№ 4 Практикалық жұмыстың технологиялық нұсқау картасы
Тақырыбы: Жұмыстарды жүргізу жобасына, жұмыс сызуларына , нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес, жерге тұйықтау құрылғыларын монтаждауды орындау.
І.Жұмыстың мазмұны
Жерге тұйықтау деп жерге тұйықтаушылар және жерге тұйықтағыш өткізгіштер көмегімен орындалатын, қондырғының қандай да бір бөлігінің жермен қасақана электрлік жалғануын атайды. Жерге тұйықтаушы деп топыраққа енгізілген металл өткізгішті немесе өткізгіштер (электродтар) тобын атайды. Жерге тұйықтағыш өткізгіштердеп электрлік қондырғылардың жерге тұйықталатын бөліктерін жерге тұйықтаушылармен жалғайтын металл өткізгіштерді атайды.
Жерге тұйықтағыш құрылғы деп жерге тұйықтаушылар және жерге тұйықтағыш өткізгіштер жиынтығын атайды. Егер жерге тұйықтағыш құрылғыда, адам денесінің ең кіші кедергісіне қарағанда, көп есе кіші кедергі болса ғана, адамдар қауіпсіздігіне қол жеткізіледі. Жерге тұйықтағыш құрылғы кедергісі деп жерге және жерге тұйықтағыш өткізгіштерге қатысты жерге тұйықтаушы кедергілерініңқосындысы аталады, және ол алдын ала есептеумен анықталатын шектерде болу керек.
Жерге тұйықтағыш құрылғылардың максималды рұқсат етілетін кедергілері қондырғы кернеуімен, жерге тұйықтау тоқтарының мәндерімен, бейтарап сымның болуымен және кейбір басқа шарттармен анықталады және әрекетті ЭҚЕ орнатылады. Жерге тұйықтау тоғы — тұйықталу жерінде жер арқылы өтетін тоқ. Оқшаулама зақымдалған кезде адамдарды электр тоғына ұшыраудан қорғау үшін электрлік жабдықтардың металл тоқ өткізбейтін бөліктерін жерге тұйықтайды. Осы мақсат үшін арналған шаралар және техникалық құрылғылар жинағын қорғаныстық жерге тұйықтау деп атайды, яғни қорғаныстық жерге тұйықтау жерге тұйықтағыш өткізгіштер және жерге тұйықтаушылар көмегімен электрлік қондырғылардың тоқ өткізбейтін металл бөліктерінің (айырғыш жетектерінің тұтқалары, трансформаторлар қаптамалары, тіректі оқшаулағыштар ернемектері, өлшеу трансформаторларының корпусы, және т.б.) жермен қасақана жалғануы болып табылады. Қорғаныстық жерге тұйықтау міндеті қорғалатын құрылғының металл құрылымдары немесе корпусы және жер арасында жеткілікті кіші кедергінің электрлік қосылысын құруда негізделеді; жерге немесе электрлік қондырғылардың тоқ өткізгіш зақымдалған бөліктерінің корпусына бір фазалы тұйықтаулар кезінде осындай қосылыс адамның өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін мәнге дейін тоқтың төмендеуін қамтамасыз етеді, себебі оның денесінің электрлік кедергісі жермен жалғанған металл өткізгіш кедергісінен бірнеше есе үлкен. Жерге тұйықтау — бұл кернеу астында болатын электрлік қондырғы бөліктерінің жермен немесе жерден оқшауланбаған оның құрылымдық бөліктерімен кездейсоқ электрлік жалғануы. Қорғаныстық жерге тұйықтау оқшауланған бейтарап сымы бар барлық желілерде және жерге тұйықталған бейтарап сымы бар кернеуі 1000 В жоғары болатын желілерде қолданылады. Соңғыларында бір фазалы тұйықтау тоқтары жер арқылы өтеді және апаттық учаскенің сөндірілуін тудырады. Керең тұйықталған бейтарап сымы бар желілерде электрлік қабылдағыштар жұлдызға жалғанған тоқ көзінің орамаларынан қоректенеді, олардың нөлдік нүктесі жерге сенімді тұйықталған. Терең жерге тұйықталған бейтарап сым деп тікелей немесе кіші кедергі арқылы жерге тұйықтайтын құрылғыға жалғанған трансформатордың немесе генератордың бейтарап сымы аталады. Бейтарап сымды жерге тұйықтау. ЭҚЕ-де кернеуі 1000 В жоғары болатын қалалық электрлік желілер оқшауланған бейтарап сыммен үш фазалы болып орындалу керек, ал жаңа қалалардағы тарату желілері - 380/220 В кернеуі кезінде керең жерге тұйықталған бейтарап сымы бар үш фазалы төртсымды түрде. Алайда теспелі сақтандырғыштары бар, оқшауланған бейтарап сымы бар, кернеуі 220/127 В болатын желілер де кең тараған. Кернеуі 110 кВ және жоғары болатын отандық өндірістің күштік трансформаторларының орамалары да жерге тұйықталған бейтарап сымымен жұмыс жасауға есептеледі, себебі олар нөлдік сымдардың толымсыз оқшауламасына ие болады. 1000 В дейінгі желілерде бейтарап сымды неге жерге тұйықтайтындығын, қандай себептермен кейде оқшауланған бейтарап сымға басымдық беретіндігін және теспелі сақтандырғыштардың не үшін қолданылатындығын қарастырайық. Оқшауланған бейтарап сымы бар үш фазалы желі сұлбасы (а) және адам желілік сымға жанасқан кездегі оның жұмысының режимдері (б); бір желілік сымның жерге тұйықталуы және адамның басқасына жанасуы (в); жерге тұйықталған бейтарап сымы бар жүйеде адамның желілік сымға жанасуы (г) және жерге тұйықталған сымы бар және басқа желілік сымы бар жүйеде 5.1, асур. бейтарап сымы оқшауланған, кернеуі 380/220 В болатын төрт сымдық желіні қоректендіретін, Тр трансформатордың екіншілік орамалары көрсетілген. Қарастырылған мезетте оқшаулама толықтай жарамды болсын. Дегенмен бейтарап сымы жер болып табылатын, жұлдызға жалғанғанR кедергілері шартты түрде белгілі бір дәрежеде тоқ өткізетін сымдар оқшауламасының кемелсіздігін көрсетеді. 137 •с ■в -А 5.2 сур. Адамның тоқ өткізгіш сымға жанасуы(а), электрлік қозғалтқыштың жерге тұйықталуы (б) және нөлденуі кезіндегі (в) керең тұйықталған бейтарап сымы бар үш фазалы желі сұлбасының жұмысы Бейтарап сымы жер бола алатын, жұлдызға жалғанған Сүш конденсаторы жерге қатысты сымдардың электрлік сыйымдылығын шартты түрде бейнелейді, бұл айнымалы тоқты электрлік қондырғыларда айтарлықтай маңызды, себебі сыйымдылық айнымалы тоқты өткізеді. Қарастырылатын электрлік қондырғыда қандай кернеулер әрекет етеді Желілік сымдар арасындағы кернеу 380 В, ал әр желілік сым және трансформатордың бейтарап сымы арасында — 220 В, себебі жер үш бірдейR кедергіден және үш бірдей Сыйымдылықтан құралған жұлдыздар қосылысының бейтарап сымы болды. Егер желілік сым трансформатордың бейтарап сымына қатысты жерге қатысы кернеуге тең кернеуге ие болса, онда трансформатордың бейтарап сымы және жер арасындағы кернеу нөлге тең, бірақ, әрине, осы жағдайда,желі жүктелмеу керек немесе барлық фазалар жүктемесі толықтай бірдей болу керек.
Қорғаныстық жерге тұйықтау топырақта өткізілген және жалпақ контурға өзара жалғанған сыртқы құрылғыдан және қондырғы орналасатын орынжай қабырғалары бойынша өткізілетін жерге тұйықтағыш өткізгіштерден құралатын және сыртқы контурға жалғанатын ішкі желіден құралады. Топыраққа өткізілген металл жерге тұйықтаушылар жермен жанасудың үлкен ауданына ие болып, контурдың кіші электрлік кедергісін қамтамасыз етеді. Электрлік қондырғыларды жерге тұйықтау үшін бірінші кезекте жерге төселген металл құбыр желілеріне өткізілген табиғи жерге тұйықтаушылар (жанатын, жеңіл тұтанатын және жарылғыш сұйықтықтар немесе газдар бар құбыр желілерін қоспағанда); шегендеу құбырлары; жермен сенімді жалғанған ғимараттардың және құрылыстардың металл және темірбетон құрылымдары; жерде өткізілген шоғырсымдардың қорғасын қабықшалары және кернеуі 1000 В дейін болатын әуе желілерінің қайталама жерге тұйықтаушылары бар нөлдік жұмыс сымдары қолданылу керек. Табиғи жерге тұйықтаушылар (соңғыларын қоспағанда) кем дегенде екі жерде электрлік қондырғыдағы жерге тұйықтағыш магистральға жалғану керек. Жерге тұйықтағыш өткізгіштерді жерге тұйықтаушымен жалғау, сонымен қатар жерге тұйықтағыш өткізгіштерді өзара жалғау дәнекерлеумен жүргізеді, сонымен қатар қабаттастыру ұзындығы (дәнекерлеу тігісі) оның тік бұрышты қимасы кезінде өткізгіштің екі еніне тең болу керек және дөңгелек қима кезінде - алты диаметрге. Екі жолақты үсті-үстіне Т-тәрізді жалғау кезінде қабаттастыру ұзындығы олардың енімен анықталады. Жерге тұйықтағыш өткізгіштерді құбыр желілеріне жалғау дәнекерлеумен орындалады (5.4 сур.) немесе, егер бұл мүмкін болмаса, ғимаратқа құбыр желілері кіретін жақтан (су өлшегішке, ысырмаға, ернемекке дейін) қамыттармен (5.5 сур.). Құрастырғаннан кейін жерде орналасқан дәнекерлеу тігістері коррозиядан қорғау үшін битуммен қапталады. Егер табиғи жерге тұйықтаушылар болмаса немесе олар есептік талаптарды қанағаттандырмаса, тік, көлденең және тереңдетілген болуы мүмкін жасанды жерге тұйықтаушылардан сыртқы жерге тұйықтау контурын құрастырады.
ІІ. Тапсырмалар.
1. Жерге тұйықтау құрылғыларын монтаждауды сипаттау.
Бақылау сұрақтары
1. Жерге тұйықтау дегеніміз не?
2. Жерге тұйықтағыш өткізгіштер жиынтығын атаңыз ?
3. Монтаждау дегеніміз не?
ІІІ.Қорытынды.
Тапсырмаларды орындау, бақылау сұрақтарына жауап беру, дәптерге түсіру.
Достарыңызбен бөлісу: |