Құқық негіздерінің қайнар көздері


Адам және азамат, құқықтары мен бостандықтары



бет15/116
Дата17.02.2022
өлшемі1 Mb.
#132231
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   116
Байланысты:
350093 2
1508-29a Жұмаева Н., 1508-29a Жұмаева Н., 1508-29а Жұмаева Назым, Жұмаева Н. Философияның таңдаулы 25 кітабы, Ерубаева Ж.С., К. Айткалиева, Bushmanova Assem
Адам және азамат, құқықтары мен бостандықтары
Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық байланысын айқындайды, бұл байланыс олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығынан көрінеді. Қазақстан Республикасында әрбір адамның азаматтық алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады. Қазақстан Республикасының азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды.
Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болып табылады. 16 жасқа дейінгі баланың азаматтығы оның туу туралы куәлігімен, ата-анасының қайсысының болса да паспортымен расталады. Қазақстан Республикасының азаматтығы, оның қандай негізде алынғанына қарамастан, бірыңғай және тең болып табылады.
Қазақстан Республикасы азаматының республикадан тыс жерлерде тұруы Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға әкеп соқтырмайды.
Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматшасының республика азаматы емес адаммен некеге тұруы, сондай-ақ мұндай некені бұзуы азаматтықтың өзгеруіне әкеп соқтырмайды.
Қазақстан Республикасының азаматтығы:
1) тууы бойынша;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша;
4) заңда көзделген өзге де негіздер бойынша алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет