Сөздің мағынасын нәресте ерте түсіне бастайды, сондықтан оны дамыту үшін нәрестемен сөйлесу қажет. Жаңа туған баланы емізгенде, киімін ауыстырғанда, қасына келгенде сүйіспеншілікті көрсетіп, алғашқы күндерінен бастап, сөйлесуге болады. Бұл 2-ші сигнал жүйесінің дамуына жақсы қозғаушы әсер.
Екі сигналды жүйе бір-біріне әсер етеді. Олардың ерекшелігіне байланысты Павлов 3 типке бөлді:
- Көркем, I сигналды жүйе басым
- Ойшыл, II сигналды жүйе басым
- Орташа, екі сигналды жүйе теңдесті
Жоғары жүйке әрекетінің топтарының балаларда қалыптасуы. Баланың мінез құлқының қалыптасуына екі сигнал жүйесінің даму дәрежесі, жоғары жүйке әрекетінің топтары әсер етеді. Жоғары жүйке әрекетінің топтарының балаларда қалыптасуы. Баланың мінез құлқының қалыптасуына екі сигнал жүйесінің даму дәрежесі, жоғары жүйке әрекетінің топтары әсер етеді. Баланың темпераменті мен мінез-құлықтарының қалыптасуы екі түрлі әсерге байланысты: 1. Ата-анасынан тұқым қуалап ауысатын қозу мен тежелудің ми қыртысындағы генотиптік қасиеті. 2. Сыртқы ортаның әсерінен (үйдегі тәрбиесі, дос-жолдастарының ықпалы, әлеуметтік қоғам орындарының ықпалы) болатын фенотиптік қасиеттер.
Қорытындылай келе, адам- қоғами жаратылыс, сондықтан, баланың жоғары жүйке әрекетінің топтары тұрақсыз, сыртқы ортаның жағдайларына өте тәуелді болады. Бірінші және екінші сигнал жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты. Адам баласында барлық түсініктер, көріністер, құбылыстар мен сезімдер сөзбен белгіленеді. Бұл 1-ші сигнал жүйесі 2-ші сигнал жүйесіне ауысатынын білдіреді.Баланың өміріндегі оқыту мен үйретудің және оның өзінің творчествовалық әрекеттері 2-ші сигнал жүйесінің дамуымен кемелденуіне байланысты. Ол өзінің ең жоғары дәрежесіне табиғат пен қоғамды тану арқылы жетеді. Бала нақтылы сезім арқылы абстрактылы жалпылама ойлау дәрежесіне өседі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: Қ. Дүйсембин, З. Алиакбарова. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. Алматы, 2003. Қ. Дүйсембин, З. Алиакбарова. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасының негіздері. Оқу және әдістемелік әдебиеттер жөніндегі республикалық баспа кабинеті. Алматы, 1993. НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !!!
Достарыңызбен бөлісу: |