ҮІ. Математика бойынша жұмыстарды балалар бақшасында жоспарлау.
Жоспар
1.Жоспарлау.
2.Есеп.
3.Жоспар түрлері.
Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру міндеттерін орындау жұмысты дұрыс жоспарламай және еспепке алмай орындалмайтыны мәлім.
Жоспарлау - қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру процесін басқару тәсілі. Жоспар жоспарлы және жүйелі бағдарламалық міндеттерін орындау жолдарын жүзеге асыруға жағдайын туғызады.
Жоспар есеп құжаты болып саналады, жоспар бойынша педагогикалық процестін жағдайы мен нәтижесі туралы айтуға болады.
Дұрыс жоспарлау және қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру жұмысын дұрыс белгілеу үшін тәрбиеші білу қажет:
1) жақсы тұтастай бағдарламаны және өзі жасайтын топтын жас ерекшелігіне сай
бағдарламаны;
2) тәрбиеленушілерінін жас және жеке дара ерекшеліктерін;
жоспарлауда және оқытуды ұйымдастыруда дидактикалық ұстанымдарды басшылыққа ала білу;
балаларда математикалық ұғымдардың дамуының әдістемелік негіздерін;
өз білімін әрдәім жетелдіріп, мектепке дейінгі тәрбиедегі ғылым мен практикадағы заманауи жетістіктерді біліп отыру.
Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оның нәтижесін есепке алмай болмайды. Есеп – ол терең, жан-жақты және нақты оқыту процесіндегі педагог пен балалардың жұмысының нәтижесін анализдеу. Есеп оқытудың әдіс-тәсілдердің тиімділігін бағалауға, балалардың бағдарламалық материалды меңгеру нәтижесін, алдағы жұмысты жоспарлауға мүмкіндік береді. Соңымен жоспарлау мен есепке алу тығыз байланысты. Дұрыс жоспарлаумен және дұрыс есепке алу математикалық ұғымдарды қалыптастырудың бағдарламасын орындаудың жоғарғы нәтижесіне жеткізеді.
Жоспарлау түрлері
Жоспарлаудың екі түрі болады: перспективтік және күнтізбелік. Перспективтік жоспар мектепке дейінгі мекеменін әдістемелік материалына жатады, сондықтан мектепке дейінгі мекеменін әкімшілігінін басшылығымен тәрбиешілер жасақтайды.
Дұрыс жасақталған, практикада пайдаланған перспективтік жоспар көп жылдары бойы пайдаланылады, сондықтан күнтізбелік жоспарлау онай болады және оқытуды жүйелілік принципін толық жүзеге асыруға мүмкіндік болады.
Перспективтік жоспар өтіп жатқан тоқсанға жасалады. Онда ақпараттық міндеттер қарастырылады, Оның мазмұнына бағдарламалық міндеттерді бір нақты жүйеде бөлуге болады. Перспективтік жоспарлаудың екі тәсілін қолдануға болады. Біріншісі – бағдарламалық міндеттерді нақты тақырыптар бойынша (сан және санау, көлем, т.б). Екіншісі – «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» тарауының бағдарламалық міндеттерін кешенді бөлу. Бағдарламалық материалды кешенді бөлуде оқу іс-әрекетінін мазмұнында жаңа міндеттердің шешілуі 1-2 тақырыппен сәбилер және ортанғы топтарында және 2-3 тақырыптар ересек пен мектепалды даярлық топтарында бөлінуі қажет.Бағдарламалық материалды қайталауға оқу іс-әрекеттері 3-тен 5-ке дейін өзара байланысты бағдарламалық міндеттерді қарастыру мүмкін. Перспективтік жоспарда бағдарламалық міндеттерді меңгерудегі жұмыстың барлық түрлері көрсетілуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |