76
1 – скважина; 2 – бак-аккумулятор; 3 – кеңейткіш; 4 – ыстық суға арналған сорғыш;
5 – вакуумдық турбина, 750 кВт; 6 – генератор; 7 – араластырғыш- конденсатор;
8 – сорғыш; 9 – желдеткіштік салқындатқыш; 10 – вакуумдық сорғыш.
5.6 сурет – Желдеткіші бар вакуумдық ГеоЖЭС-ның сұлбасы
Скважинадағы 1 ыстық су бак-аккумуляторға 2 келеді. Бактағы су
құрамындағы газдардан тазаланып, қысымы 0,3 атм болатын кеңейткішке 3
бағытталады. Дәл осы қысымда және 69
0
С судың біраз мөлшері буға
айналады да, вакуумдық турбинаға 5 бағытталады, ал судың қалған бөлігі
сорғыш 4 арқылы жылу жүйесіне жіберіледі. Турбинада жұмыс істеп шыққан
бу араластырғыш-конденсаторға 7 түседі. Конденсатордағы ауаны кетіру
үшін вакуумдық сорғыш 10 қарастырылған. Салқындатылатын су мен бу
конденсатының қоспасы конденсатордан сорғыш 8 көмегімен шығады да,
салқындату
үшін
желдеткіштік
салқындатқышқа
9
жіберіледі.
Салқындатылған су конденсаторға өзі ағып келеді.
Петропавловск-Камчатск өндірістік ауданын электрмен қамтамасыз
етуге арналған, қуаты 12 МВт (3х4 МВт) Верхне-Мутновск ГеоЖЭС-сын
вакуумдық ГеоЖЭС-ларға мысал ретінде атауға болады.
Бақылау сұрақтары
1. Жер қыртысы арқылы өтетін орташа геотермальдық жылу ағыны
және температуралық градиент неге тең? Геотермиялық саты деген не?
2. Геотермальды аудандарды
қандай кластарға бөледі? Олардың
температуралық градиенттері қандай?
3. Геотермальдық энергияны жылумен қамтамасыз ету жүйелерінде
қолдану қалай жүзеге асырылады? Қондырғылардың жұмысына түсініктеме
беріңіз.
4. Геотермальдық энергияны электр энергиясын өндіруге пайдалану
қалай жүзеге асырылады? Қондырғылардың жұмысына түсініктеме беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: