Сабақ өткізуге дайындығы. «Саптық тәсілдер және қарусыз қозғалыс жасау»



бет1/2
Дата18.10.2023
өлшемі0,62 Mb.
#186468
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Саптық дайындық Т-2,сабақ-1


2-тақырып. Взводпен саптық дайындық бойынша сабақты ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.
1 сабақ. Взводпен саптық дайындық бойынша сабақты ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.
Сабақтың сұрақтары:
1. Взвод командирінің сабақ өткізуге дайындығы.
2. «Саптық тәсілдер және қарусыз қозғалыс жасау» тақырыбы бойынша саптық дайындықтан сабақ өткізу тәжірибесі:
1). Әскери сәлемдесуді қарусыз орнында тұрып және қозғалыста орындау.
2). Саптан шығу және сапқа қайта тұру. Бастыққа келу және одан кету.


1 оқу сұрағы. Взвод командирінің сабақ өткізуге дайындығы.
Саптық жарғы әскери қызметшілердің және бөлімшелердің саптық тәсілдерді орындау ережелері мен тәртібін, саптық байқау өткізу ретін, сап алдындағы әскери қызметшілердің міндетін, сондай-ақ ұрыс алаңында жылжи білу жолдарын баяндайды.
Саптық дайындықты оқыту әдістемесі қарусыз және қарумен саптық тәсілдер мен қозғалыстарды; бөлімшелер мен әскери бөлімдердің жаяу тәртіптегі және машиналардағы саптарын; әскери сәлемдесуді орындау, саптық байқау өткізу тәртібін; әскери бөлімнің Жауынгерлік Туының саптағы жағдайын, оны шығару мен әкету тәртібін; әскери қызметшілердің сапқа тұру алдындағы және саптағы міндеттерін және оларды саптық үйретуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ әскери қызметшілердің ұрыс даласындағы қозғалысы мен қарсылас кенеттен шабуыл жасаған кездегі іс-әрекетінің тәсілдерін айқындайды.
Саптық дайындық бойынша сабақты ұйымдастыру және өткізу басшылықтағы құжаттардың талаптарына сәйкес, оның ішінде Саптық жарғының талаптарына, Оқу-әдістемелік кешеніне, Сабақ өткізу жоспарына сүйене отырып орындалады.
Жалпы оқытушының сабаққа дайындығы және оны өткізуі екі кезеңнен тұрады:
1) Бірінші кезең - оқытушының алдын ала берілген тақырыпқа сәйкес сабаққа дайындалуы.

  1. Екінші кезең - оқу сабағын Сабақ өткізу жоспарына сәйкес өткізу.

Бірінші кезеңде оқытушы тақырыпты алғаннан кейін оны талдайды және түсінеді; тақырыпты оқу сұрақтарына бөледі; қажетті оқулықтар, жалпыәскери жарғылар, бұйрықтар, нұсқаулықтар, интернет материалдарын және басқа көздерді қолдана отырып тақырып бойынша дайындалады; сабақтың оқу-әдістемелік мақсатын және түрін нақтылайды; өткізілетін орнын, сабақ өткізу әдісін, уақытын, қажетті оқу-материалдық техникалық қамтамасыз ету құралдарын анықтайды. Сабақ өткізу орнында қажетті құралдарды қолдана отырып өзі сабақ өткізуге жаттығады, жаттығу барысында тәсілдерді және қозғалыстарды орындап үйренеді, жаттығу қорытындысы бойынша сұрақтар бойынша уақытты нақтылайды, жалпы уақыттың мөлшерін анықтайды, қажет болса өзгертулер енгізеді.
Сабақ материалына толық дайындалып болған соң, оқытушы Сабақ өткізу жоспарын жасайды және оны бастықпен бекітеді.
Сабақ өткізу жоспары қолданыстағы құжаттардың талаптарына сәйкес жасалады және мыналарды қамтиды:
-сабақ өткізілетін әскери есептегі мамандық, оқитын курсы, тақырыптың нөмірі мен атауы және сабақтың нөмірі мен атауы;
-оқу сұрақтары, оқу-тәрбиелік мақсаттары, сабақтың түрі, өткізу әдісі, өткізу орны, уақыты, оқулықтар, сабақты материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
-сабақ барысы бойынша уақыт есебі: кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім;
-студенттердің өзіндік дайындығына тапсырма.
Оқытушы жасаған Сабақ өткізу жоспарының соңына лауазымын, әскери атағын және қол таңбасын қояды.
Екінші кезеңде оқытушы сабақ кестесінде белгіленген уақытта Сабақ өткізу жоспарымен және басқа қажетті құжаттармен сабақ өткізуге келеді.


2 оқу сұрағы.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет