І. Негізгі бөлім 1 Нанның тарихы



бет3/6
Дата11.09.2024
өлшемі69,8 Kb.
#204086
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жобалау Нан

1.3. Нанның түрлері
Көшпелі өмір салтында өте бір қуатты адамдарда болмаса , жұртты ң көбінің қолына қап-қап ұн түсе бермеген ғой. Сондықтан ұннан жасалатын тағам түрлері сирек ұшырасқан. Ал қазір заман талабына сай ұннан неше түрлі тағамдар әзірленеді. Нанның негізгі түрлерін атап айтар болсақ, бауырсақ, ши бауырсақ, шелпек, қарыма, бәтір нан, күлше, тандыр нан, тоқаш, самса, бөлке,қаттама нан, таба нан, жұқпа нан.
Бауырсақ-кәделі тағам. Кез-келген жиын тойда , сауық кештерде пісіріледі. Бауырсақ ашытылған және ашытылмаған қамырдан пісіріледі.
Ашыған қамырдан пісірілген бауырсақ ыстық майға түскен кезде күмпиіп, домалақ пішінге енеді. Бауырсақтың бұл түрін жер-жерде «тілме», «жалпақ бауырсақ», «қиық бауырсақ» деп әр түрлі атайды. Ал ашытпай пісірген бауырсаққа көбіне май (сорпаның майы, шыжғырылған іш май, сары май), кейбіреулері ас содасын немесе қаймақ қосады. Бауырсақтың бұл түрі кеуіп қалса да, көгеріп бүлінбейді.
Ши бауырсақ- есіп алып кесіп пісіріледі, өте кішкентай болады. Осы қасиеті үшін алысқа жүретін жолаушыға және сәлемдеме үшін пісіреді. Ши бауырсақ деп аталу себебі, бауырсақты кесіп алған соң, шиден шағындап тоқылған шыптаның үстіне қойп, бас бармақпен баса сырғытқан кезде шидің сызықтары түсіп, ширатылып қалады. Ол кепкенмен қасиет, дәмін жоғалтпай, жегенде үгітіліп тұрады.Сондай-ақ, сапалы, жоғары сұрыпты ақ ұннан сүт пен май қосып, ашытпай иленген ақ бауырсақ, иленген қамыр жіңішкелей ширатылып, жіп сияқты есіледі де, қалаш сияқты дөңгелетіліп немесе 10 см-дей ұзынша күйінде пісіріп, үстіне бал жағып, аздап құмшекекр сеуіп пісіретін ширатпақ немесе бұрма бауырсақ дейтін де түрлері болады.
Шелпек- ашыған немесе ашымаған қамырдан жұқалап жайып майға пісіреді. Шелпек те бауырсақ сияқты көнеден келе жатқан нан тағамдарының бірі. Қайтыс болған ксіге ас бергенде дастарқанға ыстық шелпек қойылып , алдымен содан ауыз тию дәстүрі бар. Сондай-ақ қасиетті жұма күндері ертеңгілік «жеті шелпек» пісіріп, құран оқылады. Ал енді кейбір жерлерде жаңа туған бала қырқынан шыққан күні сәбидің «қырық шелпек» шайы деп атап, әжелер мен аналар жиналады, баланың қарын шашын алып, ішіне күміс салынған қырық қасық суға түсіру рәсімдерін жасайды.
Қарыма – көшпелі өмір салтында ұннан жасалатын тағам. Нанның бұл түрі «қарып пісіру» деген сөзден шыққан. Біраз жерлерде «қазанжаппа» деп те атайды. Қарыманы пісіру үшін төңкерілген қамыр қазан түбіне жабысып , жартылай піскен кезде оны қазанмен төңкеріп, оттың табына біраз қояды.
Бәтір нан-ашыған қамырды жұқалап жайып пісірілетін нан.Оны арнайы отын салынған пеште пісіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет