І нұсқа 1-билет Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар. 1867-1868жж. «Уақытша ереже»


Жауабы: 1.Үйсін мемлекеті (шаруашылығы мен тұрмысы, мәдениеті)



бет35/57
Дата03.06.2022
өлшемі1,06 Mb.
#145856
түріҚұрамы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57
Байланысты:
І Н с а 30 билет

Жауабы:
1.Үйсін мемлекеті (шаруашылығы мен тұрмысы, мәдениеті)
Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Олар - Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі. Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай таулы бөктеріндегі далалы өңірлерде өз ізін қалдырған. Қазақ халқының калыптасуына негіз болған тайпалар қатарына жатады.Үйсін атауы қытай жазбаларында б.з.б. 2 ғасыр­дан бастап кездеседі. Олар «ат жакты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді. Үйсіндердің шығыс шегі бір кездерде Қытайдың солтүстік-батысындағы Бесбалық ауданы арқылы, батысында Шу Талас өзендерінің бойымен өткен. Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Олардың ордасы Қызыл Аңғар (Чигучен не Чигу) қаласы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты. Мал шаруашылығында -қой,жылқы,сиыр өсірген. Қытай жазбаларында:Үйсіндер егіншілікпен де, бау-бақшамен де айналыспайды.Оты,суы мол жерде өмір сүрді делінген. Ақтас қыстауынан 60шаршы метр-150метрге дейінгі егіс орны табылған. Дәнүккіштер табылған.Үйсіндердің үйлері тақтатастан,балшықтан тұрғызылған.Үйлері тау бөтерінде орналасқан.Қысқы үйлері шикі кірпіштен тұрғызылған,тұрақты үйлерде тұрған.Үйлерінің бөлмелері өте көп болған,үйдің дәл ортасында жер ошақ салған,едені балшықтан сыланған екен.
Үйсіндердің кәсібінде әсіресе ,ыдыс жасау,бешпент тігу,теріден шалбар тігу,аяқ киім жасау ісі өте жақсы дамыған.Үйсіндердің қолөнершілері сүйектен,тастан, ағаштан,қайыннан,былғарыдан түрлі ыдыс-аяқтар жасаған.Сүйектен- жебе ұштары,түймелер,моншақтар жасаған.Тастан-қайрақ,кетпен,келі,диірмен ал,былғарыдан -сұйық тағамға арналған ыдыстар жасаған.Қайыннан- шелек,астау,табақтар жасаған екен.
2.І және ІІ дүниежүзілік соғыс кезіңіндегі Қазақ халқының жағдайын салыстыра отырып, талдау жасаңыз.
Бірінші дүниежүзілік соғыс екі әскери-саяси топтарға жіктелген елдердің экономикалық және қоғамдық жағдайын шиеленістіріп қана қойған жоқ, сонымен қатар шалғай жатқан Қазақстанның да дамуына зардабын тигізді. Ең алдымен өзінің шаруашылық ерекшеліктеріне қарай өлкенің майданды және елді шикізат, азық-түлікпен қамтамасыз етудегі рөлі мейлінше күшейді. 1914-1916 жылдардың арасында тек Түркістан өлкесінен 2 089 мың тонна мақта, үш жүз мың пұт ет, жетпіс мың жылқы, он үш мыңға жуық түйе, тіпті он төрт мыңға жуық киіз үй алынған. Соғыстың бірінші жылында тек Жетісу облысынан майдан мұқтаждығына жіберілген мал мен мал шаруашылығы өнімдерінің құны отыз төрт миллион сомға жетті.
Соғыстың ауыр зардаптарының бір көрінісі – шаңырақ салығының көбеюі. 1914 жылы қазақтардан жиналатын осы әлеуметтік ауыртпалықтың мөлшері 600 мың болса, 1917 жылға қарай 1 миллион 200 сомға ұлғайды.
Соғыстың ауыр зардаптары сонымен қатар шаруашылықтың әр салаларында айқын байқалды. Әсіресе кен өндірісі, Қазақстанның орталық аудандарындағы көмір, батыста мұнай өндіру құлдырап кетті. Ембі (Жем) өңірінде мұнай өндіру соғыстың бірінші жылының өзінде 265 560 тоннадан 1915 жылы 80 мың тоннаға дейін кеміп кетті.
Еске алатын бір жағдай, соғыстың қанды шайқастары мыңдаған адамдарды жалмап, аз да болса өндірістік мамандығы бар онсыз да саны аз маман жұмысшылардың майданға аттануын қажет етті. Бұл жағдай дамып келе жатқан өндіріс орындарында кәсіпқой жұмысшылар үлесінің күрт төмендеуіне себепші болды.
Соғыстың тауқыметі еңбекшілердің хал-ахуалынан ерекше байқалды. Әсіресе XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында шетелдік капиталистердің бақылауында болған өнеркәсіпте жұмысшылардың жағдайы мейлінше ауырлады. Ешқандай бақылау болмаған, әсіресе ауыр қара жұмысқа пайдаланылатын өндіріс орындарында жұмыс мерзімінің ұзақтығы 12-14 сағатқа созылды. 12-14 жастағы жеткіншектердің еңбегін қанау үйреншікті іске айналды. Күніне еңбегі үшін төленетін 20 тиын олардың не тамағын немесе басқа қажетін қанағаттандыруға жетпейтін.
Соғыс кезіндегі қымбатшылықтың артуы әсіресе қаладағы өндіріс орындары жұмыскерлерінің хал-жағдайын тым төмендетіп жіберді: ұнның бағасының тіпті 70%-ға, қанттың – 50%-ға, сабынның 200%-дан астам қымбаттауы, сонымен бірге күнделікті өмір қажетін өтейтін бұйымдардың қымбаттауы еңбекшілердің наразылығын туғызды. Қоғамдық дағдарыс біртіндеп әлеуметтік тартысты да тереңдетті.
Қазақстан Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру. ІІд.ж.соғыс.
Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Республика экономикасы әскери бағытқа көшірілді (милитарландырылды).
Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды.
Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады.
Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркісіп құрылыстарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет