2. Астананың Ақмола қаласына көшірілуінің себептері мен тарихи маңызы.
Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі өзгерістердің бірі астананың ауысуы болды. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің «Қазақстан жолы» атты еңбегінде астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылдамас бұрын ұзақ ойланғанын барлық қадамдарын есептеп тарихшылармен, саясаттанушылармен, мәдениеттанушылармен ақылдасқанын, басқа елдердің астаналарын көшіру тарихымен танысқанын айта келіп, астананы ауыстырудығ негігі себептерін былайша түйіндейді:
Біріншіден; Астананы аустыру Қазақстанды геосаяси жағынан күшейтудің қажеттігінен туындады. Сондықтан елдің бас қаласының орнын аныұтауға ерекше көңіл бөлінді. Астан өзіне еуропалық және озық дәстүрлерді сіңіріп отырған Еуразия құрлығының орталығы болып табылады.
Екіншіден, бұл шешімді қабылдағанда қауіпсіздік мәселесі де еске алынды. Тәуелсіз мемлекеттің астанасы мүмкіндігінше, сыртқы шекараларынан жырақта және елдің ортасында орналасуы тиіс.
Үшіншіден, астананың орнын ауыстыру Қазақстанның экономикасын сауықтыру қажеттігінен де туындады. Ол елдің экономикасы үшін тиімділікті қамтамасыз етті. Облыс орталықтары дами бастады. Экономиканың құрылыс материалдары өндірісі, жол төсеніштері, энергетика және машина жасау сияқты салалары аяғынан тік тұрды. Тұрғын үй құрылысы бұрын соғды болып көрмеген қарқынмен дамыды.
Төртіншіден, астананы көшіре отыры, құрамы жағынан көп ұлтты біз тұрақты полиэтникалық мемлекетті құру, Қазақтанды мекендеп отырған халықтардың арасындағы достықты сақтау бағытын есте ұстадық.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев 1997 жылғы 20 қазанда "Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы" жарлық шығарды. Осы құжатқа сай Ақмола Қазақстанның астанасы құқығына 1997 жылға 10 желтоқсаннан бастап ие болды.
1998 жылдың 6 мамырында Президент Н. Ә. Назарбаев "Ақмола қаласының Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы болып өзгертілгені туралы" жарлыққа қол қойды. Жаңа астананы әлемге таныстыру - ресми тұсаукесер той 1998 жылғы 10 маусымға тағайындалды, 6 шілде- Астана күні, мемлекеттік мереке болып белгіленді.
Бүгінде Астана-елдің ірі мегаполисі, жаңа ұрпақтың қаласы. Қазақстанның үйлесімді дамып келе жатқан елордасы.
Достарыңызбен бөлісу: |