І нұсқа 1-билет Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар. 1867-1868жж. «Уақытша ереже»


«Әскери коммунизм» саясаты мен Голощекиннің «Кіші Қазан»



бет50/57
Дата19.05.2022
өлшемі1,07 Mb.
#143878
түріҚұрамы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57
Байланысты:
11 сынып емтихан билеті тарих

2. «Әскери коммунизм» саясаты мен Голощекиннің «Кіші Қазан»
саясатын салыстырыңыз.
«Әскери коммунизм» саясатының көрінісі-азық-түлік салғырты болды.Азық-түлік салғырты, дүние-мүлікті тәркілеу, кулактармен күрес салдары, осы кездегі табиғи апаттар, тиімсіз экономикалық саясат, әкімшілдіктің өрістеуі ауыл шаруашылығын аса ауыр жағдайға әкеп соқтырды. «Әскери коммунизм» саясатының ауыр салдары- Қазақстандағы 1920 жылғы жаппай аштық болды.1921-23 жылғы табаби,ат әсерінен болған аштық болды.
Қазақстандағы оппозицияны іс жүзінде ығыстырған Голощекин «Кіші Қазан» идеясын өмірге енгізе бастады.Қазақ халқы жағдаының өте ауырлай түскені, адамдардың аштық пен жұқпалы аурулардан қырыла бастады. 1933 жылғы қолдан жасалған аштық басталды.
3. Қазақстан аумағындағы ашель кезеңінің тұрақтарын картаға
көрсетіңіз.Орталық Қазақстандағы ашел кезеңінің ескерткіші-Құдайкөл,Жаман-Айбат, Обалысай және Шығыс Қазақстан-Қозыбай.

24- билет

  1. И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған ұлт- азаттық көтеріліс және оның тарихи маңызы.

  2. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшу, олардың әдістері, қарқыны және зардаптары.

  3. Қазақстан аумағындағы мустье кезеңінің тұрақтарын картаға көрсетіңіз.




Жауабы:
1. И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған ұлт- азаттық көтеріліс және оның тарихи маңызы.
1836-1838 жылдары Бөкей хандығында, Кіші жүздің батыс бөлігінде аса ірі халық-азаттық көтерілістердің бірі болып өтті. Оның қозғаушы күші қатардағы бақташы қазақтар болды.Халық көтерілісін елге белгілі беделді батырлар Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарды. Исатай Тайманұлының кқтеріліс басшысы ретінде атағы бүкіл Кіші жүзге әйгілі болды. 1836 және 1837 жылдары шағым мен петиция беру арқылы И.Тайманұлы Жәңгір хан және оның төңірегіндегі жандайшаптарды халық алдында әшкерелемек болды. Шағым-петиция жолдау жаппай наразылыққа ұласты.
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілістің зор тарихи мағызы болды. Бұл патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік аумақтағы қазақтардың отаршылдыққа қарсы ірі бас көтеруі еді. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды. Көтеріліс аяусыздықпен басылғаннан кейінде жалғаса берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет