І. Сыныптан тыс шараның тақырыбы: «ХХІ-ғасыр көшбасшысы»
ІІ. Мақсаты:
1.Оқушылардың іскерлігін, шеберлігін байқау, үздігін анықтау
2.Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін шыңдап, танымдық дағдыларын дамыту,
теория сабағында алған білімдерін тексеру, оқуға ынтасын, қызығушылығын және белсенділігін арттыру.
3.Оқушылардың өздігінен ізденуін, жұмыс жасауын дағдыландыру.
ІІІ.Сабақтың көрнекілігі: Плакат, слайдтар, компьютер.
ІV. Әділқазылар құрамы:
VІ. Қатысушылар: 8 сынып оқушылары.
ЖОСПАРЫ:
1. Өзім туралы.
2. Үй тапсырмасы.
3. Бәйге.
4. Полиглот.
5. Дода.
6. Бейне сұрақ.
7. Жеңімпаздарды марапаттау.
«ХХІ-ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойын.
Құрметті ұстаздар, коммиссия мүшелері және Білімалушылар! Сіздермен бірлесе отырып, 8 сыныптар арасында «ХХІ-ғасыр көшбасшысы» атты Информатикалық және физикалық - интеллектуалды ойынды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ойын-толқын , айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.
Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
Ендігі кезек өзінің білімін сынауға, алғырлығымен, тапқырлығымен шыңдауға келген білімалушыларды өзін-өзі таныстыру үшін І бөлім «Өзім туралы».
Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған білімалушыларға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпін. Ал, жас қырандар ІІ-бөлімізді бастаймыз.
ІІ-бөлім .«ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ». Бұл бөлімде оқушылар үйде орындап келген жұмыстарын көрсетеді.
Қарап тұрмай бәйгеге кеп еніңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.
ІІІ– бөлім. «БӘЙГЕ»
Бұл бөлімнің шартын түсіндіріп өтейін «Информатика және физика әлеміне саяхат» сөйлеміне информатикалық және физикалық терминдермен сөз жұмбақ құрастырылған. Сұрақтың жауабына шапшаң жауап берген білімалушы әрбір дұрыс жауабы үшін 10 ұпайға ие болады.
1. Телефон желісі арқылы басқа компьютерлерге мәлімет алмасуға қажетті құрылғы? (модем)
2. Дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы? (пернетақта).
3. Жылулық қозғалыс дегеніміз не? (молекулалардың ретсіз қозғалысы)
4. Бұл термин латынның түсіндірілу, баяндау, білу деген ұғымынан туындаған ағылшынның information сөзінен шыққан. (информация).
5. Сұйықтың бетінде жүретін булану не деп аталады. (кебу)
6. Температураны өлшейтін құрал. (термометр)
7. Тышқаның ағылшынша аталуы . (маус.
8. Текстің қазақша аталуы . (мәтін)
9. Мәліметті басып шығару құрылғысы . (принтер)
10. Мәліметтерді тасмалдау құралдарының бірі. (диск)
11. Заттың үш күйін ата. (Сұйық , қатты, газ тәріздес)
12. Компьютердің ең негізгі құрылғысы. ( жүйелік блок)
13. Қысымның өлшем бірлігі. (Паскаль)
14. Компьютерлік ойындарда қоданылатын қолмен басқарылатын тетік. (джойстик)
15.Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? (интерфейс)
16. Мәтінді жою пернелері (Delete, Backspace)
Осы бөлімнің соңында ұпай төмен 1(екі) білімалушы ойыннан шығарылады. Сонымен ІІІ –бөлімге 6 білімалушы қалады.
ІV – бөлім. «ПОЛИГЛОТ».
Келді кезек полиглотты шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
30 ұпай, шәкірт саған несібе.
Бұл бөлімнің шарты бойынша 3 бөлімнің қорытындысы бойынша ең төменгі ұпай санын алған білімалушыдан бастаймыз. Білімалушы слайдта көрсетілген ұяшықтардың кез-келгенін таңдап, слайдта көрсетілген құрылғыны үш тілде атап айту керек. Үш тілдегі жауабын дұрыс айтса 30 ұпай ал, бір дұрыс емес жауапқа 10 ұпай алынып отырады. Оның дұрыс емес жауабына басқа қарсыластары жауап беруіне болады, және де қалған ұпай саны сол білімалушыға есептеледі.
1. ... тістен шыққан сөз,
.... рулы елге тарайды. (отыз, тридцать, thirty)
2. «Ас адамның арқауы», ал компьютердің асы ... . (ток, ток, current)
3. Дүниеге тұмсықсыз ақ келеді, дегенменен тұмсығынан өледі. (қарындаш, карандаш, pencils)
4. .... ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді. (алтау, шесть, six)
5. Сырт-сырт соғады уақытты озады. (сағат, часы, watch )
6. Аспандағы алып доп,
Жарқырайды жарық боп (күн, солнце , sunny)
Осы бөлімнің соңында ұпай төмен 2 (екі) білімалушы ойыннан шығарылады. Сонымен 5 – бөлімге 4 білімалушы шығады.
V – бөлім. «ДОДА».
Бұл бөлімнің шарты бойынша 4 бөлімнің қорытындысы бойынша ең төменгі ұпай санын алған білімалушыдан бастаймыз. Ойынның шарты білімалушы өзіне пән мен ұпай санын таңдайды, ұяшық астында ұпай санына қарай сұрақ жазылған. Егер оқушы дұрыс жауап берсе ары қарай ұяшықтарды таңдауды жалғастырады. Егер дұрыс жауап бере алмаса білетін білімалушы жауап беріп, ойынды сол жалғастырады.
Информатика
10. . Компьютердің қандай түрлерін білесіңдер ? (қалта, планшеттік ДК, тасмал компьютерлер)
20. Принтердің түрлерін ата? (Матрицалық , лазерлік, сия бүріккіш және термографиктік (плоттер) )
30. Біздің компьютерлер қандай операциялық жүйеде жұмыс істейді ? (Windows)
40. Процессор дегеніміз не ? (Процессор – көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық схема .)
Физика
10. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы. (Электр тогы)
20. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал. (психрометр)
30. Тізбектегі ток күшін реттеу үшін қолданылатын прибор. (реостат)
40. Токтың физиологиялық әсері дегеніміз не? (жануарлар бойымен ток өтсе, олардың бұлшық еттерінің жиырылуын туғызады, адам бойымен ток өтсе ол ауыр әсер қалдырады)
Ғалымдар
10. Радионы ойлап тапқан ғалым. (Попов.)
20. Ең алғашқы бағдарлама жазған әйел. (Ада Лавлейс)
30. Mirosoft фирмасының негізін қалаушы, әлемдегі ең бай адам. (Бил Гейтс)
40. ССР-да ең алғашқы компьютер жасап шығарған ғалым (А.С.Лебедев),
Әр түрлі
10. Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр қыздары кімдер? (Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова)
20. 2014 жылы 17 қаңтарда ҚР президентінің жолдауы қалай аталады? («Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»)
30. “Менің атым Қожа” повесінің авторы кім? (Бердібек Соқпақбаев)
40. Әнұранның авторы. (Ш.Қалдаяқов. Ж.Нәжімединов. Н.Назарбаев.)
Осы бөлімнің соңында ұпайы төмен 2 (екі) білімалушы ойыннан шығарылады. Сонымен 6 – бөлімге 2 білімалушы шығады.
Әділ-қазылар алқасы ұпай санын анықтағанша, көрермендермен мақал шешейік
1. Байт биттен құралады. (........................................................)
2. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас. (........................................)
3. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім. (............................................)
4. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса. (.....................................)
5. Білмесең, “анықтама”-дан сұра. (............................................)
6. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы. (.......................)
VІ – Бөлім «БЕЙНЕ СҰРАҚ»
VІІ-Бөлім «ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ»
№2 Қосшы орта мектебі
Сыныптан тыс жұмыс
Пәні: Информатика
Сынып: 8 «А», 8«Ә»,
Мұғалімі: Кунафина М.Н.
Достарыңызбен бөлісу: |