І нұсқа 1-билет Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар. 1867-1868жж. «Уақытша ереже»


Батыс-Сібір генерал-губернаторлығына - Ақмола, Семей облыстары



бет15/57
Дата03.06.2022
өлшемі1,06 Mb.
#145856
түріҚұрамы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57
Байланысты:
І Н с а 30 билет

Батыс-Сібір генерал-губернаторлығына - Ақмола, Семей облыстары, Орынбор генерал-губернаторлығына - Орал, Торғай облыстары, Түркістан генерал-губернаторлығына – Жетісу, Сырдария облыстары кірді. 1870ж. Маңғыстау приставтығы -Кавказ әскери округына, ал 1872ж. Бөкей ордасы- Астрахан губерниясына қарады.
7-билет

  1. Әбу Насыр әл-Фарабидің әлемдік мәдениетке қосқан үлесі.

  2. «Алаш» партиясы.«Алаш» партиясының бағдарламасындағы басты мәселелер.

  3. Сақтардың құрамына кірген тайпалар және олардың қоныстанған аймақтарын картаға белгілеңіз.

Жауабы:
1.Әбу Насыр әл-Фарабидің әлемдік мәдениетке қосқан үлесі.
Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) Отырар (Фараб) ойшылдарының ішіндегі ең атақтысы, «Әлемнің екінші ұстазы» атанған тұлға. Әл-Фарабидің «әлемнің екінші ұстазы» аталуының екі себебін атап көрсетуге болады: біріншіден - ежелгі гректердің ғылыми мұраларының көпшілігі араб аудармалары арқылы ортағасырға жеткені мәлім, соның ішінде грек ғалымы,философы Аристотельдің еңбектерін, ондағы идеяларды әл-Фараби еңбектері арқылы ғана түсінуге болады. Ол, ең алдымен, грек ғылымын, оның философиясын, әсіресе ұлы ұстазы Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Ибн-Халиканның айтуына қарағанда, Әл-Фараби Аристотельдің «Метафизикасын» қырық, «Жан туралы» еңбегін жүз, «Риторикасын» екі жүз рет оқып шығыпты. Осындай ыждаһаттылығының арқасында ғана ол Аристотельдің ғылыми мұрасын еркін игерген. Екіншіден –Аристотель өзінің жан-жақтылығымен танымал және ғылыми білімдерді жеке-жеке салаларға бөлген ғалым ретінде белгілі болса, әл-Фараби де философ, музыкант, математик ғалым ретінде дүниеге көзқарасы жағынан өз заманының озық ойлы адамы болды. Яғни, ғылымға қосқан үлесі мен еңбегі жөнінен көптеген замандастары мен одан кейінгі ұрпаққа үлгі, бағдаршам болып келеді. Ибн Хаукаль өз еңбегінде әл-Фараби жайлы: «Ол –аса ірі мұсылман философтарының бірі. Олардың ешқайсысы да оның деңгейіне жеткен жоқ» деп баға берген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет