90
Этанолдың ерекшелігі
– жарылыссыз ауыр жүктемеге төтеп бере
алатындығы,
сондықтан
атмосфераға
ауқымды
залал
келтіретін
тетроэтилқорғасыннан да тиімдірек. Этанолдың отын ретінде өте жақсы
қасиеті - бензинмен салыстырғанда двигатель қуатының 20 % өсуін
қамтамасыз етуі.
Бразилиядағы 600 жуық зауыт жылына 16,5 миллиард литр этанол
өндіреді. Соңғы ширек ғасырда әлем бойынша этанол өндірісі 8 есеге көбейді.
Кейбір қолайлы жағдайларда этанолдың отын ретіндегі бағасы бензин
бағасымен шамалас болады.
Биодизель -
бұл өсімдік пен жануар майларының эфирі, ол метил немесе
этил спиртінің маймен химиялық реакцияға түскенде түзіледі.
Кез келген өндіріс пен фермерлік шаруашылық жағдайында биодизель
өндіру өте қарапайым және қол жетімді. Еуропада оның шикізаты ретінде
рапс, ал АҚШ пен Оңтүстік Америкада соя қолданады. Кез келген өсімдік
майы биоотын үшін бастапқы шикізат бола алады. Биоотын майдағы
глицеринді спиртпен айырбастаған кезде пайда болады. Бір тонна өсімдік
майынан 111 кг спирт және 970 кг (1100 л) биодизель, 153 кг глицерин
алынады.
Достарыңызбен бөлісу: