Ішкі кызмет жарғысы әртүрлі санаттағы әскери қызметіпілердің жал- пы және лауазымдық қызмет міндеттерін, бастықтар мен бағыныстылар арасындағы қарым-қатынасты, бүйрық беру мен орындалу тәртібін, әскери сыпайылық ережелері мен жеке кұрамның мінез-күлқын, яғни әскери қызметкерлердің негізгі ішкі тәртіп ережелерін анықтайды.
Тәртіптік жарғыда әскери тәртіптің мәні, жауынгерлердің міндеттері мен әскердегі белгіленген оның негізгі талаптары, реті, көтермелеулер мен сөгіс жариялаудың түрлері, бастыктар мен командирлердің тәртіптік қүқықтары баяндалады.
Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысында гарнизондық және қарауылдық қызметті тағайындау мен ұйымдастыру мәселелері белгіленеді. Жарғыда гарнизондағы лауазымды адамдардың және карауылдық қызмет атқарушы әскери қызметшілердің міндеттері мен құқықтары, әскердің қатысуымен гарнизондық және басқа да шара- ларды өткізу тәртібі айқындалады.
25
‘Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на ОКЬЬУК.К^
Саптық жарғы әскөри қызметшілердің және бөлімшелердің саптық тәсілдерді орындау ережелері мен тәртібін, саптық байқау өткізу ретін, сап алдында Жауынгерлік Туды алып жүру ережелерін, сап алдындағы әскери кызметшілердің міндетін, сондай-ақ ұрыс алаңында жылжи білу жолдарын баяндайды.
Сарбаздардың жауынгерлік іс-әрекеті мен қызметі, оқуы және өмірі- нің барлық жақтары жарғылармен, командирлер және бастықтардың бүйрықтарымен белгіленеді. Жарғылар олардың өмірі мен қызметіне айрықша нақтылық пен үйлесімділік енгізеді, әскери қызметпплер бойында қажетті дағдылар мен әдеттерді қалыптастыруға ықпал етеді, олардың ерік-жігері мен мінезін шынықтырады, ішкі тәртіптілікті калыптастырады.
Есге сақта!
Жарғы талаптарын барлық сарбаздар қай жерде болса да, мысалы, сапта немесе саптан тыс, бөлімше, бөлім аумағынынан тыс жерлерде болсын орындауға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |