44
3.1 сурет – Жер атмосферасының
жалпы циркуляциясы
3.2 сурет - Румбылар
Пассаттар қабатының биіктігі 1 км-ден 4 км дейін созылады. Бұлардан
жоғары
айнымалы желдер қабаты
орналасқан, ал олардан да жоғары
пассаттарға қарсы соғатын
антипассаттар аумағы
болады. Антипассаттар
қабатының биіктігі жыл мерзіміне және географиялық орнына байланысты
4 км-ден 8 км дейін өзгереді.
Жергілікті желдер.
Жергілікті желдер
жер бетінің сол аумақтағы
бедерінің ерекшеліктері әсерінен пайда болады (теңіз, таулар және т. б.).
Бриздер.
Күндізгі және түндегі температураның өзгеруінен
бриз
деп
аталатын
жағалаулық теңіз желдері
пайда болады. Теңіз жаққа қарай да
және құрлық жаққа қарай да бриздің тарау аумағы шамамен 40 км дейін
созылады. Біздің еңдікте бриздің тарау биіктігі 200 м-ден 300 м дейін жетеді.
Муссондар.
Ү лкен теңіз бен мұхиттардың жағалаулық аудандарындағы
температураның жылдық өзгеруі де бриз ұқсас жел айналымын
(циркуляциясын) тудырады, бірақ бұл айналым жылдық кезеңмен
байланысты. Бризге қарағанда үлкен
мөлшердегі бұл айналым
муссондар
деп аталады.
Желдің күші 12 баллдық Бофорт шкаласы бойынша бағаланады.
Жылдамдығы
3,6 м/с... 5,8 м/с аралығында
болатын желдер
әлсіз
желдер
деп
аталады. Осы жылдамдықта ақырын жүретін желдік энергетикалық қондырғы
(ЖЭҚ) айнала бастайды.
Жылдамдығы 5,8 м/с ...8,5
м/с аралығында
болатын желдер
орташа
қарқынды желдер
болып саналады. Осындай желдер кезінде ЖЭҚ жұмысы
үшін жақсы жағдай жасалады.
Желдің жылдамдығы 8,5 м/с...14 м/с аралығында болған кезде ЖЭҚ
есептік диапазонда жұмыс істейді және жылдамдық 17 м/с кезінде қондырғы
жұмысы рұқсат етілген шектік режимге жетеді. Жылдамдығы 14 м/с жоғары
желдер к
үшті желдер,
жылдамдығы 20 м/с...25 м/с жоғары желдер –
дауыл
,
45
ал жылдамдығы 30 м/с...35 м/с жоғары желдер –
қатты (құйынды) дауыл
желдер
деп аталады.
Турбуленттік салдарынан болатын жел режимдерінің қатты ауытқуы
қарқындылық және құйындылық арқылы сипатталады.
Желдің құйындылығы
– бірнеше ондаған секунд ішінде жылдамдық пен
бағыт бойынша ағында айтарлықтай ауытқудың болуы.
Желдің
қарқындылығы
– бірнеше минут немесе ондаған минут ішінде
желдің бірден күшейіп және бәсеңдеуі, сонымен қатар бағытының өзеруі.
Жел энергиясын қолданудың келешегіне
тоқталайық.
Ауа ағынының
энергиясын қолдану
– адамзаттың ертеден келе жатқан арманы. Бір де желден
механикалық энергия алатын жел диірмені мен желкендер ретінде пайда
болса, жылулық мен гидравликалық қозғалтқыштар пайда болған және
орталықтандырылған электр стансаларда электр энергиясын өндірілген кезде
бұл үрдіс тоқтап, ал жылу энергетикасы тіршілікке қауіп төндіре бастағанда,
жел энергиясын пайдалану қайта жандана бастады.
Электр энергиясын өндіру үшін жел ХХ ғасырдың 10 – 20 жылдардан
бастап қолданылады. Алдыңғы жүзжылдықтың 70 – ші жылдарынан бастап
желдік энергетика дами бастады, ХХI жүзжылдыққа қарай даму айтарлықтай
қарқын алып, қазіргі кезде үдей түсті.
Жел энергетикасына деген
қызығушылық келесідей факторлармен түсіндіріледі:
- жел энергиясы ресурсының таусылмайтындығы;
- зиянды заттар мен «жылыжайлық» газдардың бөлінбеуі;
- әлемдік нарықта желдік энергетикалық қондырғылардың көбеюі;
- ЖЭҚ қондырғылар арқылы алынатын электр энергиясының
бәсекелестік бағасы жанар отынның бағасына тәуелді еместігі;
- желдік электр стансаларының (ЖЭС) құрылысын салу мерзімінің
қысқалығы және ЖЭС-ны қажетті қуат пен жергілікті климаттық
жағдайларға бейімдеу мүмкіндігі;
- алыс аудандардағы тұтынушыларды орталықсыздандырған жүйе
арқылы электр энергиясымен қамтамасыз ету мүмкіндігі.
Жел энергетикасының жоғары қарқынды дамуы 1990 жылдардағы
Германияға тән. Диаметрі 12 м...66 м аралығында болатын үш қалақты
шыныпластикалық
желдік дөңгелектерден тұратын, бір агрегатының қуаты
30 кВт, 130 кВт, 600 кВт, 1500 кВт болатын ЖЭҚ көптеген түрлерін
игерген «Enercon» фирмасының тәжірибесі ерекше назар аударуға лайық.
ЖЭҚ өндірісімен қазіргі кезде 300 ден астам фирмалар айналысады.
ЖЭҚ өндірісі, әсіресе, Дания,
Германия, АҚШ дамыған. Жел
энергетикасының жалпы қуаты әлемде 2009 жылы 159213 МВт жетті. Жел
энергетикасы әлемде тұтынылатын электр энергиясының мөлшерінің 2 %
(340 ТВт∙сағ) өндіреді. Электр энергиясымен қамтамасыз етудегі жел
энергетикасының үлесі: Данияда – 20 %; Португалияда - 15 %; Испанияда -14
%; Германияда – 9 %.
Жел энергетикасы елдердің энергетикалық қауіпсіздігі мен экология
мәселерін шешуге көмектесетін энергия көзі болып табылады.
46
Қазақстанда жел энергетикасы дамуының Ұлттық Бағдарламасы
жасалған. Қазақстан аймағының 10 % бөлігінде желдің жылдық орта
жылдамдығы 6 м/с және одан жоғары болады,
бұл жел энергетикасының
келешекте жақсы дамуына ықпал етеді. Қазақстандағы жел энергиясының
потенциалы шамамен жылына 1820 млрд кВт∙сағ. Жел энергиясы еліміздің
аумақтарының көп бөлігіне таралған. ЖЭС құрылыстарын алдымен Жонғар
қақпасы мен Алматы облысында орналасқан Шелек аумағына салған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: