Құқық негіздерінің қайнар көздері


Заң ғылымдары үш топқа бөлінеді



бет3/116
Дата17.02.2022
өлшемі1 Mb.
#132231
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116
Байланысты:
350093 2
1508-29a Жұмаева Н., 1508-29a Жұмаева Н., 1508-29а Жұмаева Назым, Жұмаева Н. Философияның таңдаулы 25 кітабы, Ерубаева Ж.С., К. Айткалиева, Bushmanova Assem
Заң ғылымдары үш топқа бөлінеді:
1. Мемлекет және құқық теориясы, мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы, құқық пен саясаттың тарихи дамуы;
2. Салалық заң ғылымдары (азаматтық, қылмыстық, еңбек т. б.)
Құқық негізі жөнінде әңгімелегенде, бәрінен бұрын құқықтың пайда болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы әңгімеге арқау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік-жігері және ең соңында қоғамның материалдық тұрмыс жағдайлары.
Бұл тұрғыдан құқық негіздерін кең мағынада түсіндіреді. Сондай бола тұрса да «құқық негіздері» ұғымының тар мағынасы да бар. Заң ғылымында «құқық негіздері» дегеніміз - қоғамдық қатанастарды реттейтін, ресми түрде бекітілген, жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін қоғамның ерік-жігері.
Әдетте құқық негіздері төрт түрге бөлінеді: құқықтық әдеттер, сот прецеденттері (үлгілер), құқықтық келісім-шарттар, нормативтік-құқықтық актілер.
Құқықтық әдеттер - қоғам өмірінен шыққан, адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін ресми түрде бекітілген әдет-ғұрыптар.
Кезінде қазақ даласында құқықтық әдет-ғұрыптар қоғамдық қатынастардың негізгі реттеушісі болған.
Оған дәлел «Қасым ханның қасқа жолы» (XV ғ.), «Есім ханның ескі жолы» (XVI ғ.), Тәуке ханның «Жеті жарғысы» (XVIII ғ.). Сонымен қатар қазақ қоғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық құқықтық әдеттерін дамытқан. Қиыннан қиыстырып тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді қарағанда күші бар құқықтық норма ретінде пайдаланылған. XIX ғасырда билер съезінде қабылданған ережелерде құқықтық нормалар жазылып, нормативті актілер ретінде пайдаланылған. Солармен қатар қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық әдеттер де қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып отырған. Құқық прецеденті - жоғары мемлекет (сот) органдары қабылдаған нақты шешім. Осы шешім төменгі мемлекет (сот) органдарына ұқсас істерді шешкенде негіз болады. Құқық прецендентінің шыққан елі - Англия. Қазіргі заманда құқық прецеденті Англия, АҚШ, Үндістан, Австралия мемлекеттерінде құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады.
Құқықтық келісім-шарт екі немесе көп жақтың өз еркімен жасалған, ресми түрде бекітілген, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін келісім-шарт.
Қазіргі заманда құқықтық келісім-шарттар халықаралық қатынастарда құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Нормативтік-құқықтық актілер - құқықтың ең басты қайнар көзі негізі ретінде танылады.
Нормативтік-құқықтық акті (НҚА) - мемлекеттік органдар ресми түрде қабылдаған, жалпы ережелерден тұратын, қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей міндетті құжат, яғни акті.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасында ұлттық құқық тек қана нормативтік актілер арқылы қалыптасуда. Құқықтың нәр алатын бастауы - Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Одан төмен - конституциялық заңдар. Ондай заңдар ерекше қатынастарды реттейді. Одан кейінгі - жай заңдар. Конституцияға өзгерістер мен қосымшаларды республикалық референдум немесе Парламент енгізеді. Конституциялық және жай заңдарды Парламент қабылдайды. Парламент Президентке бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге қақылы. Конституцияда аталған жағдайда Президент заң күші бар Жарлық шығаруға қақылы. Президент өз өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша нормативті Жарлық шығарады. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз құзырындағы мәселелер бойынша Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулылар шығарады. Конституциялық Кеңес өз құзырындағы мәселелер бойынша нормативті қаулылар шығаруға құқылы. Ол Қазақстан құқығының құрамды бөлшегі болып есептеледі. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты да құзырына жататын мәселелер бойынша нормативті қаулылар қабылдауға құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет