Жұбайлардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері. Неке шарты.
Неке бұл неке және отбасы заңымен реттелетін тек еркек пен әйел арасындағы бірлескен одақ қана емес сонымен бірге құқық белгілейтін факт.АХАЖ органдарында некеге тұрып ол мемлекеттік тіркелген күннен бастап ерлі-зайыптылар болады нәтижесінде өзара құқықтар мен міндеттер пайда болады. Ерлі-зайыптылар арасындағы туындаған құқықтар мен міндеттер жеке және мүліктік болып 2-ге бөлінеді. Жеке құқықтардың мүліктік құқықтардан айырмашылығы сол жеке құқықтар экономикалық мазмұнға ие болмайды. Ол адамның жеке басымен тығыз байланысты және оның ажырамас бөлігі болып табылады.Ол ҚР-ның Конституциясында көзделген яғни әркімнің жеке өміріне өзінің және отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына құқығы бар деп көрсетілген.
Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарының белгілері
1 Жеке құқық құқық иесінен бөлінбейтіндігімен;
2 Іандай да болмасын мәміленің пәні бола алмайтындығымен;
3 Ақша эквиваленті болып табылмайтындығымен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |