2.12.Стандарт «Жүрекке перкуссия жасау техникасы»
2.12.1.Стандарт Жүрек шекарасын анықтау
1.Науқасты беліне дейін шешініп,ыңғайлы жағдай жасауын өтінеміз (тұрып, отырып, жатып).
2.Жүректің тұйықталуына қарай оң шекарасын анықтау:
А) перкуссия тәсілімен ортаңғы бұғана сызығы арқылы оң өкпенің төменгі шекарасын анықтайды.(қалыпты жағдайда VІ қабырға тұсына сәйкес )
Б) плессиметр саусағын оң өкпенің төменгі шекарасынан жоғары бір қабырға аралығына ауыстырамыз (қалыпты жағдайда ІV қабырға аралық) және оны вертикальды қоямыз
В) плессиметр саусағын ішкі қабырға аралығына қарай ауыстырып, тұйық перкуторлы дыбыс естілгенше жайлап қаққылаймыз.
Г) саусақтың сыртқы шеті жүректің оң шекарасына,анық өкпе дыбыс тұсына белгі қоямыз.
Қалыпты жағдайда жүрек тұйықтығына қатысты оң шекара 1 см төстің оң жағынан сыртқа орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |