Батхолдинов Қ.Ү. – «Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары» кафедрасының оқытушысы, педагогикалық өтілі 5 жыл. 050724-Технологиялық машиналар және жабдықтар мамандығы бойынша «Слесарлық іс негіздері» пәні, 3 кредит
Батхолдинов Қ.Ү. – «Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары» кафедрасының оқытушысы, педагогикалық өтілі 5 жыл. 050724-Технологиялық машиналар және жабдықтар мамандығы бойынша «Слесарлық іс негіздері» пәні, 3 кредит.
Аңдатпа
«Слесарлық іс негіздері» пәні студенттерге бөлшектерді қайта қалпына келтіру әдістері мен тәсілдері, бөлшектерді жөндеу кезінде қолданылатын құралдар мен жарақтар жөнінде жалпы мағлұмат береді. Қажет жағдайда өз бетінше орындауға берілген жекелеген тақырыптар бойынша білімдерін өз бетінше толықтыруға немесе тереңдетуге мүмкіндік беретін материалдар бар.
«Слесарлық іс негіздері» пәні «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының бакалаврлары үшін таңдалып алынатын пән болып табылады, бұл пәннен алынған білім слесарлық әдіспен бөлшектерді қалпына келтіруде өте қажет.
Пәннің мақсаты Пәннің басты мақсаты болашақ мамандарда өндірістік шеберхана жағдайында бөлшектерді слесарлық әдіспен қалпына келтіруден білімді қалыптастыру болып табылады.
Пәнді оқытудың міндеті студенттерді бөлшектерді слесарлық әдістермен өңдеу мен жұмыс қабілетін қайта қалпына келтіруден тәжірибелік дағдыларға үйрету болып табылады.
Материалдарды таңдау мен құрылымдаудың негізгі принциптері
Курстың бүкіл материалдары тәжірибелік сабақ түрінде берілген.
Студенттер кредиттік жүйе бойынша оқытылады, оқу түрі – күндізгі, жүргізілетін сабақтар түрі – дәріс және тәжірибелік.
Тәжірибелік сабақтардың негізгі бөлігі зертханалық стендтер мен қондырғылар қолданылып, арнаулы дәрісханада оқу өндірістік шеберхана жағдайында өтіледі.
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде кредиттік технология бойынша оқитын барлық курстарда барлық пәндерден студентердің білімін бақылау үшін рейтингілік бақылау қолданылады.
Мамандықтың жұмыстық оқу жоспарына кірген әрбір пәннің рейтингі қорытынды бақылауға тәуелсіз 100 балдық шкаламен бағаланады
Өзім жөнінде: Біліктілігім: тау-кен инженер-мұнайшысы, МГЖМЖ кафедрасының оқытушысы. Соңғы 5 жылда 3 еңбектерім жарияланды. Мен жетекшілік ететін дипломдық жобалар тақырыптары университет сайтында көрсетілген. Менің курсым бойынша оқушылардың үлгерімінің орташа балы 85-90%.
Оқушыларға қойылатын талаптар:
1. Жұмыстарды көрсетілген уақытта тапсыру.
2. Жұмыстарды тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді.
3. Оқу материалдарын игеру дәрежесі тестермен тексеріледі.