Әскери сәлемдесуді орындау



Дата07.02.2022
өлшемі14,35 Kb.
#92953
Байланысты:
тапсырма9


  1. Өрістетілген сапта бөлімшелер мен бөлімдердің машиналары машиналар сызығына, взводтық немесе роталық лектер сызығына маңдайшеп бойынша бір сызыққа машиналар мен бөлімшелер арасындағы Жарғымен немесе командирмен белгіленген аралықтар мен арақашықтықтарға сапқа тұрғызылады. Бұл ретте жеке құрам машиналарда болады немесе машиналар алдына бір қатарлы немесе екі қатарлы сапқа, взводтық немесе роталық лектер сызығына соңғы қатар машиналар алдында үш адымға жақын болмайтындай етіп, сапқа тұрғызылады ; машиналардың механик-жүргізушілері мен жүргізушілері өз бөлімшелерінің саптарына тұрады. 
    Жорықтық сапта бөлімшелердің машиналары лекке сапқа тұрғызылады немесе лектердегі бөлімшелер Жарғымен немесе командирмен белгіленген арақашықтықтарда бірінің артында бірі сапқа тұрғызылады. 

  2.  Жеке құрамды машиналарға отырғызу алдында қарудың оқталмағаны, ал егер қозғалыс оқталған қарумен жасалатын болса, онда ол сақтандырғышқа қойылғаны тексеріледі; сүңгі-пышақ (сүңгілер) ағытылып тасталады (жазылады).

  3.  Әскери сәлемдесуді орындау.
    Машинада орнында және қозғалыста әскери сәлемдесуді орындау үшін "ТІК ОТЫР" командасы бойынша ашық тұрған жеке құрам белдерін бүкпей, басын тік ұстап, өзінің алдына қарап отыруы керек
    қарусыз - жартылай бүгілген қолдарын тізелерінен біршама жоғары еркін қою керек; қарумен - оны тізелері арасында және екі қолымен ұстау керек. 
    "Назар оң-ҒА (сол-ҒА)" командасы бойынша взвод және одан жоғары бөлімшелердің командирлері мен машиналар жетекшілері бастық жаққа басын бұрады және бір уақытта қолдарын бас киімге апарады, қалған әскери қызметшілер бастық жаққа басын бұрмайды. Егер әскери қызметшілер машинада машина қозғалысы бағытына қарап орналастырылса, онда "Назар оң-ҒА (сол-ҒА)" командасы бойынша олар бір уақытта бастық жаққа басын бұрады. Машина бастықтың жанынан өтіп кеткенде "Еркін" командасы бойынша барлық әскери қызметшілер басын тік қаратады және еркін отырады, бөлімшелердің командирлері мен машиналар жетекшілері, одан басқа қолдарын бас киімінен түсіреді. 
    Машиналардағы жеке әскери қызметшілер әскери сәлемдесуді бастық жаққа басын бұра отырып, белін бүкпей отырған күйі орындайды. 
    Механик-жүргізушілер және жүргізушілер машинаны жүргізу кезінде әскери сәлемдесуді орындамайды.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет