Қарлұқтардың ұйғыр қағанатымен күресі: ІХ ғасырдың басында өздерінің шығыстағы жауы Ұйғыр қанатынан жеңіліс табады. Оларға қарсы күрес 20 жылға созылған. Қарлұқтар қырғыздармен біріге отырып, 840 жылы Ұйғыр қағанатын тас - талқан етіп жеңеді.
Қарлұқтардың саманилермен күресі: Самани әулеті мұсылман дінінің шекарасын кеңейту сылтауымен «ғазауат соғыс» жариялап, Испиджабты басып алады. Қала билеушісі Саманилер сарайына алым - салық төлеп тұруды мойнына алады. Саманилер Тараз қаласын басып алып, қалада мешіт салдырады. Тараз қаласы жартылай вассалдық тәуелділікте болады. Ал қаланың билеушісі болып отырған Оғұлшақ қаған уақытша Қашғар қаласына кетуге мәжбүр болған. Қарлұқ қағанатының көпшілік ақсүйек – шонжарлары екінші астана – Баласағұн қаласында тұрды.