І нұсқа 1-билет Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар. 1867-1868жж. «Уақытша ереже»



бет1/99
Дата17.05.2020
өлшемі1.02 Mb.
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99

І Нұсқа
1-билет

  1. Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар.

  2. 1867-1868жж. «Уақытша ереже» мен 1886-1891жж. «Ережелердің» арасындағы өзгерістер.

  3. 1920-1924 жылдары Қазақ АКСР- інің құрамына біріктірілген Қазақ жерлерінің аумақтарын картадан белгілеңіз. Қандай әкімшілік- аймақтардың кіргенін анықтаңыз.



Жауабы.

1.Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар.

Бүгінде адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөнінде көптеген көзқарастар бар. Көзқарастарды үш топқа бөлуге болады. Біріншісі –діни, идеалистік жолмен түсіндіру. Бұл ұғым бойынша, дүниені, соның ішінде адамды, құдай жаратты деу. Екіншісі – әсіресе кейінгі кезде көп айтылып жүрген әлемдік гумоноидтар жөніндегі көзқарас. Ол бойынша, адам баласы Жер бетіне басқа ғаламшардан келген. Үшінші пікір – адамзат баласы жер бетіндегі бүкіл тірі жәндіктер сияқты, ұзақ және біртіндеп дамудың нәтижесінде пайда болып, қалыптасқан дегенге саяды.

Ч.Дарвиннің ілімі бойынша, бүкіл жанды дүниенің, өсімдіктердің пайда болуы, тарихи дамуы қарапайымнан күрделіге қарай, дамудың төменгі сатысынан жоғарыға қарай жүріп отырған. Адамзат баласының пайда болып, қалыптасуы және дамуы жөніндегі пікірлердің ішіндегі осы эволюциялық теория бүгінде көп талқыланатын көзқарас саналады. Дегенмен қазіргі заманғы ғылымның дамуы, ғалымдардың зерттеулері бұл теорияға күмән туғызып отыр. Адамдар бұл мәселелерге өзіндік жеке көзқарас тұрғысынан баға береді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет