23
Бөлім
Жеке құқық
Тақырып
Қазақстан Республикасындағы отбасы құқығының қайнар
көздері
Оқу мақсаты
10.3.3.1
Отбасылық
қарым-қатынастар
саласындағы
нормативтік құқықтық актілердің қажеттілігін түсіндіру
(«Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы
кодексі», «Қазақстан Республикасының бала құқықтары
туралы заңы»)
Бағалау критерийі
Білім алушы
Отбасылық құқықтық қатынастардағы нормативтік-
құқықтық актілердің қажеттілігін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Нормативтік-құқықтық актілерге сүйене отырып сұраққа жауап беріңіз.
ҚР Неке және отбасы кодексінен үзінді
10-тарау. БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
60-бап. Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы
Өзiнiң мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, әрбiр баланың отбасында өмiр
сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-аналарын бiлуге құқығы, олардың
қамқорлығында болуға құқығы, олармен бiрге тұруға құқығы бар.
Баланың өз ата-анасының тәрбиесіне, өз мүдделерiнің қамтамасыз етiлуіне, жан-жақты
өсiп-жетiлуiне, өзінің адами қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне құқығы бар.
66-бап. Баланың мүліктік құқықтары
1. Баланың өзi ата-аналарынан және отбасының басқа да мүшелерiнен осы Кодекстің 5-
бөлімінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде күтіп-бағу қаражатын алуға құқығы бар.
3. Баланың өзі алған табыстарға, өзi сыйға немесе мұрагерлiк тәртiппен алған мүлiкке,
сондай-ақ оның өз қаражатына алынған басқа да кез келген мүлiкке меншiк құқығы бар.
Өз еңбегiнен табыс алатын бала, егер ол ата-аналарымен бiрге тұрса, отбасын күтіп-бағу
жөнiндегi шығыстарға қатысуға құқылы.
4. Бірге тұратын бала мен ата-аналар бір-бірінің мүлкін өзара келісім бойынша иеленіп,
пайдалана алады.
Мәтін(заңнан үзіндіні) мен өз біліміңді пайдалана отырып отбасылық құқықтық
қатынастардағы нормативтік-құқықтық актілердің қажеттілігін түсіндіріңіз.
________________________________________________________________________________
Дескриптор
Білім алушы
-
Өз білімі мен мәтінге сүйене отырып отбасылық қатынастарда
нормативтік-құқықтық актілердің қажеттілігі дәлелдеп
бағалайды.
|