Құқық негіздерінің қайнар көздері
Жүйе деп әртүрлі байланыстарымен және өзара қатынастарымен біріккен жеке элементтерден тұратын күрделі ұйымдасқан тұтастық түсініледі.
Элемент - бұл күрделі тұтастықтың құрамды бөлігі. Демек, жүйе ішкі құрылысты, құрылымды, байланысты, бөлшекке даралап бөлуді мегзейді. Сонымен бірге жүй е белгілі бір заңдар немесе принциптер бойынша реттелген жеке элементтерден тұратын біртұтас құрылым болып табылады. Құқық теориясында жүйе деп реттелінетін қоғамдық қатынастардың сипатымен айқындалатын тарихи қалыптасқан, ақиқат бар құқықтың ішкі құрылымы түсініледі.
Жүйелер туралы жалпы теория идеяларын құқық жүйесін сипаттағанда толығынан қолдануға болады. Оның аса маңызды белгілері: біріншіден, құқық нормаларының тұтастығы, бірлігі; екіншіден, құқықтың жүйелілігі болып табылады. Соңғыны құқық жүйесінің сыртқы қасиеті ретінде айыруға болады. Оның ең басты сапасы - қайшылығы жоқтығы, үйлесімсіз ережелердін болмауы.
Құқық жүйесін жеке бөліктерге бөлу қандай да болсын нормалаудың қоғамдық қатынастардың қай саласын реттейтіндігіне байланысты, яғни құқық жүйесінде салаларды бөлудің белгісі құқықтық реттеудің тақырыбы болып табылады.
Құқық жүйесінде салаларды бөлудің қосымша белгісіне құқықтық реттеудің әдісі жатады, ол дегеніміз заңдык тәсілдер мен амалдардың жиынтығы, солардың көмегімен сапасы жағынан біртектес, жекеленген қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылады. Оны құқықтың салаларын бөлудің заңдық белгісі деп айтады.
Құқықтық реттеу тақырыбы бойынша ерекшеленетін құқық жүйесінің жеке бөліктері құқық салалары деп аталады, олар біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы ретінде түсініледі.
Егер нормативтік нұсқама (құқық нормасы) құқықтың бастапқы элементі, негізгі клеткасы, тұтас құқықтык материя болатын болса, онда құқықтық институт құқық саласының негізгі элементі, саланың бастапқы, дербес құрылымдық бөлшегі болып табылады, онда құқықтық нормалар өздерінің заңдык мазмұны бойынша топтастырылады. Заңдық нормалар саланы тікелей емес, құқықтық институттар арқылы құрады. Құқықтық институт - бұл біртектес қоғамдық қатынастардың дербес түрін реттейтін құқық саласының бөлігі.
Ғылымның немесе оқу құралының өзіндік реттейтін, оқытатын пәні болады. Мемлекет және құқық пәні - қоғамдағы саяси экономикалық, әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Ол мемлекет пен құқықтың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді. Мемлекет пен құқықты бөліп қарауға болмайды, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Құқық мемлекеттік органдардың құрамын қалыптастырудың ретін, жұмыс тәртібін және оның бағыт-бағдарын орнықтырады, ал мемлекет құқықтық нормаларды қабылдайды, бекітеді және қорғайды.
Методология (әдіс-тәсіл) - дүниені философиялық тұрғыдан түсіндіретін ілім. Ғылыми методологияның негізі - диалектикалық материализм. Мемлекет және құқық теориясының методологиясы философияның обьективтік заңдарына, теориялық қағидаларына сүйене отырып, логикалық әдіс-тәсілдер арқылы мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму заңдылықтарын зерттейді. Бұл зерттеу процесінде теория мен тәжрибенің бірлестігіне сүйене отырып, қортынды ғылыми тұжырымдар жасалады. Сонымен мемлекет және құқық теориясының әдісі - диалектикалық материализм методологиясы және заң ғылымдарының зерттеу тәжірибесінен қалыптасқан әдіс-тәсілдер.
Адам қоғамының тарихын, даму процесін, мазмұнын, болашағын зерттейтін ғылымдарды қоғамдық ғылым дейді. Оның салалары: философия, саяси экономика, тарих, социология, заң ғылымдары, филология, археология, этнография т. б. Бұлардың ішінде мемелекет пен құқық теориясына кеңірек көңіл бөлетін философия мен тарих, ал басқалары қысқаша тоқтап өтеді
Заң ғылымы – қоғам ғылымдарының бір саласы. Заң ғылымы шын және толық мәнінде заң дүниесін, заң құрамын жете танитын ғылым болып XIX ғасырдың ортасында қалыптасты. Бұл ғылым мемлекет пен құқықтың өмірге келуін, мазмұнын, атқаратын жұмыстарын, диалектикалық даму процесін т. б. мәселелерін зерттеумен шұғылданады.
Заң ғылымдары үш топқа бөлінеді:
1. Мемлекет және құқық теориясы, мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы, құқық пен саясаттың тарихи дамуы;
2. Салалық заң ғылымдары (азаматтық, қылмыстық, еңбек т. б.)
.Құқық теориясының негіздері.Мемлекет және құқық теориясының қалыптасуы мен дамуның тарихы.
Мемлекет басқа ұйымдардан қоғамда әрекет ететін құрылымдарымен және институттарымен, егемендік сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Бұл қасиет мемлекетті басқа ұйымдардан, қоғамның құрылымдары мен институттарынан жоғары қойып, оған өзіндік басымдық, қайталанбас ерекшелік береді. Егемендіктің екі құрамдас бөлігі бар: үстемдік және тәуелсіздік. Мемлекеттік биліктің үстемдігі деп өз аумағындағы ең жоғары билікті айтады. Аумағындағы жұмыс істеп тұрған барлық ұйымдар, бірлестіктер, құрылымдар мен тұлғалар мемлекетгің басымдық ролін мойындайды, өздерін оның мәртебесі мен маңызынан төмен қояды. Олар мемлекеттік биліктін бұйрығын орындауға, мемлекеттің белгілеген тәртібін сактауға міндетті. Мемлекетке тиесілі аумақта бірде бір ұйым, бірлестік немесе құрылым мемлекетке қарсы келе алмайды. Егемендіктің екінші бір құрамдас бөлігі болып саналатын тәуелсіздік дегеніміздің мәнісі, мемлекет өзінің билігін дербес жүргізеді, өзінің стратегиялық бағыты мен тактикалық жолын өзі таңдайды, өз ісіне ешкімді араластырмай, ішкі және сыртқы саясатын өзі жасайды, басқаның үстемдігіне жол бермейді. Тәуелсіздік ұғымының ішкі аспектісі мемлекеттің ішінде жұмыс істейтін бірде-бір ұйымның, бірлестіктің және құрылымның мемлекетгік биліктің дербестігіне қол сұға алмайтындығына ерекше көңіл аударуға міндеттейді. Ал тәуелсіздіктің сыртқы аспектісі, егемен мемлекет басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дербес қарым-қатынасты сақтайды дегенді білдіреді.
«Құқық» терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құқықтың мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз.
Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, «құқық» - ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда «құқық» түсінігі субъективтік (тұлғалар) мағынада қолданылады.
Субъективтік (тұлғалар) құқық - тұлғалардың мүддесін қанағатгандыру мақсатымен құкықтық нормалардын құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері. Мұндай мүмкіндіктер құқықтық қатынастарға қатысатын тұлғалардың мінез-құлқының шегін анықтайды. Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті.
Заңи тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып, заңи негізде мүлікке ие болуға хақылы. Ол мүлікті өз игілігі үшін пайдаланады. Сонымен қатар, өз мүлкін пайдаланғанда қоғамның, басқа адамдардың мүдделеріне зиян келтірмеуі керек. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: «Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс» (6-бап).
Субъективтік (тұлғалық) құқықтық міндет - құқықтық мүмкіндік берілген құқық тұлғасының заңи мүддесін (талабын) орындату үшін басқа құқық тұлғасына жүктелген міндет. Бұл міндет құқықтық қатынастарға қатысу нәтижесінде жүзеге асырылып, мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы (міндетті орындамаған жағдайда) қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |