И. Т. Алдибеков



Pdf көрінісі
бет35/54
Дата04.10.2023
өлшемі2,7 Mb.
#183636
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54
Байланысты:
OIpfmz5UdRAokhv7ETqW2tM9cLGBYN
Садыкова Т.М.Философия пәнінен билет сұрақтары
4.2 
Гидроэлектрстансаның 
негізгі 
компоненттері 
және 
құрылымдық сұлбасы 
 
Гидроэлектрстансаның гидротехникалық құрылымына су кіретін 
орынын «жоғарғы бьеф» деп атайды, ал судың турбинадан шығатын орынын 
«төменгі бьеф» айтады.
Өзен ағысын гидроэнергетикалық ресурсқа және электр энергиясына 
түрлендіруге бірнеше компоненттер қажет: 
- су қоймасы
, ол өзен арнасына бөгет қою арқылы жасалады, ол турбина 
алдында су ағынының қарқынын тудыру үшін қажет;
 
- деривация – 
турбинаға су жеткізетін каналдар мен құбырлар;
 
- турбина, 
ол судың ілгерлемелі қозғалысын ротордың айналмалы 
қозғалысына айналдыру үшін қажет;
 
- электрлік генератор. 
Су қоймасының 
табиғи көлден өзгешелігі мынада: ол өзен ағысын 
реттеу үшін арнайы жасалады, ол судың келуі шамасына және оның ГЭС 
турбинасы арқылы өтетін шығынына тәуелді айнымалы деңгейімен 
ерекшеленеді. 
Су қарқынын көтеруге екі түрлі сұлба қолданылады: 
бөгеттік
(
плотиналық) 
және
 деривациялық
.
Бөгеттік
сұлба бойынша құрылған гидроэлектрстансалары өз кезегінде 
екі түрге бөлінеді: 
арналық
ГЭС
және 
бөгет қасындағы ГЭС

Су қарқыны (құлау биіктігі) 25 м…30 м болғанда станса ғимараты 
бөгетпен (плотинамен) бірге орналасып, су қысымын бірге қабылдайды. 
Осындай гидроэлектрстансаларды 
арналық 
деп аталынады
Ал 
бөгет қасындағы ГЭС-ларда
станса
 
ғимараты плотинаның артында 
орналасады және су қысымын қабылдамайды. 
Бөгеттік сұлба бойынша жасалған ГЭС
-лардың
негізгі құрылымдық 
компоненттері - 
бөгеттер
мен 
ГЭС ғимараттары.
Бөгеттер су қарқынын тудыру мен ағынды реттеу үшін қолданылатын 
гидротораптың негізгі құрылымы болып табылады. 
Бөгеттер қолданылған материалдарға байланысты екі топқа бөлінеді: 
бетонды бөгеттер 
(темір-бетонды) және 
грунттық 
(құм-тас, топырақ).
 
материалдардан жасалған
бөгеттер.
Жотасы арқылы тасыған судың ағуы қарастырылмаған бөгеттерді
бітеу
бөгеттер деп атайды.
Егер артық суды төгетін бөгет жотасында арна немесе қабырғасында
тесіктер қарастырылса, онда 
артық су аға алатын бөгеттер деп атайды
.
 
Деривациялық
ГЭС
-лар да 
екі түрге бөлінеді: 
қарқынсыз 
және
 
қарқынды деривациялық



60 
Деривациялық ГЭС-ның құрылымдары 
екі деңгейде орналасады: 
жоғарғы деңгейде – негізгі субергіш құрылым, төменгі деңгейде – стансалық 
құрылым. Бұл құрылымдар өзара құбырлар арқылы жалғасқан.
Қарқынсыз деривация ашық (туннель немесе құбыр түрінде) канал 
түрінде орындалады. Станса маңында канал бітеді де, одан қарқындық 
бассейнге өтеді, содан су турбиналық құбырлар арқылы ГЭС ғимаратында 
орналасқан турбинаға түседі, одан әрі пайдаланылған су шығу каналы 
арқылы өзен арнасында құйылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет