82
жалғанған секциялардан тұратын көп буынды жүйе (6.6 сурет).
Бұл қондырғы да «Үйрек» қондырғы
сияқты толқынның бағытына
перпендикуляр орналасады және толқын профилін бақылайды.
1:100 масштаб бойынша жасалған салдың моделін зерттеу нәтижелері
қондырғының тиімділігі 45 % болатындығын көрсетті. Бұл «Солтер үйрегінің»
тиімділігінен де төмен көрсеткіш. Бірақ бұл қондырғының қызықтыратын
негізгі ерекшелігі - оның құрылымының дәстүрлі кеме құрылымымен
жақындығы.
Тербелмелі су бағандарының энергиясын қолданатын түрлендіргіш
келесідей принцип бойынша жұмыс жасайды (6.7 сурет).
Бағананың ішінара
суға батырылған ашық бөлігінің толқындармен қақтығыс кезінде бағана
қуысындағы су деңгейі тербеледі де, одан жоғары кеңістікте газ қысымының
өзгерісін тудырады. Бағананың жоғары қуысы (кеңістігі)
атмосферамен
турбиналар арқылы байланыстырылған. Газ ағындарын турбиналар арқылы
бір бағытта өтетіндей қылып реттейді немесе Уэлс турбинасы қолданылады.
Қазіргі кезде осы принцип бойынша жұмыс істейтін екі қондырғы белгілі:
Жапонияда және Ұлыбританияда жасалған сигналдық буилар.
Тербелмелі су бағаналар принципіне негізделген қондырғылардың
негізгі артықшылығы -
каналдың кіріс қимасын
кішірейту арқылы турбина
арқылы өтетін ауаның жылдамдығын өзгертуге болатындығында.
Бұл жоғары жиілікті турбинаның айналысын баяу толқындық ағыспен
сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, бұл сұлбада генераторлық қондырғыны тұзды теңіз
суының тікелей әсерінен қорғауға мүмкіндік туады.
6.5 сурет - «Солтера үйрегі» -
толқын энергиясын түрлендіргіш
сұлбасы
1 – тербелмелі бөлік; 2 – түрлендіргіш;
3 –тартқыш; 4 – шарнир.
6.6 сурет - Коккерелланың
контурлық салы
83
1- бағанадағы су деңгейін толқынның көтеруі; 2- ауа ағысы; 3- турбина;
4-ауаны шығару; 5-толқын бағыты; 6- деңгейдің төмендеуі; 7-ауаны сору.
6.7 сурет –Тербелмелі су бағаны
принципін
қолданатын қондырғының сұлбасы
Достарыңызбен бөлісу: