И. Т. Алдибеков


Мұхит (теңіз) деңгейінің периодты көтерілуі мен төмендеуінен



Pdf көрінісі
бет42/54
Дата04.10.2023
өлшемі2,7 Mb.
#183636
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54
Байланысты:
OIpfmz5UdRAokhv7ETqW2tM9cLGBYN

6.2 Мұхит (теңіз) деңгейінің периодты көтерілуі мен төмендеуінен 
туындайтын су ағынының энергиясын қолдану 

Керемет қуатты табиғи құбылысты – м


ұхит (теңіз)
деңгейінің периодты 
өзгеруін (
көтерілуімен мен төмендеуін
) Жер мен Күннің, Жер мен Айдың
арасындағы тартылыс күштері тудырады. Соның нәтижесінде периодты түрде 
құрлық жағалауына бағытталған (прилив) және кері бағытталған (отлив) 
судың ағындары (тартылыстық су ағындары) пайда болады. Бұл үрдіс 6 сағ 12 
мин 30 сек қайталанады. Егер Ай, Күн және Жер бір сызықтың бойында 
болған жағдайда, Айдың тарту күшіне Күннің тарту күші қосылады да, теңіз 
суы деңгейінің 
қатты көтерілуін, 
яғни
күшті
тартылыстық су ағындарын 
тудырады. Күн Жер-Ай сызығына тікбұрыш жасап орналасса, 
әлсіз 
тартылыстық су ағындары орын алады. Бұл жағдай 7 күн сайын кезектесіп 
отырады. Бір көтерілуден келесі көтерілуге дейін, яғни көтерілу-төмендеудің 
бір циклында максимал мүмкін қуат мына теңдеумен өрнектеледі: 
W=

gSR
2
,
(6.1) 

– судың тығыздығы; 
g
–ауырлық күшінің үдеуі; 
S
– бассейннің 
ауданы; 
R
–толысу кезіндегі деңгейдің айырмашылығы. 
Су көтерілуінен пайда болған ағыс энергиясын түрлендіретін 
қондырғының қазіргі заманға сай үлгісі 6.3 суретте көрсетілген.

6.3 сурет – Су көтерілуінен пайда болған ағыс энергиясын 
қолдануға негізделген электрстансаның сұлбасы 


80 
Мұндай қондырғының 1 кВт шаққандағы күрделі шығыны айтарлықтай 
жоғары. Теңіз суы деңгейінің көтерілуі-төмендеуіне негізделген, қуаты 635 
кВт алғашқы электр стансасы Ливерпуль жанындағы Ди шығанағында 1913 
жылы салынған. 1967 жылдан бастап Францияда Ранс өзенінің жанында
көтерілу биіктігі 13 м, қуаты 240 мың кВт, жылына 540 мың кВт∙сағ энергия 
өндіретін электр станса жұмыс жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет