Сабақтың мақсаты: а Білімділік: Оқушыларға химиялық қарудың ұрыстық қасиеттерін түсіндіру



Дата04.07.2018
өлшемі92,5 Kb.
#46372
түріСабақ
Қызылорда облысы

Жаңақорған кенті

110 мектеп-лицейінің АӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы



Адилов Асылбек

Тақырыбы: Химиялық қару.

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Оқушыларға химиялық қарудың ұрыстық қасиеттерін түсіндіру.

Ә) Дамытушылық: Оқушылардың химиялық қару жайлы алған білімдерін дамыту, жетілдіру.

Б) Тәрбиелік: Оқушылардың Отанға , туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, Елін ,жерін сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Уақыты: 45 мин.

Көрнекілігі: АӘД оқулығы, Әдістемелік журналдар, Интерактивті тақта,газ тұмылдырығы,АЙ-2 дәрі қобдишасы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.



ІІ. Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 12 мин.

І бөлімше:

-ҚР Конституциясы қай жылы Президент жарлығымен бекітілді?

-Кіші офицерлер құрамын ата?

-ЖҰМ-дағы мотоатқыш бөлімше құрамының саны қанша?

-Атқыштарды алғашқы атуға және жаттықтыруға арналған қарулады ата?

-АКМ-нің салмағы қанша кг?

-РГД-5 қол гранатасын алысқа лақтыру қашықтығы неше метр?

-ҚР мемлекеттік туының авторы кім?

-Маңдайшеп дегеніміз не?

-ҚР ның Қорғаныс министрі кім?



ІІ бөлімше:

-ҚРҚК-нің құрылған күнін ата?

-Аға офицерлер құрамын ата?

-БТР-дегі мотоатқыш бөлімше құрамының саны қанша?

-Қарсыластың тірі күшін жоюға арналған және жеке қару болып табылатын қарудың атын ата?

-АК-74 қаруының салмағы қанша?

-Ф-1 қол гранатасын алысқа лақтыру қашықтығы неше метр?

-ҚР мемлекеттік елтаңбасының авторларын ата?

-Саптың (оң,сол) жақ шеті не?

-Көрсетілген бағыттағы бірінші жүріп келе жатқан әскери қызметшіні кім деп атайды?

-Жоғары әскери қолбасшы кім?

Жаңа сабаққа кіріспе

І -бөлімше:

-Азаматтық қорғаныс дегеніміз не?

-Мектепте азаматтық қорғаныс бастығы кім болып саналады?

-Жаппай жою қаруларын ата?

-Ядролық жарылыстың факторларын ата?

Химиялық қару дегеніміз не?

ІІ бөлімше:

-Төтенше жағдайлар дегеніміз не?

-Мектепте азаматтық қорғаныстың штаб басшысы кім болып саналады?

-Ядролық қару дегеніміз не?

-Ядролық жарылыстың түрлерін ата?

-Зақымдаушы әрекеті басталуының жылдамдығына қарай улағыш заттар нешеге бөлінеді?



ІІІ .Негізгі бөлім – 25 мин.

Саяси хабарламалар:



Жаңа сабақ

Химиялық қару.

Химиялық қару – ұрыстық улы химиялық заттарды (ҰУХЗ) қолдануға негізделген жаппай зақымдау құралының бірі.

ҰУХЗ улағыш заттар мен уыттылар жатады, ол адам мен жануарлар ағзасын зақымдауға арналады, сондай-ақ ҰУХЗ өсімдіктердің әр түрін зақымдау үшін қолданылатын фитотоксиконттар да жатады.

Ұрыстық улағыш химиялық заттар (ҰУХЗ) әрекеттері жөнінен:


  • жүйке жансыздандыратын әрекетті УЗ - VХ (ви-икс), зарин, заман;

  • тері-іріңдік әрекетті УЗ – иприт, люизит;

  • тұншықтырғыш әрекетті УЗ – фосген, дифосген;

  • жалпы улы әрекетті УЗ – синил қышқылы, хлорциан;

  • тітіркендіргіш әрекетті УЗ – СS (си-эс), СR (си-ар);

  • психохимиялық әрекетті УЗ – ВZ (би-зет) деп бөлінеді

Химиялық қарудың зақымдаушы факторларына ҰУХЗ-дың әр түрлі ұрыстық күйі жатады. ҰУХЗ-дың ұрыстық күйінің түрлері: бу, аэрозоль және тамшылар.

Бугаз тәрізді түрде болатын зат,

Аэрозольдарауада тұратын және сұйық бөлшектерден құралған дисперсті гетерогенді (біртектес емес) жүйелер.

Тамшылар - өте ұсақ бөлшектер.

Бу және жұмсақ дисперлі аэрозоль қалпындағы химиялық зат ауаны уландырып, дем алу арқылы тірі жанды зақымдайды (ингаляциялық зақымдану).

Қатты дисперлі аэрозоль және тамшы түріндегі ҰУХЗ жергілікті жерді, қару-жарақты, әскери техниканы, әскери киімді, қорғану құралдарын, суларды зақымдап, қорғалмаған тірі жанды оның тері бетінде бөлшектердің түскен кезінде де, олардың зақымданған жер бетінің булану

нәтижесінде түсу немесе тірі жанның зақымданған жермен түйісу жасағанда да зақымдауға қабілетті.

Тірі жанның зақымдануы зақымданған тамақ өнімдері мен суды қолдану кезінде де болуы мүмкін.

Химиялық зақымдану құралдарын әскери мақсатта ішінара пайдалану барлық соғыстар тарихында өз орнын тапқан.

1914-1918 жылдары 180 мың тоннадай әр түрлі УЗ шығарылды, оның 125 мың тоннадайы ұрыс алаңдарында қолданылды. Тек Германияның өзінде 34 млн-дай химиялық снарядтар дайындалды. Дүниежүзілік соғыста УЗ-дан зақымданғандардың жалпы саны 1 млн 300 мың адамдай болды.

1925 жылдың 17 маусымында 37 мемлекеттің өкілдері Женевада «Соғыста тұншықтыратын улы немесе басқа да тәрізді және бактериялогиялық заттарды қолдануға тиым салу туралы хаттамаға» қол қойды. Кеңестер Одағы бұл хаттамаға 1927 жылы қол қойып, оны 1928 жылы мақұлдады. Қысқа мерзім ішінде Женева хаттамасын әлемнің көптеген елдері мақұлдады. Кейбір ірі мемлекеттер, мысалы АҚШ пен Жапония, оны мақұлдаудан бас тартты. Тек 50 жыл өткеннен кейін ғана АҚШ бірнеше ұсыныстар енгізе отырып, бұл хаттаманы мақұлдауға мәжбүр болды.

Бірақ тарихта Женева келіссөзіне қарамастан, басқыншылық соғыста химиялық қаруды қолданғаны туралы деректер бар. Мысалы, 1935-1936 жылдары Эфиопиямен соғыста итальяндықтар жаппай химиялық шабуылды 19 рет жүргізді. 760 мыңдай әскер мен Эфиопия тұрғындарының 30%-дайы химиялық қарудан қаза тапты. Химиялық қаруды Жапония 1937-1943 жылдары Қытаймен болған соғыста қолданды.

АҚШ халықаралық келіссөздерді бұзып, 1951-1952 жылдары Кореядағы ұрыс қимылдары кезінде химиялық қаруды қолданды. Көптеген жылдар бойы американдық агрессорлар Вьетнамға және Үндіқытайдағы басқа мемлекеттерге қарсы соғыста химиялық қаруларды кеңінен қолданды.

Химиялық қаруларды объектілерге жеткізу үшін авиация, ракеталар, артиллерия мен инженерлік және химиялық әскери заттар қолданылады.

Соғыста химиялық қаруды қолданудың бүкіл адамзат ұшін қауіптілігін ескере отырып, әлем қауымдастығы бүкіл армия арсеналынан химиялық қаруды шығарып тастау, оған толық тиым салу үшін күрес жүргізеді.



ІҮ Қорытынды бөлім – 5 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Химиялық қару дегеніміз не?

  • Ұрыстық улағыш химиялық заттар (ҰУХЗ) әрекеттері жөнінен қалай бөлінеді?

  • Ұрыстық улағыш химиялық заттардың (ҰУХЗ) ұрыстық түрлері туралы айтыңдар.

  • Химиялық қаруды қолдану тарихы туралы айтыңдар.

Ү. Үйге тапсырма: Тақырып 1. Сабақ 4. Химиялқ қару

Қызылорда облысы

Жаңақорған кенті

110 мектеп-лицейінің АӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы



Адилов Асылбек

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ауған ардагерлері.

Мақсаты: Ауған ардагерлерінің ерліктерін дәріптеу. Ардагерлермен кездесу арқылы Отанын сүюге,батырлыққа тәрбиелеу.

Барысы:

1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қымбатты ұстаздар,оқушылар және бүгінгі кешіміздің қонақтары! Құрметті қонақтар, бүгінгі «Ауған ардагерлері » атты әскери-патриоттық кездесу кешіміздің мақсаты тарих қоржынының бір басында жатқан Ауған соғысы туралы оқушыларға мағлұмат беру, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған боздақтар рухына тағзым етуге, есімдерін мәңгі құрметтеуге тәрбиелеу үшін ұйымдастырылып отыр.

2-жүргізуші:

Қазақстан-көк байрақты нұр едің

Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.

Өзің менің қуанышым, бақытым,

Өзің менің мақтанышым, тірегім.

Қыран құсым көк, аспанда самғасын,

Желбіресін көк байрағың сан ғасыр.

Жас ұландар, берік ұста туыңды,

Жарқыратып туған елдің таңбасын.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады.

1-жүргізуші: Бүгінгі «Ауған ардагерлері » атты әскери-патриоттық кездесу кешімізді ашып беру үшін сөз кезегін мектеп-лицей директоры

Адилмырза Таждиновқа береміз.

2-жүргізуші: -Отан алдындағы қасиетті борышы мен парызын ерлікпен, батылдықпен атқарған және Ауған соғысында қаза тапқан ержүрек, әрі батыл қаһарман жауынгер ағаларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық!

1-жүргізуші: Ауғанстан туралы не білеміз? Мұсылман мемлекетінің жағдайы туралы хабардарсыздар ма? 1978 жылғы сәуір төңкерісінен басталған елдегі ахуал алапат үзік-созық соғысқа әкеп соқтырды.

Тарих беттеріне үңілсек...Бүгінгі кеште бізде Ауған соғыс ардагерлерің таңыстырып өттейік .

Жаңақорған аудандық қорғаныс істері бөлімі бастығы майор Сабыржан Әлімбетов

Аудандық білім бөлімінің әдіскері Қайрат Оралбеков.

Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы: Қуаныш Аблаким.

Мырзахметов Жалғас.

Әуелов Ермек.

Ахметов Бектұрсын

Мырзатаев Батырша

Азамов Асанхан

Ауған-Тажік шекарасының әскери борышын өтеген Ғ.Мырзахметов

Ән. «Алға Қазақстан» орындайтын Абдулла Қанат

2-жүргізуші:

Армысың Ауғандық жауынгерлер,

Жырым бар жараланған жаныңды емдер.

Өлгендердің жәннатта болсын жаны,

Тірілерің мың жаса - демекші, оқушыларымыздың арнайы дайындаған «Тағдырын білем ауған даласының » өлең жырларына кезек берсек.

9 сынып оқушылардың өлең жырларың қабыл алыңыздар.



Ән- «Атамекен» орындайтын Мұхтар Нұржігіт.

1-жүргізуші:

« Тағдырын білем ауған даласының»

Қан майданда қан аққан бұлақтардан,

Ауғанның көк аспанын тұмандатқан,

Сұрапыл майдан бопты қасіретті.

Дұшпанмен бетпе-бет көп шайқастарда

Жасқанып шегінбеген, тайсалмаған,

Отан үшін бас тігіп айқасқанда,

Оққа ұшты қанша қазақ қайсар балаң,

Қанды кешіп жүреді алда ерлер.

Міне, бүгін сіздерге жыр ақтарам,

Ассалаумағалейкүм, ардагерлер!

Соқыр билік тұсында сумаң қаққан,

Соғыстар аз болғандай, ғасыр дерті

Тастаған енді ер жетер шақта қырып,

Кектерін олар үшін заман алар.

Кебенек киген ұлын аттандырып,

Қабірін құшап қалған аналар бар.

Ешбір қауіп Отаныма төнбесін,

Шамшырағы еш отаудың сөнбесін.

Берік болсын керегесі елімнің,

Жас ұрпағым, мұндай соғыс көрмесін.

Сөз кезегің қонақтарға берелік-----.Жаңақорған аудандық қорғаныс істері бөлімі бастығы майор Сабыржан Әлімбетов ағай.

Мектебіміздің 1997 жылы туылған жас өспірімдеріне құжат тапсыру рәсіміне куә болайық.

Ән :орындайтын «Қазақтай ел қайда» орындаушы: Асқар Жандаулет.

2-жүргізуші

Аудандық білім бөлімінің әдіскері жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеп жүрген Қайрат Оралбековке сөз кезегін берейік.



Келесі кезекті биге берейік. Ортада 8 сынып оқушыларының «Катюша» биің қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Ерлік қылған ағаларым, аспан асты, жер үсті,

Біз сәндікке кемегенбіз шалбар менен бөрікті

Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,

Аттандыңдар,атқардыңдар соғысты- демекші сөз кезегін Ауған ардагерлеріне береміз.

Ауған соғыс ардагерлерінің төрағасы-------Қуаныш Аблакимге сөз кезегін берейік.



« Соңғы хат» Боздақтар мәнерлеп оқу 8 сынып оқушысы Ораз Нурила.

Ән - Мұхтар Нүржігіт « Елім менің»

2-жүргізуші:

Киеліндей жүретін кіл есінде

Кір түсірме ел деген ұл есімге.

Атамекен-бақыты бабалардың Жеңіп алған сан ғасыр күресінде.

Күндерімен,түнімен, гүлдерімен

Өзіңдікі ол сенің білесің бе?

Ел де сені сүйеді кезегінде,

Өмір бойы жүреді ол өзегінде. Күләш Ахметова жырлағандай мектебіміздің оқушылары, қазақ елінің болашақ жас ұландары ерлік істерді үлгі етіп , Отанымыздың іргесін қорғайтын патриоты боларына сеніміміз мол!



1-жүргізуші:

Ардагерлерге оқушылардан естелік қабыл алыңыздар:



Ән «Жаса Қазақстан»орындайтын Асқар Жандаулет.

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

№110 мектеп-лицейінің АӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы

Адилов Асылбек

Тарихи интеллектуалды сабақ тақырыбы: Ауған асуында от кешкендер!

Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу
Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету

Көрнекілігі: Проектор, экран, компьютер,слайдтар


Түрі: кіріктірілген – интеллектуалды тәрбие іс – шарасы (сыр - сұхбат, түсіндіру, сайыс)

Жоспары:
І. Кіріспе (ашылуы, қонақтарды таныстыру)


ІІ. «Ауған ақиқаты». Ауғанстан соғысы тарихына баяндама.
ІІІ. «Сыр сұхбат» ауған соғысының ардагерімен сұхбат жүргізіледі.
ІҮ. «Біздің қайсар ұландар» сынып оқушылары арасында яғни, ұлдар арасында жүргізілетін сайыс.
Ү. Қорытынды.

Барысы:
1 – жүргізуші


Құрметті қонақтар, Ұстаздар мен оқушылар! Интернациолист жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ауған асуында от кешкендер!» тақырыбында өтетін тарихи интеллектуалды сабағымызға қош келдіңіздер!

2 – жүргізуші:


Жаулардан қарсы келген жасқанбаған
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі интеллектуалды сабағымызға қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық.
Ауған соғысына қатысып, соғысты өз көзімен көріп келген Мырзахметов Жалғас, Ауелов Ермек, Ахметов Бектұрсын ағаларымзға қош келдіңіздер дейміз.

1-жүргізуші: Мектебіміздің ұлағатты ұстазы, оқушыларға білім беру азаматтық парызым деп білетін

2-жүргізуші: сонымен қатар, ауған соғысы ардагерлері жалпы ардагерлер семинарларын облыстық деңгейде жақсы өтуіне атсалып жүретін,

1-жүргізуші: тәрбиелілік маңызы бар, патриоттық іс-шараларды ұйымдастыруда алдына жан салмайтын Адилов Асылбек ағайды сабағымызды ашып беру үшін алдарыңызға шақырайық.


ІІ. «Ауған асуында от кешкендер». Ауғанстан соғысы тарихына баяндама.
1 – жүргізуші
Ауғанстан жеріндегі соғыс тарих беттерінде өзіндік із қалдырды. Тарих бетінен сызып алып тасталмайтын бұл соғыстың тарихын сөз етейік.
1-оқушы: Гүлсінай

2-оқушы: Ақжұлдыз

3-оқушы: Ұлзира
1 – жүргізуші:
- Осыған байланысты қазіргі жастарға қойылатын талап өте жоғары деңгейде екенін біле отыра жастардың білім алуға, еңбекке деген, Отан қорғауға деген жауапкершілігі қаншалықты деңгейде екені жайлы ой бөлісе отырсаңыздар!

Ардагерлер ойы.

2 – жүргізуші
Құрметті қонақтар ендігі кезекте келешегіміз бен жарқын болашағымыздың жасаушысы, жалындаған жас ұрпаққа жауынгер ағалардың аманаты ретінде «Ұрпаққа аманат» арнауын назарларыңызға ұсынамыз.

Ұрпаққа аманат


Баласы батыр туғаннан


Денесін сумен жуғаннан
Батыр да халық қазақпыз
Кіндігін түйіп буғаннан

Даламен бірге қайнасып


Көкпенен бірге жайнасып
Көршімен тату, жауына қату
Қарасаң егер байқасып

Тамыры терең кететін


Жайнаған дархан мекенім
Бар ма екен шіркін жалғанда
Қазахияма жететін
Осындай елді құраған
Бабадан қалған мұрадан
Жастарға сарқыт ерлігі
Сел болар ақса жырадан

Ел үшін өткен батырлар


Шайырлар менен ақындар
Күш пенен түйсік, ақылды
Бағындыра алған дарындар

Олардың ерлік тәлімі


Халқына айқын мәлімді
Ұғына алса керекті
Қазіргі ұл - қыз хәліңді

Атойлап шапқан батырлар


Рухын қайрап ақындар
Ұрпағым аман болсын деп
Қыршынбасын деп жатырдан

Ел үшін қиып құр жанды


Ұстанған елміз бір заңды
Биікке қойған қазақпыз
Ар - ұятпенен ұжданды

Жауына күшін көрсетіп


Ізіне ерген ел сеніп
Жастарға бүгін аманат
Жасалған істер белсеніп

Бабалар салған сара жол


Өшпейтін мәңгі дара жол
Ұрпаққа бүгін аманат
Қорғай біл халқым пана бол

1 – жүргізуші:


«Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет.

ІІІ. «Сыр сұхбат»

1-жүргізуші: «Сыр сұхбат» алаңына келіңіздер. Сіздермен сұхбаттасып, әңгіме жүргізетін сыныбымыздың озат оқушы Айнұр.
Айнұр:

Біз соғысты көбінесе бұқаралық ақпарат құралдарынан, теледидардан, мұғалімдерімізден, оқулықтардан оқып, біліп жатамыз. Ал енді бүгін кездесудің, сұхбаттасудың сәті түскен екен, ендеше ойымызда жүрген сауалдарымызды қойып, жауабын біліп алайық. Қанша дегенмен көзбен көрген кісінің әңгімесі басқаша болады емеспе. Сұрақты бастап қоя берсек рұқсат па?

Соғыс қалай басталды? Сіздерді майдан даласына ерікті түрде алып кетті ме әлде күш көрсету, зорлық-зомбылық жасау арқылы ма?

Айтыңызшы, ауған соғысы өте қатал болды. Тіпті, баласынан айырылған аналарда, баласының соғыста қайтыс болғандығын ешкімге білдірмеу, айтпау керек болды дейді. Бұл қаншалықты рас, шындыққа жанасады ма?

Майданға қанша жас аралығындағы азаматтарды алды? Және де біздің Жаңақорған ауданынан соғыс даласына қанша адам аттанды, майданға кеткен азаматтарымыз түгел оралды ма?

Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп

жүрсіз?
5) Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп

ойлайсыз?


6) «Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған

дұрыс деп ойлайсыз?

Т.б. сұрақтар қойылады.

1 – жүргізуші:


Он жылға тарта созылған бұл соғыстың аяқталуы да ауыр болды. Ауғанстан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге сыр елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз.

2-жүргізуші: Бүгінгі жас ұрпақ, Ертеңнің тірегі. Қазіргі кезде жастарға көп міндет жүктелгенін білеміз. Міндет деп айтуға да келмес, дұрысы барлық жағдай жасалып жатыр. Аллаға шүкір, мұң мұқтажымыз жоқ, мынадай кең сарайдай мектепте білім алудамыз. Бірақ біз бүгінгі жас ұрпақ, болашақта ел тірегі болатынымызды ұмытпауымыз керек.

1-жүргізуші: Сол үшін сыныбыздың қайсар ұландарын сынамаққа бел будық. Қазағымның қара нардай жігіттері дайынбыз ба?
Оқушы: Сұлтан
Мен қазақпын, Ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер.
әрине, дайынбыз!
ІҮ. “Жауынгер жасұлан” сайысы

Блиц сұрақтары

2. “Кім жылдам” ойыны

3. “Әуенді тап” ойыны

4. Жағдаяттық сұрақтар

1.Блиц сұрақтары


1. Қазақстан Республикасында неше облыс бар?
14
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?
1995 жылы 30 тамыз
3. Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік, қоғамдық істегі қызметі, еңбектегі жетістіктері мен жауынгерлік ерліктері үшін ордендермен марапатталады. ҚР - да қандай ордендер беріледі.
«Отан» ордені, «Даңқ» ордені (2 дәрежелі), «Айбын» ордені (3 дәрежелі),«Парасат» ордені «Достық» ордені (2 дәрежелі),«Құрмет» ордені,«Барыс» ордені (3 дәрежелі)
4. Қазақстанның Қарулы күштері қай жылы құрылды?
1992 жылы
5. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні
4 маусым
6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі кім?
Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы

7. Қазақстан Республикасының ең жоғарғы заң шығарушы орган? Парламент

8. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша, әрбір азаматтың қасиетті борышы мен міндеті: Қазақстан Республикасын қорғау

9. Қазақстан Республикасының әуе қорғаныс күштерінің құрылымы?

Әуе қорғаныс күштері (авиация);

әуе қорғанысына қарсы әскер;

Артиллерия

«Кім жылдам» ойыны


1-жүргізуші: Сайыстың келесі шартында жігіттер винтовка яғни қаруды пайдалану жолдарын біле ме екен? Білсе, қаншалықты деңгейде білетінін білу үшін, қаруды шашып және жинап жарысуын қадағалаймыз (Олардың қанша минут немесе секунд ішінде шашып жинауы белгіленеді).

3. Әуенді тап. әр қайсысы жеке жеке жауап береді.


1. Елім менің /Б. Тлеуханов/
2. Көк тудың желбірегені / Ақсұңқар Әбілтай/
3. Айналдым елім / Жігіттер кв./
4. Қазақ елі осындай /М. Арапбаева/
5. Мен Қазақпын /Е. Құдайбергенов/
6. «Атамекен» /Е. Қасанғалиев/ әндері
4. Жағдаяттық сұрақтар. Карточкаларды алып, жағдаяттық сұрақтарға жауап береді.

Жағдаяттық сұрақтар:

Шабуылда ұрысты кім басқарады?

Потриот ұғымын қалай түсінесің?

Әскерге сен не үшін барасың?

Командирді қорғау, сарбаз үшін не?


1-жүргізуші: Жауынгер жасұлан сайысы осымен өз мәресіне жетті. Сайыстың қорытынды есебі шыққанша, ардагерлердің қаруды пайдаланудағы икемділіктері қандай екендігін байқайық. (ардагерлер қаруды шашып жинаудан өзара жарысады)
2-жүргізуші: Сайыстың қорытынды есебін жариялауға рұқсат етініздер! Ерекше көзге түскен оқушы ардагердің қолынан мақтау қағазын алып, марапатталады.

ІҮ. Қорытынды сөз / Ой түйін/


Жүргізуші: Құрметті ауған соғысының ардагерлері, көрермендер, Бүгінгі «Ауған асуында от кешкендер!» тақырыбында өткен тарихи интеллектуалды сабағымыздан түйген ойларыңызды айта кетсеңіздер. Ауған ардагерлеріне сөз беру
1 - Жүргізуші:
- Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес.

2 - Жүргізуші:


Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде. Аяулы ағалар уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет