендер» деп топтарға белу. Бүл құқықтық тұрғыдан гуманпзмге қарсы идеология болып табылады;

  • адам табпгаты, қоғам мен тұтастай алғанда мемлекеттің даму заңдары туралы қарадүрсін, өмір шындығынан алыс түсінік;

  • қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік-саясп өмірінің орын алған шындығын бағалаудағы қарама-кайшылықтар. Бұл қиялдағы мұрат пен шындықтьщ арасында кақтығыстың орнауы нәтижесі ретінде болады.

Бүл идеологиялық факторлар террористік қатер төндірулердің өсу себептерінің негізінде болады. Экстремистер мен лаңкестердің ойларындағы бүрмаланған идеологиялық бағдарлама, әдетте, іс- әрекетке бастайтын «іске қосу» болып табылады;

  • екіншіден, социум мүдделері мен халыктың негізгі бүқарасына қатысты өзінің ерекше жағдайын бекітетін террористік топтар мен үйымдар мүдделерінің арасындағы жанжалды шешу әрекеті;

  • үшіншіден, жоғарыда аталған тармақтардың салдары ретінде террорлық қауіп-қатерлер өсуінің себептері жекелеген террористік актілерді жүзеге асырудан көлемді акцпяларға көшумен байланысты.

Терроризм үнемі билік органдарының өкілдері мен бейбіт азамат- тарды өлтіруге және қастандық жасауға бара бермейді. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат қүралдары да белсенді пайдаланылады, адамдарға психологиялық ыкпал ету әдістері қолданылады. Сонымен қатар адам- дарды жаппай үрейлендіріп, олардың көңіл күйін заңды үкіметке қарсы арандату мақсатында пайдалануы мүмкін.
Терроршылар заңды билікпен күресті осылайша күш көрсету әдістері арқылы жүргізеді. Мемлекеттік органдардың белгілі бір саяси шешімдер қабылдауына ықпал етуге әрекеттенеді.
Қазіргі уакытта ішкі саяси жағдайы түрақсыз елдер ғана емес, сондай-ақ ішкі қауіпсіздік жүйесі дамыған, дүниежүзілік қауым- дастықтағы экономикалық және әлеуметтік жағынан өркендеген елдер де террористік катерге үшырайтынын атап өту керек. Мысалы, АҚШ, Франция, Үлыбритания, Ресей, Түркия және басқа да елдерге террор­шылар шабуыл жасады.
Осылайша үлттық қауіпсіздікке қатер ретінде экстремизм жене тер­роризм мәселелерін талдау бұл қүбылыстың ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді:


21


‘Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Все учебники Казахстана на ОКЬЬУК.К^


бірініиіден, экстремизм егер мемлекетте әлеуметтік-саяси сипаттағы шешілмеген мәселелер бар болған жағдайда көрініс табады;
екіншіден, қазіргі кезде жасалған террорлық актілерге талдау жасау терроршылардың шабуылдауы үшін объектілерді ерекше мүқияттылықпен таңдайтынын көрсетеді, бүл, әдетте, адамдар көп болатын жерлер, жүріс-түрысы көп көшелер, дәмханалар, көпірлер, жағажайлар, метро, мүражайлар және т.б. болады.
Адамдар көп жиналатын орындар мен мәдениет объектілерінің саналуандығы адамдардың қауіпсіздік мәселелерін іс жүзінде шешуді айтарлықтай қиындатады. Сондықтан билік орындары күштік ведомстволардың арнаулы бөлімшелерін терроризммен күресуге арналған заманауи қүралдармен жарақтандырады;
ціиіншіден, экстремизм және терроризммен күресте бәрін қамтушы сипат болуы тиіс. Экстремизммен және терроризммен тиімді күресу бүкіл халықаралық қауымдастықтьщ күш-жігерін біріктіргенде ғана мүмкін болады.





  1. Экстремизм мен терроризм түсінігінің мәнін түсіндіріңдер.

  2. Экстремистік қызметтін субъектісі кім болып табылады?

  3. Сендерге экстремизмнің қандай бағыттары белгілі? Олар туралы әңгі- мелеңдер.

  4. Қазақстан Республикасының «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңы экстремизм түсінігіне қандай анықтама береді?

  5. Экстремизм мен терроризмнің сипатты белгілерін атаңдар.

  6. Қалай ойлайсындар. заманауи дүниедегі террорлық қауіп-қатерлердің өсу себептері қандай?

  7. «Отаның тыныш - сен тыныш» деген тақырыпта өз ойынды білдір.


‘Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Все учебники Казахстана на ОКЬЬУК.К^


  1. тарау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет