І. Негізгі бөлім Жоба технологиясының теориялық негіздері


Неміс тілі сабағында жоба әдісін пайдаланудың озат тәжірибесімен танысу



бет18/31
Дата09.04.2022
өлшемі63,53 Kb.
#138634
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Байланысты:
дипдип (Автосохраненный)

Неміс тілі сабағында жоба әдісін пайдаланудың озат тәжірибесімен танысу

«Студенттерді педагогикалық практика кезінде шетел тілі сабақтарында жаңа технологияны пайдалануға ынталандыру» атты мақаласында ұсынған жоба жұмысын қарастырайық:


Ұсынып отырған жоба жұмысы «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» тақырыбын қамтиды. Осы жоба жұмысын сабақтан тыс уақытта және сабақ кезінде неміс тілін оқытуда жоғарғы сатыда өткізуге болады.
Жобалық жұмыстың мақсаты:
а) негізгі мақсаты:
1. Сөйлеу (монологты, диалогты) іскерліктерінің қаншалықты дамығандығын тілді қатынас құрылымы ретінде пайдалану барысында тексеру.
2. Сөз әрекетінің басқа түрлері бойынша студенттердің іскерліктері мен дағдыларын ары қарай дамыту, жетілдіру.
ә) жанама мақсаттары:
1. Әр түрлі ақпарат көздерін пайдалану арқылы студенттердің ой-өрісін кеңейту.
2. Студенттердің неміс тіліндегі сөздік қорын дамыту.
3. Студенттердің логикалық ойлау қабылетін, шығармашылық белсенділігі мен өзбеттілігін дамыту.
4. Студенттерді қазақ халқының ұлттық мұрасын қастерлеуге, оны сақтап, әрі қарай дамытуға, сонымен қатар басқа ұлттардың да салт-дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Бұл шараны өткізу барысында дәстүрлі емес сабақ түрін, яғни жобалық әдіс және рольдік ойындар пайдаланылды. Сабақтың ерекшелігі – оның өту барысында студенттердің бір-бірімен қатысымдық іс-әрекетіне түскендігі, яғни сабақты студенттердің шетел тілінде өздері жүргізгендігінде. Мұғалім сабаққа араласпай, тек қана бақылаушы ролін атқарады.
Бұл шара үш бөлімнен тұрады: кіріспе, үй тапсырмасын (жобаны) топ (ұжым) алдында көрсету және қорытынды. Студенттер сабақтың негізгі бөлімінде дайындық кезеңінде қызығушылықтары, қабілеттері, білім деңгейлеріне ойнап (диалог), шағын баяндамалар (монолог) жасап, көріністер (қойылымдар) қойып, яғни жеке, екеу-ара, топтық және ұжымдық жұмыс түрлерін атқарады.
Олардың өздеріне берілген жеке тапсырманы бүкіл ұжым алдында қорғады десек те болады, мысалы 1-топ бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер бойынша қойылым көрсетсе, 2-топ келін түсірудің әр түрлі рәсімдерінен көріністер көрсетеді, ал 3-топтың өзіндік жұмысы шет елден келген қонақты ұлттық тағамдар мен ұлттық ойындар түрлерімен таныстырады.
Сабақтың қорытынды бөлімін де студенттер өздері жүргізеді. Университетте шығатын «Тіл әлемі» газетінің штаттан тыс тілшісі ролін атқарған бір студент шараға келген қонақтардан, қатысқан студенттерден сұхбат алып, оларды ашық пікір алмасуға шақырады. Бұл жерде дайындалмаған диалогты (монологты) сөйлеу іскерліктерінің қаншалықты дамығандығы тексеріледі.
Сабақты өткізу барысында студенттер өздерінің дайындық кезеңінде әзірлеген көрнекіліктерін пайдаланады, мысалы екі тілде жазылған ұрандар, мақалдар, қанатты сөздер бұл сабақты тартымды етіп өткізеді. Құрастырылған ассоциограммалар (ұлттық тағамдар, сусындар т.б.) тақырыпшалардың мазмұнын көрнекі түрде ашып берсе, қазақтың ұлттық ойындарын суреттер арқылы көркемдеп бейнелеу – көрнекіліктің кейінгі кезде кең тараған түрі – коллаж арқылы жүзеге асады. Көрнекіліктің бұл түрлері студенттерге айтайын деген ойын логикалық жағынан жүйелі түрде жеткізуге, ол жерде бейнеленген ұғымдарды түсіндіруге көмектеседі.
Жобалық сабақ барысында сонымен қатар ұлттық ерек-шелікті (колоритті) танытатын ұлттық киімдер, ән-жырлар ұлттық музыкалық аспап - домбыра қолданылады, олар сабаққа ерекше көрік береді.
Сонымен қатар, бұл жобалық сабақта кәсіптік бағдар беруге ерекше көңіл бөлінеді. Шет елдіктерге өз елін, салт-дәстүрлерін таныстыру, оларды уағыздау, топ алдында өзін еркін ұстау, сабақты жүргізу - осы аталғандардың барлы-ғын студенттер үшін болашақ мамандыққа әзірлік деп қарауға болады.

Дипломдық жүмыста осы жоба жұмысынан бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүр бойынша қойылым көріністің төменде үлгісі беріледі:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет