ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ Тұрсынова Назерке э-103 Құқықтың дамуы - адам қоғамының дұрыс өмiр сүруiнiң негiзгi обьективтiк заңдылықтарының бiрi. Ол - әлеуметтiк нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, дiни нормалары) қоғамның даму процесiнде бiрте-бiрте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттiң өзi қабылдаған, бекiткен құқықтың жаңа түрлерi пайда болды: заң, заңға тәуелдi кесiмдер, шарттық нормалар, заң күшi бар соттың шешiмдерi.
Мемлекеттiң және құқықтың пайда болуы туралы теориялар: - Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмiрiмен қалыптасып, дамып келедi деп түсiндiредi.
- Табиғи теория - бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекеттi, құқықты ешкiм ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзi сияқты табиғаттан бастау алып, әдiлеттiлiкке негiзделген абсолюттiк ұғымдар деп атайды.
- Тарихи теория – осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бiрге жетiлдi дейдi.
- Патриархалдық теория - мемлекет адамдардың отбасы тәжрибесiнен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерiнiң мүдде-мақсаттарын iске асыру үшiн бiрiккен одақ деп түсiндiредi. Күрделi iрi патриархалдық отбасы басшысы бiрте-бiрте мемлекеттiң басшысына айналған. Отбасы басшысы - әке, мемлекеттiң басшысы - монарх.
- Психологиялық теория - адамдардың психологиялық бiрiккен көзқарасы, iс-әрекетi, мiнезi, тәртiбi – бәрi келiсiп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және тағы басқалар.
Мемлекет - белгiлi бiр аумақ шеңберiнде халықты өз ырқына көндiрiп отыратын, бүкiл қоғам атынан iшкi және сыртқы саясатты жүзеге асыратын, барлық халыққа мiндеттi заңдар мен ереже-қағидаларды шығарып қабылдайтын, халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси ұйым.
Мемлекеттiң белгiлерiне мыналар жатады: - 1. Мемлекеттiк билiк - ерекше көпшiлiк билiгi, яғни халық билiгi.
- 2. Мемлекеттiң халқы әкiмшiлiк жүйеге бөлiнедi, Азаматтары шекарасы белгiленген әкiмшiлiк-территорияның аумағында тұрады.
- 3. Iшкi және сыртқы саясатын жүргiзуде тәуелсiз.
- 4. Билiк жүргiзетiн органдарының болуы. Бұл органдарда тек қана басқару қызметімен шұғылданатын адамдар болады.
- 5. Заң шығару құқығы болады және заңдарды мемлекеттiң аумағында тұратындардың бұлжытпай орындауы.
- 6. Мемлекеттiң басқару органдарының аппаратын ұстауы және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін салық жинауы.
Мемлекеттiң нысаны: - басқару нысаны
- мемлекеттiк құрылым нысаны
- саяси режим
Басқару нысанына - оның жоғарғы, орталық және жергiлiктi органдарының құрылу жолдары, олардың қарым-қатынасының принциптері және оларды сайлаудың түрлері мен ерекшеліктері жатады.
- Мемлекеттiң басқару жолы монархия және республика деп екi түрге бөлiнедi. Монархияда жоғарғы билiк бiр адамның қолында болады және бұл билiк мұрагерлiкпен берiледi. Мысалы, оған жататындар Англия, Бельгия, Норвегия, Швеция, Жапония және Дания елдері.
Мемлекеттiк құрылым нысаны - Бұл - мемлекеттiң жергiлiктi әкiмшiлiкке бөлiнуi, сол бөлiмдердiң бiр-бiрiмен қатынасы және мемлекет пен бөлiмдердiң арасындағы байланыстары. Мемлекеттер осы бойынша унитарлық, федеративтiк және конфедеративтiк болып үшке бөлiнедi. Мысалы: Қазақстан Республикасы унитаралық мемлекет - оның жерi тұтас, ол бөлiнбейдi және оған қол сұғуға болмайды.
Саяси режим - Мемлекеттiң саяси режимiн, оның қолданатын әдiстерiнен, азаматтарды құқықтары мен бостандықтарының дамуы және кепiлдiктерi, демократиялық институттарды қолдануынан бiлуге болады. Саяси режим демократиялық, демократияға қарсы болған режимдер болып бөлiнедi.
Мемлекеттiң iшкi қызметтеріне: - - экономикалық;
- - әлеуметтiк;
- - қаржы реттеу;
- - мәдениет бағытындағы;
- - экологиялық;
- - құқықтық тәртiптi реттеу жатады.
Сыртқы қызметтеріне: - - шет мемлекеттермен екi жақты пайдалы қарым-қатынастарды дамыту;
- - мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамытып, жақсарту;
- - мәдени және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қалыптастыру;
- - дүниежүзiлiк ғаламдық мәселелердi реттеп, iске асыру;
- - мемлекеттiң қорғанысын, қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi және т. б. жатқызуға болады.
Құқықтық мемлекеттiң негізгі сипаттары: - Заңның үстемдiк етуi.
- Мемлекеттiк билiктiң бөлiнуi.
- Тұлға мен мемлекеттiң өзара жауаптылығы.
- Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шын мәндiлiгi, олардың құқықтық және әлеуметтiк қорғалатындығы.
- Саяси және идеологиялық плюрализмнiң болуы.
- Азаматтық қоғамның қалыптасуы.
- Iшкi заңдардың көпшiлiк таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптерiне сәйкес келуi.
ҚҰҚЫҚ - мемлекет орнатқан және оның күшiмен қорғалатын, жалпыға бiрдей қоғамдық қатынастарды реттейтiн тәртiп ережелерiнiң (нормалардың) жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |