Einfälle der Kinder:
„Toll!! Jetzt feiern sie Hochzeit!!!" „Alles Gute!!!"
„Ende gut, alles gut!"
„Viel Glück!!!"
„Tschüß! "
Alle zusammen:
„Auf Wiedersehen und bis bald!
ІІІ. Қорытынды
Біздің дипломдық жұмыста шетел тілін оқытуда жаңа педагогикалық технологияны, оның ішінде жоба технологиясын қолданумен байланысты сұрақтарды қарастырдық.
Диплом жұмысының ғылыми болжамы шетел тілі сабақтарында жоба технологиясын енгізу және қолдану оқушының коммуникативті қабілеттілігінің дамуына көмектеседі, оқушының шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік туады, оқушылардың шетел тілін өзбетінше оқып үйренуіне барынша мүмкіндік туады, шетел тілін меңгеру кезінде оқушылардың құлшынысы жоғарылайды. Соның нәтижесінде шетел тілін оқытудың тиімділігі артады.
Нәтижесінде біз келесі қорытындыға келдік:
Ең жаңа технологияларды, оның ішінде жоба технологиясын енгізу және пайдалану оқыту процесін қызықты да, әрі еркін етіп жасайды. Аталған технологияны қолдану оқыту мен тәрбиелеуде едәуір табыстарға жетуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күнде бұл технология оқушының өз беттілігі мен шығармашылығына (креативтілігіне) бағытталған.
Біздің ойымызша, ғылыми болжам іс жүзінде іске асты. Яғни болжамның дәлелдеуінше, шетел тілін оқыту процессінде жаңа технологиялардың, оның ішінде жоба технологиясын енгізу мен қолдану керек, өйткені ол болашақта оқушы үшін де, мұғалім үшін де үлкен мүмкіншіліктерді ашады, сонымен бірге, оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін ашуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |