Құқық негіздері пәні бойынша емтихан сұрақтары


Әкімшілік жазаның түрлеріне



бет3/11
Дата03.10.2023
өлшемі74,49 Kb.
#183522
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Антикор жауаптары

Әкімшілік жазаның түрлеріне:
- ескерту жасау;
- әкімшілік айыппұл салу;
- әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей
обьектісі болған заттың өтемін төлеп алып қою;
- әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей обьектісі болған, әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан алынған кірістерді, ақшаны ж\е бағалы қағаздарды тәркілеу;
- арнаулы құқықтан айыру;
- лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе қызметтің белгілі бір түріне берілген не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру;
- жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру н\е оған тыйым салу;
- өз бетімен салынып жатқан н\е салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;
11. Құқықтыққатынас түсінігі
Құқықтық қатынастар ұғымы заң ғылымының негізгі ұғымдарының бірі болып табылады. Бұл - субъектілердің бір-біріне деген құқықтар мен міндеттемелерден көрініс табатын, ішкі мазмұнында құқық субъектілері арасында заңдық байланысы бар құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас.
Құқықтық қатынасқа қатысу үшін болашақ қатысушылардың барлығына және әрбіріне заңмен белгіленген немесе танылған белгілі бір қасиеттерінің болуы керек. Бұл қасиеттердің жиынтығы тұлғаның немесе ұйымның құқық субъектілігі ұғымын құрайды. Оған жататындар:
Құқық қабілеттілігі - субъектінің заңмен белгіоенген құқық пен міндеттемелерге ие болу мүмкіндігі. Субъектіде туғаннан бастап пайда болып, өмірден қайтқан соң аяқталады;
Іс-әрекет қабілеттілігі - тұлғаның заңмен белгіленген құқықтар мен міндеттемелерді өз іс-әрекеті арқылы ала алу және іске асыру мүмкіндігі;
Заңдық деректер - құқық нормасының гипотезасында қарастырылған құқықтық қатынастардығ пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері. Олар оқиғалар, яғни адамдардың еркінен, санасынан тыс жағдайлар мен іс-әрекеттер, яғни адамдардың саналы әрекеті болып бөлінеді. Іс-әрекет заңға сәйкес немесе заңға қайшы болуы мүмкін.
12. Конституция ұғымы және оның мәні
Конституция ( латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.
Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархияларда (Сауд Арабиясында, Оманда) ғана Конституция жоқ. Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық болып табылады.
1995 жылдың 30-ыншы тамызында Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басқан еді. Содан бері тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң - мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды. Өткен он жеті жылдан бері мемлекет пен қоғамның дамуындағы өзгерістер - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнығу талпыныстарының бәрі - Ата заң қағидалары негізінде жүзеге асырылып келеді.
Тоқтала кететін тағы бір жайт, Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады екен. Расында, бүкіл мемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдіктің бастауы болып табылатын құжат енді ғана 17 жасқа толып отыр. Әрине, тарихи ауқыммен алыр қарағанда, бұл азғантай ғана мерзім. Десе де, осындай алмағайып заманда Қазақстанның Ата заңы уақыттың сынынан сүрінбей өтті, өзінің заман талабына лайықтығын жан-жақты дәлелдеді. Ал көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады екен. Бұның өзі Ата заңымыздың үлкен әлеуетін білдірсе керек.
13. Әкімшілік құқықбұзушылық және оның құрамы
Жалпы әкімшілік құқық-қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы, құқықтың бір саласы.
Жеке адамның, әкімшілік кодекс бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана н\е абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі н\е заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылықдеп танылады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың обьектісі мемлекеттік әкімшілік құқықтық нормалар реттейтін қоғамдық қатынастар саласы болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылықтың субьектісі болады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілері «әрекет» ж\е «әрекет-сіздік» болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет