Ата-ана шектеудің салдары.Ата-ана құқықтарын шектеу ата-аналарды баланы асырау жөніндегі міндеттерінен босатпайды.
Ата-анасының екеуінің де ата-ана құқықтары шектелген жағдайда бала қорғаншы және қамқоршы органның қамқорлығына беріледі.
Ата-ана құқықтарын сот шектеген ата-аналарға, егер олар балаға зиянды әсерін тигізбесе, баламен қатысуға рұқсат етіледі. Ата-аналардың баламен қатысуына қорғаншы және қамқоршы органның не қорғаншысының, баланың патронат тәрбиелеушілерінің немесе бала тұратын мекеме әкімшілігінің келісімімен жол беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |