Құқық негіздері пәні бойынша емтихан сұрақтары



бет11/11
Дата03.10.2023
өлшемі74,49 Kb.
#183522
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Антикор жауаптары

Ю. Либих "Минимум заңы"Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды. Сондыктан организм үшін факторлардың бұрыннан қалыптасқан жиынтығы ғана қажет. Ал басқа факторлар оның қалыпты тіршілігіне кері әсерін тигізеді. Яғни, әрбір организмге әсер ететін факторлардың төменгі және жоғарғы шегі болады және бір фактор шешуші роль атқарады. Бүл заңдылықты неміс химигі Ю. Либих (1948 ж.) ашқан. Оны "Минимум заңы" дейді. Бұл заңның өмірде практикалық маңызы зор. Өйткені, организмдердің ең қажетті шектеуші факторларын біле отырып мол өнім алуға немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.

  1. Шелфордтың толеранттылық заңы. Төзімділік шегі.

В.Шелфордтың төзімділік (толерантность) заңыШешуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Төзімділік (толерантность) заңы В.Шелфордтың есімімен аталады. Заңның негізі организмдердің факторларға деген талғамның шектелуі. Кез келген организмнің төзімділік шегі болады. Егер төзімділік шегінен шығып кетсе организм тіршілігін жояды. Мәселен, қатты қуаңшылық жылдары өсімдіктердің қурып кетуі, ал су қоймаларының пестицидтермен ластануы балықтардың жойылуына әкеп соғады. Организмдердің төзімділік шегін білудің практикалық маңызы бар. Әсіресе, жабайы андар мен құстарды, өсімдіктерді жерсіндіру жұмыстарында төзімділік заңының негізгі тәртіптері ескеріледі.
Табиғатта организмдердің көптеген түрлері экологиялық факторлар жиынтығына, оның шекті мөлшері мен төзімділік шегіне бағына бермейді. Керісінше қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тірші-лігін жалғастыра береді. Организмдердің бүл тобын эврибионтты түрлер дсйді. Мәселен, Қазақстанға жерсіндірілген ондатра, көгілдір түлкі, бүлғынды, ал кездейсоқ жолдармен енген колорадо қоңызын, ақ қанатты американдық көбелекті, т.б. көптеген арам шөптерді мысалға келтіруге болады.

  1. Табиғи ресурстар. Табиғи ресурстарды жіктеу.

Табиғат ресурстары — табиғат элементтері, барлық табиғи шарттар жиынтығының бір бөлігі және қоғам мен қоғамдық өндірістің әртүрлі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін өндірістік күштердің берілген даму деңгейінде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін табиғи ортаның маңызды құрамдас бөлшектері. Табиғи ресурстар оның үдерісі кезінде пайдалануға және кейіннен қайта өңдеуге ұшырайтын табиғатты пайдалану нысаны болып табылады. Табиғат ресурстарының басты түрлері — Күннің қуаты, Жердің ішкі жылуы, су, жер және минералдық ресурстар — еңбек құралдары болып табылады. Өсімдік ресурстары, жануарлар әлемі, ауызсу, жабайы түрде өсетін өсімдіктер — тұтыну заттары болып табылады. Ресурстардың табиғи шығу тегін, сонымен қатар олардың зор экономикалық мәнін ескере отырып, табиғат ресурстарының келесі жіктеулері зерттеліп әзірленген.
Табиғат ресурстарының түрлері — табиғат ресурстарын табиғаттық топтар бойынша жіктеу: минералдық (пайдалы қазбалар), су, жер (оның ішінде топырақты), өсімдік (оның ішінде орманды), жануарлар әлемі, ауа райы, табиғи үдерістер қуатының ресурстары (Күн жарығы, Жердің ішкі жылуы, жел қуаты және т.б.). Өсімдіктер және жануарлар әлемі ресурстары көбінесе биологиялық ресурстар түсінігіне біріктіріледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет