3.1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс болған жерлерді картаға белгілеңіз Жетісу облысы Жаркент уезі көтерілісшілерінің Асы жайлауында, Қарқараның таулы алабында, Самсы, Кастек, Нарынқол, Шарын, Жалаңаш, Құрам елді мекендері аудандарында, Лепсі уезінің Садыр-Матай болысында және басқа жерлерде патша жазалаушыларымен ірі қақтығыстар болады. Осындай жағдайда Верный уезінде Б.Әшекеев Жетісудың бытыраңқы көтерілісшілер топтарын біріктіру үшін шаралар қолданып, 1916 жылғы 13 тамызда Ошақты деген жерде әр түрлі болыстар өкілдерінің съезін шақырады. Съезде тыл жұмыстарына адамдар алу туралы жарлық шығарған үкімет орындарына қарулы қарсылық көрсетуге дейін барып, бағынбауға шешім шығарды. Өз жақтастарымен Үшқоңыр тауындағы Ошақты сайынаорнығып алған Б.Әшекеев қарулы қарсылыққа дайындала бастады, сонымен бірге көтерілісшілердің қатарын жаңа күштермен толықтыру жөнінде шаралар қолданды. Алайда, бұл әрекеттер айтарлықтай жетістіктер бермей Б.Әшекеев басшылығымен орын алған Жетісудағы ұлт-азаттық көтеріліс-басылып-жаншылады.
Көтерілістің ірі ошақтарының бірі - Торғай өңірі болды. Көтерілісшілер саны 50 мыңға жетеді. Бұл кезде Торғай уезі негізінен қыпшақ және арғын рулары шоғырланған 13 болыстан тұратын. Көтерілістің бастапқы кезеңінде толқулар қыпшақтар мекендеген Қайдауыл, Аққұм, Қаратоғай, Сарытоғай, Қарақопа болыстарын, сондай-ақ негізінен арғындар мекендеген Тосын, Майқарау, Сарықопа, Наурызым, екінші Наурызым болыстарын қамтыды.
Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында Татырда, Ақшығанақта, Доғал-Үрпекте, Күйікте шайқастар болды. Шайқас 1917 жылғы ақпанның екінші жартысына, яғни ақпан революциясына дейін созылды.
9-билет Ұлы Жібек жолының Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік-саяси тарихындағы рөлі.
Қазақ АКСР-нің құрылуының тарихи маңызы.
Есік қорғанынан табылған алтын адаммен Шілікті қорғанынан табылған алтын адамның ортақ белгілері мен айырмашылықтары.