И. Т. Алдибеков


Толқын энергиясын пайдалану



Pdf көрінісі
бет44/54
Дата04.10.2023
өлшемі2,7 Mb.
#183636
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54
Байланысты:
OIpfmz5UdRAokhv7ETqW2tM9cLGBYN
Садыкова Т.М.Философия пәнінен билет сұрақтары
6.4 Толқын энергиясын пайдалану 
 
Эдинбург университетінің профессоры Стефан Солтер ұсынған және 
соның құрметіне «Солтер үйрегі» деп аталатын «тербермелі қанат» типті 
түрлендіргішті қарастырайық. Түрлендіргіштің бұл пішіні максималды қуат
өндіруді қамтамасыз етеді (6.5 сурет). 
Сол жақтан түскен толқындар «үйректің» тербелуін тудырады. Қарама 
қарсы беттің цилиндрлі пішіні «үйрек» білікті айнала тербелгенде оң жаққа 
толқындардың таралмауын қамтамасыз етеді. Толқын энергиясының аз ғана 
мөлшерін шағылыстырып және өткізе отырып (5% шамасында), бұл қондырғы
толқын энергиясын жоғары тиімділікпен түрлендіруді қамтамасыз етеді.
1977 жылы жүргізілген тәжірибелер алғашқы ағылшындық толқынды 
электр стансасында қолданылған мұхиттық түрлендіргіштің жұмыстық 
моделінің (жалпы массасы 16 т болатын 20 метрлік «қанаттардан» тұратын
50 метрлік гирлянда) ПӘК 50 % шамасында болатындығын көрсетті.
«Солтер үйрегінің» 
негізгі кемшілігі:
- генератор жетегіне баяу тербелмелі қозғалыс берілетіндігі
- едеуір тереңдікке орналасқан, қалқымалы, ұзын қондырғыдан қуат алу 
қажеттілігі; 
- толқындардың бағытына тербелмелі жүйе өте сезімтал болғандықтан
түрлендірудің ПӘК жоғары болу үшін толқындардың бағытының
өзгерісін бақылаудың қажеттілігі; 
- «үйректің» беттерінің пішінінің күрделі болуына байланысты оны 
құрастырудың және монтаждаудың қиынырақ болуы. 
Келесі түрлендіргіш – Коккерелланың
контурлық салы 
– шарнирлі 


82 
жалғанған секциялардан тұратын көп буынды жүйе (6.6 сурет).
Бұл қондырғы да «Үйрек» қондырғы сияқты толқынның бағытына 
перпендикуляр орналасады және толқын профилін бақылайды.
1:100 масштаб бойынша жасалған салдың моделін зерттеу нәтижелері 
қондырғының тиімділігі 45 % болатындығын көрсетті. Бұл «Солтер үйрегінің»
тиімділігінен де төмен көрсеткіш. Бірақ бұл қондырғының қызықтыратын 
негізгі ерекшелігі - оның құрылымының дәстүрлі кеме құрылымымен 
жақындығы.
Тербелмелі су бағандарының энергиясын қолданатын түрлендіргіш 
келесідей принцип бойынша жұмыс жасайды (6.7 сурет). Бағананың ішінара 
суға батырылған ашық бөлігінің толқындармен қақтығыс кезінде бағана 
қуысындағы су деңгейі тербеледі де, одан жоғары кеңістікте газ қысымының 
өзгерісін тудырады. Бағананың жоғары қуысы (кеңістігі) атмосферамен
турбиналар арқылы байланыстырылған. Газ ағындарын турбиналар арқылы 
бір бағытта өтетіндей қылып реттейді немесе Уэлс турбинасы қолданылады. 
Қазіргі кезде осы принцип бойынша жұмыс істейтін екі қондырғы белгілі: 
Жапонияда және Ұлыбританияда жасалған сигналдық буилар. 
Тербелмелі су бағаналар принципіне негізделген қондырғылардың 
негізгі артықшылығы - 
каналдың кіріс қимасын кішірейту арқылы турбина 
арқылы өтетін ауаның жылдамдығын өзгертуге болатындығында. 
Бұл жоғары жиілікті турбинаның айналысын баяу толқындық ағыспен 
сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, бұл сұлбада генераторлық қондырғыны тұзды теңіз 
суының тікелей әсерінен қорғауға мүмкіндік туады.
 
6.5 сурет - «Солтера үйрегі» - 
толқын энергиясын түрлендіргіш 
сұлбасы 
 
1 – тербелмелі бөлік; 2 – түрлендіргіш;
3 –тартқыш; 4 – шарнир. 
6.6 сурет - Коккерелланың
контурлық салы 


83 
1- бағанадағы су деңгейін толқынның көтеруі; 2- ауа ағысы; 3- турбина; 
4-ауаны шығару; 5-толқын бағыты; 6- деңгейдің төмендеуі; 7-ауаны сору. 
6.7 сурет –Тербелмелі су бағаны принципін 
қолданатын қондырғының сұлбасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет