Құқық негіздерінің қайнар көздері



бет48/116
Дата17.02.2022
өлшемі1 Mb.
#132231
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   116
Байланысты:
350093 2

Неке және отбасы туралы Заңның 107- бабы қандай да бір азаматты (адамды) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы шешім қабылдаған сотты үш күн ішінде қабылданған шешім туралы әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілетілегі шектеулі адамның тұрғылықты жері бойынша оған қорғаншылық және қамқоршылық белгілеу үшін қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға меіндеттейді.
Қорғаншылық пен қамқоршылықтың құқықтық режимі бір-біріне сәйкес келмейді. Заңды әрекеттерді өз бетінше жүргізе алмайтын адамдарға қорғаншы белгіленеді, сондықтан қорғаншы қорғаншылыққа алынғандардың атынан әрекет ете отырып, олардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырады, мүддесін қорғайды. Қамқоршылық жасаудағы мақсат – қамқорлыққа алынғандардың өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруларына көмектесу, оларды басқа біреулердің қиянатынан қорғау болып табылады. Қорғаншылар заң жүзінде қамқоршылыққа алғандардың өкілдері болып табылады және барлық қажетті мәліметтерді оладың атынан және олардың мүдделерін көздеп жасайды. Қамқоршылығындағы адамдардың өз бетінше жасауға құқығы жоқ мәмілелерді жасауға келісім береді, қамқоршылығындағылардың өз құқықтарын жүзеге асыруына және міндеттерін атқаруына жәрдем көрсетеді, сондай-ақ оларды үшінші бір тұлғалардың тарапынан ықтимал қиянаттардан қорғайды.Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, қоғаншалық және қамқоршылық жөніндегі міндеттер тегін атқарылады. Қорғаншы қамқоршылығына алынғандарды өз есебінен асырап –бағуға міндетті емес.Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағуға міндетті емес. Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағу қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағу қамқоршылыққа алынушыны алатын жалақысы, алименті, зейнетақысы және басқа да әлеуметтік төлемдері есібінен, сондай-ақ оған тиеселі мүліктер есебінен жүзеге асыралады.Қамқоршылыққа алушысы асырап-бағуға жеткілікті қаражат болмаған кезде, қорғаншы мен қамқошы органдар оны асырап-бағуға жәрдемақы тағайындайды. Қорғаншылар мен қамқоршылар өздерінің қамқорлығына алынғандарды асырап-бағуға, оларды бағып-күту мен емдеуді қамтамасыз етуге, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қамқорлық жасауға міндетті. Аталған міндеттер сот әрекет қабілеттігі шектеулі деп таныған кәмелетке толған адамдардың қамқоршылығына жүктеледі.Спирттік ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салыну салдырымен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілетті шектеуі деп танылған адам жөніндегі негіздер жойылса, қорғаншы немесе қамқоршы қамқорлыққа алынушыны әрекетке қабілетті деп тану туралы және одан қорғаншылық пен қамқоршылықты алып тастау туралы сотқа өтініш беруге міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет