ОҚУ Әдістемелік кешен қҰҚЫҚ ЖӘне экономика негіздерін



бет1/6
Дата18.02.2017
өлшемі0,83 Mb.
#10255
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6
ҚАЗАҚСТАН РЕСРПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ТАРИХ – ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ, ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ КАФЕДРАСЫ

Құжат СМЖ 3 деңгей Баспа №1 ____________ У.12.01/2005

ПОӘК
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

«ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІН

ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ»
050115 «Құқық және экономика негіздері» мамандығы студенттеріне арналған

Семей,2011ж.

Құрастырушы: Газизова Н.С.

"Философия, құқық және экономика негіздері" кафедрасының мәжілісінде

бекітілді

Хаттама № «___» __________20 __ж.
Кафедра меңгерушісі:
Тарих- филология факультетінің оқу- әдістемелік кеңесінде талқыланды.

Хаттама № «___»__________20__ ж.

Тарих- филология факультетінің Ғ6ылыми кеңесінде бекітілді

Тарих-филология факультетінің деканы Мусабалина Г.Т.



«____»____________ 20__ж.

МАЗМҰНЫ

  1. Құқық және экономика негіздерін оқыту пәні бойынша глоссарийлер.................................................................................................4

  2. Құқық және экономика негіздерін оқыту пәні бойынша жұмыс бағдарламасы. ..............................................................................................6

  3. Қысқаша дәрістер курсы.....................................................................15

  4. Семинар сабақтарды өткізуге арналған

әдістемелік нұсқау...............................................................................107


  1. Студенттің оқытушымен жүргізетін өздік

жұмыстарына (СОЖӨЖ) әдістемелік нұсқау..................................117


  1. Студенттің өздік жұмыстарына (СӨЖ) әдістемелік нұсқау........................................................................ ...............................120



  1. Құқық және экономика негіздерін оқыту пәні бойынша емтихан сұрақтары...................................................................................................122



ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ ПӘНІ БОЙЫНША ГЛОССАРИЙЛЕР

ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ ПӘНІ БОЙЫНША ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)





  1. Жалпы мәлімет:

    1. Пәннің атауы: "Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі"

    2. Кафедра: "Философия, құқық және экономика негіздері "

    3. Кафедраның мекен - жайы: корпус №2, 312 каб.

    4. Оқытушының аты – жөні: Газизова Назигул Слямболовна

    5. Қабылдау уақыты: күн сайын 9.00-17.00

    6. Кредит саны: 2

    7. Оқу жоспарының көшірмесі




Курс

Семестр

Кредит

саны

Дәріс

Прак

саб.

СОӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Қорытынды бақылау

4

7

2

30

15

22,5

67,5

135

Емтихан




    1. Пәннің пререквизиттері: қажетті білім

  • Педагогика;

  • Психология;

  • Жасөспірімдер физиологиясы.


Постреквизиттер:

  • еңбек құқығы;

  • құқық қорғау органдары;

  • азаматтану курсы;

  • отбасы құқығы;

  • кәсіпкерлік құқық;

  • қылмыстық құқық;

  • экономикалық теория.


2. Курстың қысқаша мазмұны:
«ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» КУРСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылданды. Қаулыда құқықтық оқуды мектептерде бастауыш сыныптардан бастап неғұрлым кең көлемде енгізу қажеттігі атап көрсетілді. Бұдан шығатын тұжырым не? Ол тәуелсіздік тұғырына көтерілген Қазақстанның алдында білім беру саласында жаңа қажеттіліктердің пайда болуы. Ғылым мен техниканың тез даму қарқыны, өндіріске шетелдік және отандық озық, жаңа технологиялар мен әдістердің енуі, қоғамның жаңа экономикалық қатынастарға көшуі республикамыздың білім беру саласында жүргізіп жатқан реформалық өзгерістерді жетілдіруді, білім сапасын арттыруды талап етеді.

Тиімді білім беру жүйесін қабылдау үшін қазіргі білім беру жүйесін қоғамның даму мақсатына сай қалыптастыруға бағыттау керек.

Қазақстандағы экономикалық реформа бұған дейін қалыптасқан экономика ғылымы, экономикалық білім мен практика арасындағы қарым- қатынас жүйесін өзгертті. Нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты экономикалық білімге деген сұраныс күшейді. Экономикалық білім тек экономика мен басқарудың түрлі саласында қызмет істейтіндірге, ғылым экономистерге немесе экономика пәнін оқытатындарға ғана керек емес, сонымен қатар экономикалық білім күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді шешуде қоғамның әрбір мүшесіне қажеттілігін бүгінгі өмір талабы көрсетіп отыр.

Курстың мақсаты – дүниеге этикалық жауапкершілікпен қарайтын, шығармашылық ойлауға дағдыланған, құқықтық және экономикалық мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол және білікті маман даярлау.

«Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі» өзінің міндеттері ретінде мыналарды анықтайды:



  • оқытудың тиімді әдістерін пайдалана отырып құқықтық және экономикалық білім беруді жүйелеу;

- құқықтық және экономикалық ғылым материалдары негізінде оқушыларды тәрбиелеуге студенттерді даярлау.

Құқық және экономика негіздерін оқытудың әдістемесі – құқықтық және экономикалық білімдерді игеру арқылы жастарды оқыту және тәрбиелеуді мақсат етіп қойған жоғарыда аталған ғылымдардың мазмұны мен қағидаттарына сүйене отырып мемлекет пен құқықтың пайда болып, даму заңдылықтарын оқытатын және экономикалық қатынастар туралы мағлұмат беретін педагогикалық ғылым болып табылады. Бірақ, құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі құқық пен экономиканың жалпы мазмұнын зерттеу арқылы өз оқыту үрдісін педагогикаға сүйене отырып құрады.

Құқық және экономика негіздерін оқытудың әдістемесінің негізгі міндеті – студенттерді терең құқықтық және экономикалық біліммен қамтамасыз ету және құқықтық, экономикалық тәрбие беру. Аталмыш мәселелер сәтті шешілу үшін құқық және экономика негіздерін оқытудың әдістемесі заң ғылымдарының мазмұнын талдайды, одан мәнді айғақтарды, ұғымдарды, негізгі экономикалық заңдылықтарды жинақтайды. Мемлекет көлемінде шығарылып жатқан құқықтық – нормативті актілерді, келеңді көзқарастарды басшылыққа ала отырып құқық және экономика негіздерін оқытудың әдістемесі студенттерді құқықтық және экономикалық білім беруде алдыңғы қатарлы технологиямен қаруландыруды көздейді. Осы көзқарас бойынша алып қарар болсақ, құқық және экономика негіздерін оқытудың әдістемесін құқықтық пән ретінде де қарастырылады және ол әрқашан қазіргі құқықтық жағдайлардың деңгейінде болады.

Аталмыш курсты оқу барысында студент білуі керек:



  • мектепте құқық және экономика негіздерін оқытудың әдістемесін меңгере алу;

  • құқық және экономика негіздерін оқытудың жаңа тәсілдерін меңгеріп, жүзеге асыра алу;

  • құқық және экономика негіздері мұғаліміне қойылатын талаптарды ұстану;

  • құқықжәне экономика кабинеттерін қазіргі талапқа сай безендіре алу қабілетін ашу;

  • құқық және экономика негіздері сабағында және сабақтан тыс оқушыларды құқықтық және экономикалық тәрбиелей білу.




  1. «ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» ПӘНІНІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ МАЗМҰНЫ






Тақырыптар

Дәріс

Семинар

СӨЖ

СОӨЖ

1

«Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі» курсының пәні, атқаратын қызметтері.

1

-

1

4

2

Қазақстан Республикасындағы құқықтық және экономикалық білім берудің пайда болуы, дамуы және қалыптасуы.

1

-

1

4

3

Мектепте құқықтық және экономикалық білім негіздерін оқытудың ғылыми-әдістемелік, әдіснамалық негіздері.

1

1

1

4

4

Мектептегі құқық және экономика негіздері курсының мақсаты, мазмұны, міндеттері мен құрылымы.

1

1

1

4

5

Оқушыларда құқықтық және экономикалық білімді қалыптастыру сатылары.

2

1

1

4

6

Құқық және экономика негіздерін оқытуды ұйымдастырудың нысандары.

2

1

1

4

7

Құқықтық және экономикалық құжаттар мен өзге де дерек көздерін оқытудың әдістері

2

1

2

4

8

Құқық және экономика негіздерін оқу саласындағы бағдарламалар, оқулықтар, әдістемелік әдебиеттерді талдау тәсілдері.

2

1

1


4

9

Оқушылардың біліміне, біліктілігіне, тәрбиелік дәрежесіне қойылатын мемлекеттік стандарт талаптары.

2

1

1


4


10

Курс бойынша сабақта және сабақтан тыс оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру.

2

1

2


4


11

«Құқық және экономика негіздері» курсы бойынша әдістемелік нұсқаулар мен бағдарлама.

2

1

2

4

12

Құқықтық және экономикалық білім берудегі курсішілік, курс және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру.

2



1

1

4

13

Құқық және экономика негіздері сабағында баспа деректермен жұмыс істеу тәсілдері.

2

1

1


4

14

Құқық және экономика негіздері сабағында жаңа педагогикалық, ақпараттық технологияларды қолданудың әдістемелік жолдары.

2

1

2


4


15

Құқық және экономика негіздері сабағында оқылған материалдарды қайталау, тексеру және бағалау әдістемесі.

2

1

2,5

4

16

Мектепте құқық және экономика негіздері кабинеттерін жарақтандыру.

2

1

1

4

17

Құқық және экономика негіздері мұғалімі.

2

1

1

3,5




Барлығы

30

15

22,5

67,5




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет