Мағжан Жұмабаев (1893 - 1938) 1893 жылы 5 маусымда Ақмола губерниясындағы Ақмола уезінің Полуден болысында дүниеге келді. Төрт жастан бастап, Мағжан үй оқытушысы, башқұрт Ахмедтен Ақтановтан оқи бастайды. 1910 жылы Мағжан мұсылмандық жоғарғы оқу орны атақты "Медресе Ғалияға" түседі. 1912 жылы Мыржақып Дулатов пен Ахмет Байтұрсынов жетекшілігі арқасында орыс тілін үйреніп, орыс және Еуропа мәдениетімен танысып, "Қазақ" газетінде жұмыс істейді. 1913 жылы Омбыдағы оқытушылар семинариясына оқуға түседі. 1912 жылы Қазанда алғашқы "Шолпан" өлеңдер жинағы шыққан Мағжанның шығармалары 1929 жылы жаламен күйіп, абақтыға түскенге дейін үздіксіз жарияланып тұрды. Ол "Батыр Баян", "Қорқыт", "Ертек" шығармалар жазды.