52
3) Ауа ағынының қолданылатын бөлігінің мөлшері дөңгелектің
мөлшерімен салыстырғанда аз болғандықтан орнатылған қуат бірлігіне
қатысты алғанда желдік қозғалтқыштың салмағы үлкен болады.
Карусельді жел қозғалтқыштарының бір артықшылығы - олардың өз
орналасу қалпын өзгертпей, желдің кез келген бағытында жұмыс істей
алатындығында. Савониус жүйесінің роторлы жел қозғалтқыштарының жел
энергиясын пайдалану коэффициенттерінің мәні ең жоғары - 18 % жетеді.
Карусельді жел қозғалтқыштарының кемшілігі баяу жүрдектігі болып
саналады және бұл қарапайым электр сұлбаларын қолдануға мүмкіндік
береді. Алайда, баяу жүрдектік аз айналымдық жылдамдықта жұмыс істейтін
көп полюсті генераторды қолдануды қажет етеді.
Карусельді қалақшалы жел қозғалтқыштарын эксплуатациялау жеңіл
және жел қозғалтқышын іске қосу кезінде максимал моментті және жұмыс
кезінде максимал айналу жылдамдығының өздігінен реттелуін қамтамасыз
етеді. Жүктеменің артуына байланысты айналу жылдамдығы азаяды және
толық тоқтағанша айналу моменті артады. Карусельді жел қозғалтқышының
айналу моменті айтарлықтай үлкен.
Қанатты жел қозғалтқыштарында жоғарыда аталған, карусельді және
барабанды жел қозғалтқыштарына тән кемшіліктер болмайды. Бұл жел
қозғалтқыштарының басты артықшылықтары:
- жақсы аэродинамикалық қасиеттері;
- үлкен қуат алуға болатын құрылымдық мүмкіндіктері;
- қуат бірлігіне қатысты алғанда салмағының жеңіл болуы.
Қанатты жел қозғалтқыштарын коммерциялық қолдану 1980 жылдан
басталады. Соңғы 14 жылда жел қозғалтқыштарының қуаты 100 есеге артты.
1980 жылдың басында бір қондырғының роторының диаметрі 20 м жетсе, ал
қуаты 20 кВт...60 кВт болса, 2003 жылы ротор диаметрі 100 м, ал қуаты 5000
кВт дейін жетті.
Қанатты жел қозғалтқыштарының қалақшаларының саны әртүрлі болуы
мүмкін. Олар ең жоғары тиімділікке ауа ағыны қанат қалақшаларының айналу
жазықтығына перпендикуляр болған кезде жетеді. Осы мақсатта айналу
білігін
автоматты
бұру
үшін
арнаулы
қондырғы
–
қанатты
тұрақтандырғыштар қолданылады.
Қанатты жел қозғалтқыштарының жел энергиясын пайдалану
коэффициенті карусельді жел қозғалтқыштарына қарағанда әлдеқайда
жоғары. Қанатты жел агрегаттарының кең көлемде таралуы оның айналу
жылдамдығының жоғарылығымен түсіндіріледі.
Жылдамдық қанат санына кері пропорционал, сондықтан қалақшалары
үштен көп агрегаттар іс жүзінде қолданылмайды. Олар генераторға тікелей
жалғанады.
ЖЭҚ-ды топқа бөлу үшін қолданылатын негізгі белгілілерді келесідей
критерийлер бойынша анықтауға болады:
1) Егер желдік дөңгелектің айналмалы білігі ағынға паралель болса,
онда ол қондырғы
Достарыңызбен бөлісу: