Осы сабақты меңгеруге қол жеткізетін оқыту мақсаттары
1.2.1.1 Дыбыстар, әуендер және ырғақтармен танысу үшін өз дауысы мен шулы аспаптарды пайдалану
1.2.1.2 Қарапайым шулы аспаптардың көмегі арқылы түрлі дыбыстық композицияларды шығармашылықпен ұсыну және зерттеу
1.4.1.1 Өз жұмысы туралы пікірін айта білу
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар:
Өз репертуарын кеңейтуді жалғастырады.
Тілді барынша нақты пайдалануға дағдыланады. Саяхат туралы танымын ашады.
Білім мен тәжірибе дағдысын дамытады.
Оқушылардың көпшілігі:
Пойыз туралы түсінік алып, бейнефильмге музыкалық сүйемелдеу жасауға үйренеді. Өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады.
Бір-бірінің іс-әрекетін бағалайды.
Көріністер мен қимыл-қозғалыстарды байланыстырады.
Кейбір оқушылар:
Дыбыстар мен символдарды байланыстырады. Тиісті жағдайларда басқаларды қадағалайды. Топпен қосылып ән айтуға талпынады.
Тілдік мақсаттар
Оқушыларды тілді барынша нақты пайдалануға ынталандырыңыз.
Оқушылар:
Өз жұмыстарына түсініктеме беру және жақсарту үшін өзгерістер енгізе алады.
87
Пән лексикасы мен терминологиясы:
Мен бұл дыбысты мынадай тәсілмен өзгертетін едім ... Мен барлығы жақсы өтті деп ойлаймын, өйткені ... Мұны мынадай жолмен жақсартуға болады …
Мен көріністі … жолымен жақсартар едім Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері: Талқылауға арналған сұрақтар:
– Пойыздың үні нені есіңе түсірді?
– Бұл дыбысты қандай аспаппен шығаруға болады?
– Әннің қандай бөліктері жақсы шықты?
– Қандай бөліктерін жақсартуға болады?
– Неліктен ... екенін айта аласың ба?
– … бөліктері жақсырақ шықты деп есептейсің?
– Бұл бөліктерді қалай жақсартуға болады деп ойлайсың?
Бастапқы білімдер
Алдыңғы бөлімдерде дыбыс шығаруды, картинаны суреттеуді, ондағы көңіл күйді дыбыс арқылы көрсетуді, балаларға арналған музыкалық құралдар арқылы қысқаша музыкалық ертегі құрастыруды үйренді. Динамикалық белгілер символдарын анықтап үйренді.
Сабақ барысы
Сабақ сатылары
Сабақтағы жоспарланған әрекет
Ресурстар
0-5 минут
Алдыңғы сабақта үйренген әнді қайталау: «Тұлпарым» (Б. Бейсенова). Ән мазмұнына сай қимыл-қозғалыспен, сезімталдықпен орындауын сұраңыз.
Аудиожазба
«Тұлпарым» (Б. Бейсенова)
Сабақтың ортасы
7-11
(Ұ, Қ) Дыбыссыз, кез келген көлік түрі туралы қысқа бейнефильм көрсету, мысалы, ракета ұшыру немесе пойыз туралы. Оны бірнеше рет қарап шығып және бәрі бірге өз дауысы мен музыкалық-шулы
аспаптарды пайдаланып бейнефильмге музыкалық сүйемелдеу жасауға тырысу. Бейнефильмге жазба жасаңыз.
(Ұ, Қ) Жазбаны талқылау және оны жетілдіру үшін түсініктеме беру. Үзіндіні қайталау және жазбаны қайта жасау.
«Бейнежазба саған ұнады ма?», «Не туралы білдің?», «Музыка қалай естілді?» деген сияқты ойқозғау сұрақтар арқылы диалог ұйымдастырыңыз.
Оқушының ойын толық, мағыналы жеткізуіне көмектесіп, қадағалаңыз.
Қазақ, орыс немесе өзге тілдегі әндер үлгілері Ғажайыпстанға саяхат https:// www.youtube.com/ watch?v= gNVBcuC44vE
88
12-14
15-20
21-35
Қимылды ойын: «Пойыз» Қане, кімнің бойы ұзын, Паровозы ол пойыздың. Қатар-қатар тұрайық, Пойызды біз құрайық.
Пш-пш, пш-пш, баста алға, Қарап қалма аспанға.
Гу-гу, гу-гу, гуілде, Қалып қойма бірің де, Қане, балалар, тоқтайық, Пш-пш, пш-пш.
– Пойызға мінген кездегі әсеріңді әңгімелеп бер.
(Ұ) Пойыз туралы ән тыңдау. Мысалы, «Голубой вагон» (В. Шаинский). Ән шумақтан және қайырмадан тұрады. Шумақ 2 немесе одан көп болады, ал қайырма әр шумақтан кейін қайталанып отыратынын түсіндіріңіз.
– Ән әуені мен музыкалық бейне үйлесімді болды ма?
«Мен ауылға барамын» әнін (Б.Бейсенова) жаттықтыру және айтқызу барысында ережені пысықтаңыз және дәлелдеңіз.
«Голубой вагон» (В. Шаинский)
«Мен ауылға барамын» (Б.Бейсенова)
Сабақтың соңы
35-40
(Ө, Ж, Қ) Сабақты қорытындылау үшін жеңіл, ырғақты сөздерді (фразаларды) таңдап алу, қол шапалақтау немесе ырғақты тарсылдату және оқушыларға осыған сәйкес ырғақ жазылған карталарды табуын тапсыру. Пойыз ырғағын қол шапалақтаумен көрсетіп, оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін арттырыңыз.
Әнді қайталаңыз.
Аудиожазба Ырғақ жазылған карталар
Қосымша ақпарат
Дифференциация – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Неғұрлым қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыстар Денсаулық және қауіпсіздік АКТ-мен байланыстар
Құндылықтармен байланыстар (тәрбиелік элемент)
89
Шығармашылық міндеттегі нәтижелерді дифференциациялау Оқушы жүргізуші бола алады
Қорытынды міндеттегі неғұрлым күрделі ырғақтар
Бақылау, тыңдау, оқушыларға ойлануға берілген сұрақтар:
– Ән әуені мен мазмұны музыкалық бейнені аша алды ма?
– Ән әуеніндегі дыбыс бояуын сезініп орындай алды ма?
– Музыканы тыңдап, талдай ала ма?
– Тілді меңгеруде қандай өзгерістер байқалды?
• Бейнелеу өнерімен, қоршаған ортамен, табиғатпен байланыстыру
• Көлік туралы танымын кеңейту
• Қызығушылығын арттырып, туған жердің табиғатын сүюге тәрбиелеу
• Достарының пікірлерін құрметтеу, бағалай білу, топ мүшелерінің іс-әрекетін бақылауға дағдыландыру
Рефлексия
Сабақтың мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?
Оқушылар бүгін нені үйренді?
Сабақтағы көңіл күй қандай болды?
Менің дифференциациялық әдісім дұрыс жұмыс істеді ме?
Сабақтың барлық кезеңдерін берілген уақытта жүргіздім бе?
Менөзжоспарымақандай өзгерістеренгізудіқаларедім?
Бұл бөлімді сабақтың рефлексиясы үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағандағы өз сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды баға
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру туралы, сондай-ақ үйрету туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсартатын еді (сабақ беру туралы, сондай-ақ үйрету туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Мен сабақ барысында сынып және жекелеген оқушылар туралы келесі сабаққа дайындалуыма көмектесетін қандай деректерді білдім?