Үкіметтің принциптері
Конституцияның алғашқы қабылданған нұсқасы түрлі өзгерістерге ұшырағанымен оның негізгі принциптері 1789 жылдағы түрінде сақталып қалды. Мемлекеттік биліктің үш тармағы - атқарушы билік, заң шығарушы билік және сот билігі-бір бірінен тәуелсіз, жеке дара, дербес. Сөйте тұра билік тармақтары өзара тепе-теңдік сақтайды. Әр билік тармағы басқа екі билік тармағының артық мүмкіншілігін доғарып, тежеп түрады. Президент ұсынған, Сенат құптаған Конституция өзінің тұжырымдарына сәйкес қабылданған басқа заңдардан, алуан түрлі нормативтік актілерден, және ережелерден жоғары болып саналады. Азаматтардын бәрі де заң алдында тең және бәрі де заңды қорғауға тең құқылы. Штаттардың бәрі тең, ешбір штатқа федералдық үкімет ерекше тәртіп көрсетпейді. Конституция талаптарының шеңберінде әрбір штат басқа штаттың заңын құптауға және оған өз құрметін көрсетуге тиіс. Штаттың үкіметі федералдық үкіметке сәйкес демократиялық сипатта болуы керек, ал биліктің қайнар көзі - халық.
ІІ-ші деңгей: 1. Құрлықтық-еуропалық саяси жүйелер қандай болады?
Ұлыбритания - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, "үлкен сегіздіктің" мүшесі, ядролық державалардың бірі бола отырып, КСРО тараған кезден бастап Кеңестік бұрынғы кеңістікті өзінің стратегиялық мүдделерінің аймағы ретінде қарай отырып, жаңа тәуелсіз мемлекеттер жөнінде белсенді көзқарас ұстанды. Атап айтқанда Британ сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі Каспий аймағын елдің ұлттық мүдделерінің ауданы ретінде қарап, онда өзінің орнын нығайтуға күш салуы болып табылады.
Франция
Басқару түрі - республикалық. Республиканың аралас түріне жатады оны жартылай президенттік немесе президенттік-парламенттік деп атайды. Мұнда президенттік те, Парламенттік те түрлердің белгілері кездеседі. Үкіметке екі жақты Президенттің алдында да және парламенттің алдында да жауапкершілік жүктеледі. Республиканың классикалық түрі. Парламентті Францияда- Ұлттық жиналыс дейді. Елдің жалпы ауданы 551 км2. Адам саны 61 млн. Конституциясы 1958 жылдан бері өзгетулермен келе жатыр. Президент 5 жылға сайланады. Сайлау мажаритарлық жүйе бойынша 2 турдан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |